ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20275 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20392 болып тіркелген, 2020 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |