Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.05.2020 № 187 (01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20275 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттарды беруді тоқтатсын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттар беруді Қағидаларға сәйкес жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті фитосанитариялық және (немесе) ветеринариялық сертификаттары (тауарлардың бақылануына қарай) болған жағдайда ғана осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асырсын.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қыркүйекте қолданылуын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар тізбесі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауар атауы* |
1008 1000 09 | Қарақұмық |
1701 99 | Ақ қант |
0701 | Картоп, тұқымдық картопты қоспағанда СЭҚ ТН коды 0701 10 000 0 |
1206 | Күнбағыс тұқымдары, ұнтақталған немесе ұнтақталмалған |
1512 11 910 1-ден** | Шикі күнбағыс майы, тазартылған бастапқы орамдарда көлемі 10 литр және одан кем |
1512 11 910 9** | Шикі күнбағыс майы, тазартылған бастапқы орамдарда көлемі 10 литрден асатын |
1103 1990 09 | Қарақұмық жармасы |
Ескертпе:
* Тыйым салуды және сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға қолайлы болу үшін келтірілген;
** Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен (ЕАЭО СЭҚ ТН) және тауарлардың атауымен анықталады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға сандық шектеулер енгізілетін тауарлар тізбесі (квоталар)
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауар атауы* |
1101 00 | Бидай немесе қара бидай ұны |
1001 99 000 0 | Жұмсақ бидай және меслин |
0701 1000 00 | Тұқымдық картоп |
1512 11 910 1**-ден | Шикі күнбағыс майы, тазартылмаған бастапқы орамдарда көлемі 10 литр және одан кем |
1512 11 910 9**-ден | Шикі күнбағыс майы, тазартылмаған бастапқы орамдарда көлемі 10 литрден асатын |
Ескертпе:
* Тыйым салуды және сандық шектеулерді (квоталарды) қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға қолайлы болу үшін келтірілген;
** Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен (ЕАЭО СЭҚ ТН) және тауарлардың атауымен анықталады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығына 3-қосымша |
Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тауар – бидай немесе қара бидай ұны: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН): ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 1101 00; жұмсақ бидай және меслин: ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 1001 99 000 0; тұқымдық картоп: ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 0701 1000 00; шикі күнбағыс майы, тазартылмаған бастапқы орамдарда көлемі 10 литр және одан кем: ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 1512 11 910 1; шикі күнбағыс майы, тазартылмаған бастапқы орамадарда көлемі 10 литрден асатын: ЕАЭО СЭҚ ТН коды –1512 11 910 9;
2) жауапты бөлімше – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті;
3) мүдделі тұлғалар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
4) есепті ай – тауарларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруды жүзеге асыру жоспарланып отырған күнтізбелік ай.
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу тәртібі
3. Ай сайын, есепті ай басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО), "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – ҚАО), "Қазақстанның астық өңдеушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – ҚАӨО), "Қазақстанның май одағы" Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – ҚМОҚ) және "Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілерінің одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – ҚККӨО) жауапты бөлімшеге тауардың әрбір түрі бойынша жеке-жеке жоспарланып отырған өндіріс, тұтыну көлемдері, қорлар мен экспорттың бар-жоғы туралы шоғырландырылған ақпарат ұсынады.
4. Ай сайын, есепті ай басталғанға дейін 12 (он екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты бөлімше ЖАО және ҚАО, ҚАӨО, ҚМОҚ, ҚККҚО немесе өзге де ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) ұсыныстары негізінде өндіріс, тұтыну балансын, қорлардың болуын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурс) тауарлардың әрбір түрі бойынша мынадай ақпаратты есептейді және жариялайды:
1) бөлуге жататын квота көлемі;
2) бөлуге жататын тауарлар экспортының шекті көлеміне пайыздық қатынаста көрсетілген бір өтінімге арналған лимит (белгіленген кезде);
3) тіркелген бағаны көрсете отырып, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына кепілдік берілген жеткізілімдердің көлемі (белгіленген кезде);
4) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
5) тауарларды шығаруға арналған квотаны алуға өтінім нысаны;
6) өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымның электрондық мекен-жайы мен байланыс телефоны.
Өтінімдерді қабылдауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар ҚАО, ҚАӨО, ҚМОҚ, ҚККӨО болып табылады. Орынды болған жағдайда жауапты бөлімше квота алуға өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру үшін өзге ұйымды анықтай алады.
3. Квоталарды бөлу тәртібі
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тауарларды шығаруға квоталар бөлуге қатысу үшін мүдделі тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) ай сайын, есепті айдың басына дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚАО-ға бидай, ҚАӨО-ға ұн, ҚМОҚ-ға тазартылмаған күнбағыс майы және ҚККӨО-ға тұқымдық картоп шығаруға квота алуға арналған өтінімдер береді.
Өтінім нысаны интернет-ресурста жарияланады.
6. ҚАО, ҚАӨО, ҚМОҚ, ҚККҚО және (немесе) өзге де ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) алынған өтінімдерді олардың толық толтырылуы (өтінім нысанында көзделген барлық қажетті ақпарат пен құжаттардың, сондай-ақ өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда өтініш берушінің бірінші басшысының не өкілеттігін растайтын тиісті құжат негізінде өзге лауазымды адам қолының, сондай-ақ өтініш берушінің мөр таңбасы болуы) тұрғысынан тексереді.
Тауарларды шығаруға квота бөлуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және қарау осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес түзетілген өтінім беруді қоспағанда, белгіленген нысанға сәйкес келмейтін, толық емес немесе дұрыс емес ақпараты бар, сондай-ақ белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды.
7. Бидайды қоспағанда, тауарлар шығаруға квота бөлуге өтінім берушілер шығаруға жоспарланып отырған ұқсас тауарлардың белгілі бір көлемін (олар белгіленген жағдайда) ішкі нарыққа белгіленген бағалармен (олар белгіленген жағдайда) кепілдендірілген түрде жеткізу туралы міндеттемелер қабылдаған жағдайда жіберіледі.
Өтініш берушілерге интернет-ресурста көрсетілетін өзге де талаптар қойылуы мүмкін.
8. Бидай шығаруға квота бөлуге мынадай шарттарға сәйкес келетін өтінім берушілер жіберіледі:
1) ішкі нарыққа бидайдың белгілі бір көлемін белгіленген бағамен кепілдендірілген түрде жеткізу туралы міндеттемелер қабылдау;
2) өтінім берілген күнге Электрондық астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – ЭАҚҰМТ) жүйесінен үзінді-көшірмемен расталған, ішкі нарыққа кепілдендірілген жеткізілімдер көлемін қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде бидайдың болуы;
Өтініш берушінің тізбесі мен нысанын жауапты бөлімше белгілейтін және интернет-ресурста жарияланатын өзге де құжаттарды ұсыну арқылы әкетуге жоспарланған бидай көлемінің бар екендігін растауына жол беріледі;
3) осындай жеткізілім көлемін көрсете отырып, ішкі нарыққа тиеп-жөнелтуді жоспарланып отырған лицензияланған элеватор (-лар) туралы ақпарат беру;
4) "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "Азық-түлік корпорациясы" ҰҚ" АҚ) бидай кепілі туралы тапсырма шартын және шарт жасасу арқылы ішкі нарыққа кепілді жеткізу үшін ауыртпалық салынған сәттен бастап күнтізбелік бір ай мерзімге бидай көлеміне ауыртпалық салуға өтініш берушінің келісуі және ЭАҚҰМТ жүйесінде ауыртпалық салуға арналған тиісті бұйрықты (өтінішті) рәсімдеу.
9. Уәкілетті ұйымдар жауапты бөлімше белгілеген тауарлар шығаруға квоталар көлемін өтініш берушілер арасында мынадай алгоритм бойынша бөледі:
1) жоспарланып отырған айға тауарлар шығаруға квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;
2) әрбір өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;
3) егер, жалпы мәлімделген көлем жауапты бөлімше белгілеген квота көлемінен асып кетсе, әрбір өтінім беруші үшін квота көлемі жалпы мәлімделген көлемдегі оның үлесіне барабар мынадай формула бойынша есептеледі:
V * Uz = Vz, |
мұнда:
V – жауапты бөлімше белгілеген квота көлемі, тонна;
Uz – экспорттың жалпы мәлімделген көлеміндегі өтініш берушінің үлес салмағы, %;
Vz – өтініш беруші квотасының көлемі, тонна.
4) егер жалпы мәлімделген көлем жауапты бөлімше белгілеген квота көлемінен аз болса, квота берілген өтінімдерге сәйкес өтінім берушілер арасында бөлінеді, ал бөлінбеген қалдық – жоғарыда көрсетілген формулаға сәйкес өтінім берушілер арасында бөлінеді.
Қосымша көлемді бөлу әрбір өтініш берушімен келісіледі және келісілген жағдайда өтініш беруші уәкілетті ұйымның электрондық почтасынан тиісті ақпаратты жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде түзетілген өтінімді жібереді.
10. Әр өтініш беруші үшін тауардың ішкі нарыққа арналған кепілдендірілген жеткізу көлемін жауапты бөлімше аталған тауар үшін ішкі нарыққа кепілдендірілген жеткізудің жалпы көлеміне және өтініш берушінің жалпы мәлімделген көлеміндегі үлес салмағына қарай анықтайды.
11. Уәкілетті ұйымдар ай сайын есепті ай басталғанға дейін 4 (төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты бөлімшенің атына тауардың атауын, бөлінген квоталардың көлемін және тиеп жөнелту орнын көрсете отырып, тауарды шығаруға квота алуға үміткер өтініш берушілердің жиынтық тізбесін электрондық почта арқылы жібереді.
Жиынтық тізбенің нысаны интернет-ресурста жарияланады.
Уәкілетті ұйымдар жауапты бөлімшенің талабы бойынша тауарды шығаруға квота алуға үміткер өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастыруға байланысты кез келген ақпаратты ұсынады.
12. Жауапты бөлімше уәкілетті ұйымдардың және "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы "ҰК" АҚ-ның өтініш берушілердің осы Қағидалардың талаптарын орындауы туралы деректері негізінде интернет-ресурста тауардың атауын, бөлінген квоталардың көлемдерін және тиеп-жөнелту орнын көрсете отырып, тауарды шығаруға квота алған өтініш берушілердің жиынтық тізбесін жариялайды.
Өтініш берушілердің жиынтық тізбесі өтініш берушілердің осы Қағиданың талаптарын орындауына қарай толықтырылуы мүмкін.
12. Жауапты бөлім уәкілетті ұйымдар мен "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ның мәліметтері негізінде өтініш берушілердің осы Қағидалардың талаптарын орындағаны туралы мәліметтер негізінде интернет-ресурста тауарлардың экспорты үшін квотаны алған өтінім берушілердің жиынтық тізімін, тауарлардың атауын, бөлінген квоталар көлемін және тиеу орнын көрсетеді.
Өтініш берушілердің жиынтық тізімі өтініш берушілер осы Қағидалардың талаптарын орындаған кезде толықтырылуы мүмкін.
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес тиісті айға тауарды шығаруға арналған квотаның өтініш беруші алған көлемін, сондай-ақ тиеп-жөнелту орындары мен көлемін ескере отырып, тиісті айға тауар шығаруға арналған квота алған өтініш берушілердің жауапты бөлімше жарияланған жиынтық тізбесіне енгізілген өтініш берушілерге ғана фитосанитариялық сертификат береді.
Фитосанитариялық сертификат 1512 11 910 1-ден СЭҚ ТН коды бойынша шикі күнбағыс майы, тазартылмаған бастапқы орамдарда көлемі 10 литр және одан кем және 1512 11 910 9-ден СЭҚ ТН коды бойынша шикі күнбағыс майы, тазартылмаған бастапқы орамадарда көлемі 10 литрден асатын тауарларды қоспағанда, осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға беріледі.
Жұмсақ бидай мен меслинді шығаруға фитосанитариялық сертификат алуға өтінім берген кезде өтініш беруші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 4-1/364 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11881 тіркелген) Астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға сәйкес берілген астық сапасының паспортын ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ тиісті айға тауарды шығаруға өтініш беруші алған квотаның көлемінен артық өтінім берген және тауардың атауы, тиеп-жөнелту орны мен көлемі сәйкес келмеген жағдайларда фитосанитариялық сертификат беруден бас тартады.
14. Қазақстан Республикасының аумағынан бидайды жемшөптік мақсаттарға (5-сыныпты бидай және сыныпты емес бидай) әкету тауарлар экспортына рұқсат (үшінші елдерге әкету кезінде), ветеринарлық және фитосанитарлық сертификаттар болған жағдайда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау және агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті аумақтық бөлімшелері күн сайын тауарлар экспортына берілген рұқсаттар (үшінші елдерге әкету кезінде), ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттар туралы ақпарат алмасады.
15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды (үшінші елдерге шығару кезінде), Қазақстан Республикасының аумағынан бидайды жемшөптік мақсаттарға (5-сыныпты бидай және сыныпты емес бидай) шығаруға ветеринариялық сертификатты (бұрын берілген тауарлар экспортына арналған рұқсатнамаларды қоса алғанда) тиісті айға тауарды шығаруға арналған квотаның өтініш беруші алған көлемін, сондай-ақ тиеп-жөнелту орындары мен көлемін ескере отырып, тиісті айға тауар шығаруға арналған квота алған өтініш берушілердің жауапты бөлімше жарияланған жиынтық тізбесіне енгізілген өтініш берушілерге ғана фитосанитариялық сертификат береді.
Жемшөптік мақсаттар үшін бидайға (5-сыныпты бидай және сынып емес бидай) ветеринариялық сертификат беру астық сапасын қайта бекіткеннен кейін, Бұйрыққа сәйкес астық сапасын сараптау жөніндегі зертханаларда астық сапасына қайта сараптама жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте, астық сапасына қайта сараптама жүргізуге байланысты шығындар оның жемдік астық сапасының паспортына сәйкестігін қайта бекіту үшін өтініш берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда жемдік мақсаттарға арналған бидайға (5-сыныпты бидай және сыныпты емес бидай), сондай-ақ өтініш беруші алған тауарды тиісті айға әкетуге арналған квота көлемінен артық өтінім берген жағдайда және қайта сараптама жүргізу нәтижелері бойынша жемдік мақсаттарға бидай (5-сыныпты бидай және сыныпты емес бидай) ретінде астық сапасы қайта бекітілмеген, тиеп-жөнелту орны мен көлемі сәйкес келмеген жағдайда ветеринариялық сертификат беруден бас тартады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері күн сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне өтініш берушілер бөлінісінде астықтың атауын, көлемін және жемдік мақсаттарға (5-сыныпты бидай және сыныпты емес бидай) тиеп-жөнелту орнын көрсете отырып, берілген ветеринариялық сертификаттар туралы ақпарат береді.
16. "Азық-түлік корпорациясы" ҰҚ" АҚ:
1) ЭАҚҰМТ жүйесінде бидайды қолда бар екендігі туралы өтініш берушілердің деректерін салыстырып тексеруді жүзеге асырады және ҚАО-мен бірлесіп расталған жағдайда бидайдың бар екенін растайтын өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастырады.
Тізбенің нысаны интернет-ресурста жарияланады.
2) жауапты бөлімшеге және ҚАО-ға бидайдың бар екенін растайтын мүдделі тұлғалардың (өтініш берушілердің) жиынтық тізбесін жібереді;
3) бидайдың бар екенін растайтын өтініш берушілердің жиынтық тізбесіне енгізілген әрбір өтініш берушімен тиісті айға тапсырма шартын және бидай кепілі туралы шарт жасасады;
Бидай кепілі туралы шарт көрсетілген шарт жасалған сәттен бастап бір ай ішінде қолданылады;
4) кепіл туралы шарт және тапсырма шарты, сондай-ақ өтініш берушінің бұйрығы (өтініші) негізінде бидай ауыртпалығын рәсімдейді;
5) бидайды ауыртпалық салған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ЭАҚҰМТ жүйесінде бидайды шығаруға квота алуға үміткер өтініш берушілердің жиынтық тізбесін ҚАО-мен бірлесіп қалыптастырады және тиісті ақпаратты жауапты бөлімшеге және ҚАО-ға жібереді.;
6) өтініш берушілердің бидай ауыртпалығы бойынша өз міндеттемелерін орындауына қарай бидайды шығаруға квота алуға үміткер өтініш берушілердің жиынтық тізбесін өзектендіреді және жауапты бөлімшеге және ҚАО-ға жедел ұсынады;
7) бидай ауыртпалығы мерзімі аяқталғанға дейін жауапты бөлімшеге, ҚАО-ға және экспорттаушыға ағымдағы күні өзекті сатып алушылар мен сатушылардың тізбесін ұсынады. Тізбе жауапты бөлімшеден алынған сатып алушылар туралы ақпарат негізінде қалыптастырылады.
Тізбенің нысаны интернет-ресурста жарияланады.
17. Мүдделі тұлға (өтінім беруші) экспортқа құқық алуға үміткер мүдделі тұлғалардың (өтінім берушілердің) жиынтық тізбесіне оны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бас тартқан жағдайда, тапсырма шартын, кепіл шартын жасасудан және (немесе) ЭАҚҰМТ жүйесінде бидай ауыртпалығын бастамашылық етуге осындай мүдделі тұлға (өтінім беруші) квотасының белгіленген көлемі осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес барлық көзделген талаптарды орындаған басқа мүдделі тұлғалар (өтінім берушілер) арасында қайта бөлінеді.
18. Ағымдағы айда экспортқа жөнелтілмеген және экспортқа квотадан алынған бидай қалдықтары келесі айдың 10 күнтізбелік күні ішінде жөнелтілуі мүмкін.
4-тарау. Ішкі нарыққа кепілдік берілген жеткізілімдерге жататын тауарларды сатып алу тәртібі
19. Тауарлардың кепілдік берілген көлемін сатып алушылардың тізімін ҚАӨО, әкімдіктер және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындайды.
20. Бидайдың кепілдендірілген көлемін экспорттаушы EXW (ИНКОТЕРМС 2020) шарттарында ауыртпалық салынған бидай көлемі шегінде тиісті айға арналған бекітілген баға бойынша ішкі нарыққа, желілік лицензияланған элеваторға өткізуді жүзеге асырады.
21. Сатып алушы күнтізбелік ай ішінде өтініш берушімен сатып алу-сату шартын жасасуға не ағымдағы ай аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіні бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Сатып алу-сату шартының нысаны интернет-ресурста орналастырылады.
Бұл ретте, өткізілген бидайды ЭАҚҰМТ жүйесінде сатып алушыға ресімдеу сатып алушы бидайды сатып алу-сату шартына сәйкес ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
22. Егер сатып алушы белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартын жасаспаса, көлемді сатып алудан, сатып алынбаған қалдықтардан бас тартса, өтінім беруші кепілдендірілген көлемді немесе сатып алынбаған қалдықтарды өз қалауы бойынша ішкі нарықта өткізеді. Бұл ретте, бидай одан әрі өңдеу үшін ішкі нарыққа өткізіледі.
Азық-түлік корпорациясы ЭАҚҰМТ жүйесіндегі бидай қалдықтарына салынған ауыртпалықты ауыртпалық белгіленгеннен бастап күнтізбелік ай өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде алып тастайды.
Өтінім берушілер кепілдік берілген көлемді іске асырғаннан кейін бұл туралы өтінім берілген уәкілетті ұйымды сатып алушы туралы ақпаратты қоса бере отырып хабардар етеді. Хабарлама нысаны интернет-ресурста орналастырылады.
23. Осы Қағидаларда көзделген қабылданған міндеттемелерді орындамауға жол берген өтініш берушілер квоталарды бөлуге одан әрі жіберілмейді.
5-тарау. Өтініш берушілерге қосымша талаптар
24. Еуропалық Одақ, АҚШ немесе ҚХР елдеріне органикалық бидайды шығаруға квота алуға өтінім берген кезде өтініш беруші СҚА-ғатшетелдік үлгінің сәйкестігін растау саласындағы құжатты (сертификатты) ұсынады.
25. Тұқымдық картопты әкетуге арналған квотаны алуға өтінім берген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) сәйкес берілген аттестаттау туралы куәлікті ҚККӨО-ға ұсынады.
6-тарау. Өтпелі ережелер
26. 2020 жылғы сәуірге арналған тауарларды шығаруға квоталар көлемдерін есептеу мен бөлуді осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде ЖАО мен уәкілетті ұйымдардың ұсыныстары негізінде жауапты бөлімше жүзеге асырады.