"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 439 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 маусымда № 20793 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кәсіби бейімдеу жұмысының қорытындылары бойынша оқуға түсетін кандидаттардың оқу істері қалыптастырылады.

      Полиция департаментінің, әскери бөлімнің кадр қызметі кандидаттардың қалыптастырылған оқу істерін ІІМ әскери оқу орындарына оқуға түсетін жылдың 20 шілдесіне дейін жібереді.

      Тікелей әскери оқу орнына өтініш жасаған кандидаттың оқуға түсуге арналған оқу ісін (оның ішінде электрондық форматта) әскери оқу орнының кадр қызметі оқуға түсетін жылдың 20 шілдесіне дейін қалыптастырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ІІМ әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген әскери қызметте немесе құқық қорғау органдарында қызметте тұрмайтын адамдар еркін нысанда ІІО аумақтық бөліністерінің, тұрғылықты жері бойынша әскери бөлімдердің немесе ІІМ әскери оқу орындарының кадр қызметтеріне өтініш береді.

      ІІМ әскери оқу орнының ресми интернет-ресурсы арқылы электронды форматта өтініш беруге рұқсат етіледі.

      Өтінішке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ІІМ әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттар (қағаз немесе электронды форматта) қоса беріледі.";

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Әскери қызметшілер мен әскери қызметте болмаған азаматтар қатарынан кандидаттар әскери қызмет өткеру орны (тұрғылықты жері) бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) ҰБТ өткізу пункттерінде немесе базалық жоғары оқу орындарында "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелді) сәйкес екі блок бойынша тапсырады:

      1-блок - Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі);

      2-блок - екі бейіндік пән, кандидат оларды осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары білім беру бағдарламаларының тізбесіне (бұдан әрі - Білім беру бағдарламаларының тізбесі) сәйкес мамандығына қарай өзі таңдайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге енгізілген жаттығулардың барлық түрлерін кандидаттар мынадай реттілікпен екі күнтізбелік күн ішінде орындайды: 100 метрге жүгіру, белтемірге тартылу, 3000 метрге жүгіру.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Егер кандидат 3 жаттығудың қосындысы бойынша кемінде орташа 20 балл жинаса, бұл ретте кемінде 20 балл нәтижесі бар бір жаттығуды орындауға рұқсат беріледі, әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылған болып есептеледі.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау тәртібі";

      37, 38, 39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға "Құқық", "Құқықтану" мамандықтары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жоғары білімі бар азаматтары қабылданады.

      ІІМ арнаулы оқу орындарына қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша оқуға "Құқық", "Құқықтану" мамандықтар бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және қызметшілері қабылданады.

      38. ІІМ арнаулы оқу орындары осы Қағидаларға 1-1-қосымшада көрсетілген Білім беру бағдарламалары тізбесіне сәйкес кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

      39. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар арнаулы оқу орындарының не болмаса тұрғылықты жері бойынша полиция департаменттерінің, көліктегі полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - (К) ПД, ҚАЖД, ТЖД) кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.

      ІІМ арнаулы оқу орындарының ресми интернет-ресурсы арқылы электронды форматта өтініш беруге жол беріледі.

      Өтінішке қоса (қағаз немесе электронды форматта):

      1) жеке куәлігінің көшірмесі;

      2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см бір фотосурет);

      3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;

      4) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі;

      5) "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама ұсынылады.

      40. ІІМ кадр қызметі ІІО аумақтық бөліністері үшін кандидаттарды ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға жіберу бойынша жоспар әзірлейді беріледі.";

      43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Аумақтық ІІО-ның бөліністерінің кадр қызметтері кандидаттардың оқуға қалыптастырылған жеке істерін оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін ІІМ арнаулы оқу орындарына жолдайды.

      Тікелей арнаулы оқу орнына өтінішпен жүгінген оқуға кандидаттың (сондай-ақ электронды форматта) жеке ісін арнаулы оқу орынның кадр қызметі оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін қалыптастырады.

      44. Аумақтық ІІО және ІІМ арнаулы оқу орындарының кадр қызметтері кандидаттарға ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімдері туралы хабарлайды.

      45. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша оқуға кандидаттың жұмыс орны бойынша кадр қызметі оқу істерін қалыптастырады және оқуға қабылдайтын жылдың 1 шілдесіне дейін ІІМ-нің арнаулы оқу орнына жібереді.

      Оқу істерінде:

      1) қызметкердің баянаты (еркін нысанда);

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелді);

      3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);

      4) жеке куәлігінің көшірмесі;

      5) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      6) ҰБТ сертификаты (техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі білімі бар кандидаттарға);

      7) өлшемі 3х4 см алты фотосуреті;

      8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У медициналық анықтаманы қамтиды.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдауды ұйымдастыруды арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы (бұдан әрі - қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.

      Қабылдау комиссиясының құрамы арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және арнаулы оқу орындарының, ПД, ҚАЖД, ТЖД қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнаулы оқу орнының шақыруы бойынша бақылаушы ретінде қатыса алады. ІІМ құрылымдық бөліністерінің өкілдері ІІМ басшылығының тапсырмасы бойынша бақылаушы ретінде қатыса алады.

      Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы болып табылады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді.

      Қабылдау комиссиясының хатшысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 210 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20138 болып тіркелген) арнаулы оқу орнының құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі.

      Қабылдау комиссиясы хатшысының орынбасары және техникалық топтың техникалық хатшылары оқуға түсетін кандидаттардың жеке және оқу істерін ресімдеу және өңдеу үшін тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Қабылдау комиссиясы:

      1) кандидаттардың жеке істерін қарауды жүзеге асырады;

      2) түпкілікті медициналық куәландыруды жүргізеді, кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексереді;

      3) конкурстық тізімдерді және кандидаттарды курсанттар қатарына тіркеу туралы қабылдау комиссиясының хаттамасын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды;

      4) конкурстық іріктеу жүргізеді;

      5) конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша курсанттар қатарына қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      6) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау жасайды және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді;

      7) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды.";

      48-тармақ алынып тасталсын;

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Кандидаттармен ІІМ арнаулы оқу орындарына азаматтар қатарынан оқуға қысқартылған мерзіммен білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығын тексеру және әңгімелесуден тұратын кәсіптік іріктеу жүргізіледі.

      Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша оқуға кандидаттар әңгімелесуден өтеді.

      Әңгімелесу ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы білуін тексеру үшін өткізіледі.

      Қызметтегі ІІО қызметкерлері қатарынан оқуға кандидаттар медициналық куәландырудан және дене шынықтыру дайындығын тексеруден босатылады.";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кандидаттардың мынадай спорттық жаттығу түрлерін орындауын көздейді:

      100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);

      1000 (кросс) метрге жүгіру (қыздар);

      биік белтемірге тартылу (ұлдар);

      1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру (қыздар).

      54. Спорттық жаттығуларды орындау шарттары: 100, 1000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде өткізіледі;

      биік белтемірге тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегін бел темірден асырып, әрбір орындау кезінде қозғалмайтын қалыпта, тартылған қалпы қолдары түзу, аяқтарын жұлқымай және серіппей орындаған кезінде жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылып тұру қалпында орнынан 5 секундтан артық тоқтауға (демалуға) және тартылуды шайқалудан бастауға жол берілмейді;

      денені көтеру арқада жатқан бастапқы қалпынан, қолдың иығына немесе бекітпеге жатып, тізеге шынтағымен жанасқанға дейін (аяқтарды елеусіз бүгуге рұқсат етіледі) дененің алға еңкеюімен, бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен жанасу қажет. Жаттығу 1 минут ішінде тоқтаусыз орындалады.

      Жаттығуды орындауды бұзған жағдайда "саналмасын" командасы беріледі. Егер жаттығу үш реттен артық қате орындалса, кандидат жаттығуды орындаудан шығарылады.";

      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Дене шынықтыру даярлығы нормативтеріне сәйкес енгізілген спорттық жаттығулардың әрбір түрі жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға рұқсат етілмейді, бұл ретте кросс 1000 метрге жүгіру келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.

      58. Биік бел темірден тартылу, арқаға жатып денені көтеру және 100 метрге жүгіру бойынша дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерін орындау үшін біруақытта 3 кандидатқа дейін қатыса алады. 1000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта кемінде 10 адамға дейін қатыса алады.";

      66, 67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау медициналық, дене шынықтыру және кәсіби көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.

      Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша кандидатты курсант қатарына қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді кандидатқа қабылдау комиссиясының отырысында жариялайды.

      67. ҰБТ нәтижелері бойынша ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті балдардың саны № 58 қаулымен белгіленеді.

      68. Арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға қабылдау кәсіби іріктеу нәтижелері жөніндегі конкурс бойынша жүргізіледі.

      Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға арнайы оқу орындарына қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурс арқылы жүргізіледі.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      71. ҰБТ сертификаттарының балдары бiрдей болған жағдайда оқуға қабылдауға мыналардың:

      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары;

      үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;

      кадеттік оқу орындарының, әскери мектеп-интернаттардың негізгі білім беру бағдарламаларын аяқтағаны туралы не болмаса әскери-патриоттық немесе заңгерлік бағыттағы қосымша білімін растайтын құжаттары бар адамдар;

      спорттық дәрежесін, республикалық немесе халықаралық жарыстарда, орындаушылар конкурстарында, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, президенттік немесе республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алғанын растайтын құжаттары бар адамдар;

      жоғары білімді алғаш рет алатын жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері басым құқыққа ие болады.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орта балдары жоғары адамдар қабылданады.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған жағдайда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. ІІМ арнаулы оқу орындары ІІМ кадр қызметіне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн күнтізбелік он күн ішінде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ курсанттарды оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерін ұсынады.";

      Қағидаларға 1-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 439 бұйрығына 1-қосымша
  Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
1-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тізбесі

Даярлау бағыттары (білім беру бағдарламаларының топтары)

Білім беру бағдарламалар

Күндізгі оқыту

Бейіндік пәндер комбинациясы

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындары

1.

6B123 Қоғамдық қауіпсіздік

6В12192 Ұлттық ұланның командалық тактикалық

Математика

Физика

Математика

География

Тарих

Адам. Қоғам. Құқық

Тарих

География

Шетел тілі

Тарих

6В12193 Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар командалық тактикалық

Математика

Физика

Математика

География

Тарих

Адам. Қоғам. Құқық

Тарих

География

Шетел тілі

Тарих

6В12194 Әскерді инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің командалық тактикалық

Математика

Физика

Математика

География

Тарих

Адам. Қоғам. Құқық

Тарих

Тарих

Шетел тілі

Тарих

6В12195 Әскерді зымыран- артиллериялық қамтамасыз етудің командалық тактикалық

Математика

Физика

Математика

География

Тарих

Адам. Қоғам. Құқық

Тарих

География

Шетел тілі

Тарих

6В12196 Ұлттық ұланның автомобильдік қамтамасыз етудің командалық тактикалық

Математика

Физика

Математика

География

Тарих

Адам. Қоғам. Құқық

Тарих

География

Шетел тілі

Тарих

6В12197 Ұлттық ұланды тылмен қамтамасыз етудің командалық тактикалық

Математика

Физика

Математика

География

Тарих

Адам. Қоғам. Құқық

Тарих

География

Шетел тілі

Тарих

6В12198 Байланыс әскерінің командикалық тактикалық

Математика

Физика

Математика

География

Тарих

Адам. Қоғам. Құқық

Тарих

География

Шетел тілі

Тарих

2-бөлім. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындары

2.

6B123 Қоғамдық қауіпсіздік

6В12301 Құқық қорғау қызметі

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелді) 5-қосымшаға сәйкес кез-келген нұсқадағы екі профильдік пән (шығармашылық емтиханнан басқа)

6В12302 Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика

6В12303 Төтенше жағдайларда қорғау

Математика

Физика

6В12304 Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі

Математика

Физика

6В12191 Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық

Математика

Физика

3.

6В061 Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

6В06101 Ақпараттық жүйелер

Математика

Физика

4.

6В062 Телекоммуникациялар

6В06201 Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар

Математика

Физика

5.

6В011 Педагогика және психология

6В01101 Ішкі істер органдарындағы педагогика және психология

Биология

География

6.

6В102 Әлеуметтік қамтамасыз ету

6В10201 Ішкі істер органдарындағы әлеуметтік қамтамасыз ету

Биология

География

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 439 бұйрығына 2-қосымша
  Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып
жатқан Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау
қағидаларына
8-қосымша

ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

      Жігіттер үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

14.0

14.5

15.0

2.

1000 метрге жүгіру (мин/сек.)

3.40

3.50

4.00

3.

Тартылу (тартылу саны)

11

9

7

      Қыздар үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

16.0

16.5

17.0

2.

1000 метрге жүгіру (мин/сек.)

4.40

5.00

5.20

3.

1 минут ішінде шалқадан жатып кеудені көтеру
(көтеру саны)

35

30

25

      Ескертпе:

      Егер талапкер жаттығулардың біреуінен "қанағаттанарлықсыз" деген баға алып, қалғандарынан "жақсы" деген баға алса, ІІМ арнаулы оқу орындарына түсушілер үшін дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.

      Мысалы: Тартылу - "жақсы", 100 метрге жүгіру - "жақсы", 1000 метрге жүгіру - "қанағаттанарлықсыз" - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.

      Тартылу - "өте жақсы", 100 метрге жүгіру - "қанағаттанарлық", 1000 метрге жүгіру "қанағаттанарлықсыз" - нормативтер тапсырылған жоқ.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77 "Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 439. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2020 года № 20793

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77 "Об утверждении Правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13199, опубликован 4 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего образования, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок приема в военные учебные заведения МВД";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. По итогам профессионально-ориентационной работы формируются учебные дела кандидатов на учебу.

      Сформированные учебные дела кандидатов кадровая служба Департамента полиции, воинской части направляет в военные учебные заведения МВД до 20 июля года поступления.

      Учебное дело кандидата на обучение, обратившегося с заявлением непосредственно в военное учебное заведение (в том числе в электронном формате), формируется кадровой службой военного учебного заведения до 20 июля года поступления.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Граждане, не состоящие на воинской службе, изъявившие желание поступать в военные учебные заведения МВД подают заявления в произвольной форме в кадровые службы территориальных подразделений ОВД, воинские части по месту жительства либо военные учебные заведения МВД.

      Допускается подача заявления в электронном формате посредством официального интернет-ресурса военного учебного заведения МВД.

      К заявлению прилагаются (в бумажном или электронном формате) документы, указанные в Перечне документов, представляемых кандидатами для поступления в военные учебные заведения МВД согласно приложению 1 к настоящим Правилам.";

      пункт 7-1 изложить в следующей редакции:

      "7-1. Кандидаты из числа военнослужащих и граждан, не состоящих на воинской службе, сдают Единое национальное тестирование (далее - ЕНТ) по месту прохождения воинской службы (жительства) в пунктах проведения ЕНТ или базовых высших учебных заведениях, в соответствии с Правилами проведения единого национального тестирования, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 "Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15173), по двум блокам:

      1 блок – история Казахстана, математическая грамотность и грамотность чтения (язык обучения);

      2 блок – двум профильным предметам, выбор которых осуществляется самостоятельно кандидатом в зависимости от специальности в соответствии с Перечнем образовательных программ военных, специальных учебных заведений МВД (далее – Перечень образовательных программ) согласно приложению 1-1 к настоящим Правилам.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Все виды упражнений, включенных в нормативы по физической подготовке, выполняются кандидатами в течение двух календарных дней в следующей последовательности: бег на 100 метров, подтягивание на перекладине, бег на 3000 метров.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Нормативы по физической подготовке для кандидатов в военные учебные заведения считать сданными, если кандидат набрал средний балл по сумме 3-х упражнений не менее 20 баллов, при этом допускается выполнение не более одного упражнения с результатом менее 20 баллов.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок приема в специальные учебные заведения МВД";

      пункты 37, 38, 39 и 40 изложить в следующей редакции:

      "37. В специальные учебные заведения МВД по очной форме обучения принимаются граждане Республики Казахстан, имеющие среднее образование, достигшие шестнадцатилетнего возраста, способные по своим личным, моральным, деловым, профессиональным качествам, состоянию здоровья и физическому развитию, уровню образования выполнять возложенные на них должностные обязанности.

      В специальные учебные заведения МВД на очное обучение по образовательным программам с сокращенным сроком обучения принимаются граждане Республики Казахстан, имеющие высшее образование, за исключением лиц, имеющих высшее образование по специальности "Право", "Юриспруденция".

      В специальные учебные заведения МВД на обучение по образовательным программам с сокращенным сроком обучения с применением дистанционных образовательных технологий принимаются сотрудники и военнослужащие органов внутренних дел, имеющие техническое и профессиональное, послесреднее или высшее образование, за исключением лиц, имеющих высшее образование по специальностям "Право", "Юриспруденция".

      38. Специальные учебные заведения МВД осуществляют подготовку кадров согласно Перечню образовательных программ, указанных в приложении 1-1 к настоящим Правилам.

      39. Граждане, изъявившие желание поступать в специальные учебные заведения МВД подают заявления в произвольной форме в кадровые службы департаментов полиции, на транспорте, департаментов уголовно-исполнительной системы, департаментов по чрезвычайным ситуациям (далее – ДП(Т), ДУИС, ДЧС) по месту жительства либо специальных учебных заведений МВД.

      Допускается подача заявления в электронном формате посредством официального интернет-ресурса специального учебного заведения МВД.

      К заявлению прилагаются (в бумажном или электронном формате):

      1) копия удостоверения личности;

      2) фотографии (без головного убора, шесть фотографий размером 3,5x4,5 см, одна фотография размером 10x12 см);

      3) автобиография, заполненная собственноручно;

      4) копия аттестата или диплома об образовании;

      5) справка, выдаваемая лицам, не завершившим образование по форме, утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 июня 2009 года № 289 "Об утверждении форм справки, выдаваемой лицам, не завершившим образование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5717).

      40. Кадровая служба МВД разрабатывает для территориальных подразделений ОВД план по направлению кандидатов на учебу в специальные учебные заведения МВД.";

      пункты 43, 44 и 45 изложить в следующей редакции:

      "43. Кадровые службы территориальных ОВД сформированные личные дела кандидатов на обучение направляют в специальные учебные заведения МВД до 1 июля года поступления.

      Личное дело кандидата на обучение, обратившегося с заявлением непосредственно в специальное учебное заведение (в том числе в электронном формате), формируется кадровой службой специального учебного заведения до 1 июля года поступления.

      44. Кадровая служба территориальных ОВД и специальных учебных заведений МВД извещает кандидатов о сроках приема на учебу в специальные учебные заведения МВД.

      45. Кадровые службы по месту работы кандидата на обучение по образовательным программам с сокращенным сроком обучения с применением дистанционных образовательных технологий формируют учебные дела и направляют в специальные учебные заведения МВД до 1 июля года поступления.

      Учебные дела содержат:

      1) рапорт сотрудника (в произвольной форме);

      2) личный листок по учету кадров по форме, согласно приложению 2 к Правилам отбора и осуществления предварительного изучения кандидатов, принимаемых на службу (учебу) в органы внутренних дел, утвержденным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года № 1000 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12555);

      3) служебную характеристику с рекомендацией о направлении на обучение (в произвольной форме);

      4) копию удостоверения личности;

      5) копию документа об образовании;

      6) сертификат ЕНТ (для кандидатов с техническим, профессиональным, послесредним образованием);

      7) шесть фотографий размером 3х4 см;

      8) медицинскую справку 086-У по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6697).";

      пункт 46 изложить в следующей редакции:

      "46. Организация приема на учебу в специальные учебные заведения МВД осуществляется приемной комиссией специального учебного заведения (далее – приемная комиссия).

      Состав приемной комиссии утверждается приказом начальника специального учебного заведения и формируется из числа сотрудников специального учебного заведения, ДП, ДУИС, ДЧС. Представители государственных органов, общественных организаций, средств массовой информации могут присутствовать по приглашению специального учебного заведения в качестве наблюдателей. Представители структурных подразделений МВД могут присутствовать в качестве наблюдателей по заданию руководства МВД.

      Общее количество членов приемной комиссии состоит из нечетного числа. Комиссию возглавляет председатель.

      Председателем приемной комиссии является начальник специального учебного заведения МВД.

      Председатель приемной комиссии руководит деятельностью приемной комиссии, устанавливает полномочия ее членов и утверждает план работы данной комиссии.

      Секретарь приемной комиссии назначается из числа руководящего состава структурных подразделений специального учебного заведения в соответствии с приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 марта 2020 года № 210 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20138), на которого возлагается подготовка документов по реализации функций, возложенных на приемную комиссию, материалов к заседаниям, а также проекта отчета об их работе.

      Заместитель секретаря приемной комиссии и технические секретари технической группы назначаются для оформления и обработки личных и учебных дел кандидатов на учебу.

      Решение приемной комиссии принимается простым большинством голосов при наличии не менее двух/третьих членов приемной комиссии.

      При равенстве голосов голос председателя приемной комиссии является решающим.

      Приемная комиссия:

      1) осуществляет рассмотрение личных и учебных дел кандидатов;

      2) проводит окончательное медицинское освидетельствование, проверяет физическую подготовленность кандидатов;

      3) готовит конкурсные списки и протокол приемной комиссии о зачислении кандидатов в число курсантов по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      4) проводит конкурсный отбор;

      5) принимает решение о зачислении или отказе в зачислении в число курсантов по итогам конкурсного отбора;

      6) проводит анализ итогов приема кандидатов и разработку мер по дальнейшему совершенствованию данной работы;

      7) рассматривает жалобы и заявления по вопросам приема на учебу.";

      пункт 48 исключить;

      пункт 49 изложить в следующей редакции:

      "49. С кандидатами на учебу из числа граждан в специальные учебные заведения МВД на очное обучение по образовательным программам с сокращенным сроком обучения проводится профессиональный отбор, включающий в себя медицинское освидетельствование, проверку физической подготовки и собеседование.

      Кандидаты на обучение по образовательным программам с сокращенным сроком обучения с применением дистанционных образовательных технологий проходят собеседование.

      Собеседование проводится для проверки знаний действующего законодательства, регламентирующего деятельность органов внутренних дел.

      Кандидаты на учебу из числа действующих сотрудников ОВД освобождаются от медицинского освидетельствования и проверки физической подготовки.";

      пункты 53 и 54 изложить в следующей редакции:

      "53. Нормативы по физической подготовке предусматривают выполнение кандидатами следующих видов упражнений:

      бег на 100 метров (юноши, девушки);

      бег (кросс) на 1000 метров (юноши, девушки);

      подтягивание на высокой перекладине (юноши);

      подъем туловища из положения лежа на спине в течение 1 минуты (девушки).

      54. Условия выполнения спортивных упражнений: бег на 100, 1000 метров проводится на беговой дорожке стадиона или на любой ровной местности;

      подтягивание на высокой перекладине выполняется из исходного положения вис, хватом сверху (большой палец снизу), не касаясь ногами опоры. Упражнение считается выполненным при пересечении подбородком грифа перекладины, каждый раз из неподвижного положения в висе на прямых руках, без рывков и маховых движений ногами. Не допускается отдыхать (останавливаться) в положении виса более 5 секунд и начинать подтягивание с раскачивания;

      подъем туловища выполняется из исходного положения лежа на спине, кисти к плечам или на затылок, наклоны туловища вперед до касания локтями колен (допускается незначительное сгибание ног), при возвращении в исходное положение необходимо касание опоры лопатками. Упражнение выполняется без остановок в течение 1 минуты.

      При нарушении выполнения упражнения подается команда "не считать". При неправильном выполнении упражнения более трех раз кандидат снимается с выполнения упражнения.";

      пункты 57 и 58 изложить в следующей редакции:

      "57. Каждый вид спортивных упражнений, включенный в нормативы по физической подготовке, сдается отдельно. В один день допускается выполнение не более двух упражнений, бег на 1000 метров (кросс) выполняется на другой день, отдельно от других упражнений.

      58. Для выполнения нормативов по физической подготовке по подтягиванию на высокой перекладине, подъема туловища из положения лежа на спине и бега на 100 метров одновременно допускаются не более 3 кандидатов. В забеге на 1000 метров (кросс) одновременно принимают участие не более 10 человек.";

      пункты 66, 67 и 68 изложить в следующей редакции:

      "66. Зачисление в специальные учебные заведения МВД производится по конкурсу в соответствии с баллами сертификатов по итогам ЕНТ с учетом результатов отбора по медицинским, физическим, профессиональным показателям.

      Решение о зачислении кандидата в число курсантов или отказе выносит приемная комиссия по итогам конкурсного отбора, которое объявляется кандидату на заседании приемной комиссии.";

      67. Количество баллов, необходимых для участия в конкурсе на зачисление в число курсантов специальных учебных заведений МВД по результатам ЕНТ устанавливается Постановлением № 58.

      68. Зачисление в специальные учебные заведения на обучение в сокращенные сроки производится по конкурсу по результатам профессионального отбора.

      Зачисление в специальные учебные заведения на обучение по сокращенным образовательным программам с применением дистанционных образовательных технологий производится по конкурсу по результатам собеседования.";

      пункт 71 изложить в следующей редакции:

      "71. В случае одинаковых показателей баллов сертификатов ЕНТ преимущество на зачисление имеют:

      дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      граждане Республики Казахстан из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия;

      лица, имеющие документы об образовании (свидетельства, аттестаты, дипломы) с отличием;

      лица, имеющие подтверждающие документы об окончании программ основного образования кадетских учебных заведений, военных школ-интернатов либо дополнительного образования военно-патриотического или юридического направлений;

      лица, имеющие документы, подтверждающие спортивный разряд, призовое место в республиканском либо международном соревнованиях, конкурсах исполнителей, на международной, Президентской либо республиканской олимпиаде по общеобразовательным предметам;

      сотрудники органов внутренних дел, если высшее образование получают впервые.

      В случае одинаковых показателей баллов и при отсутствии преимущественного права зачисляются лица, имеющие высокие средние баллы аттестата, свидетельства или диплома.

      В случае одинаковых показателей баллов и при отсутствии преимущественного права, а также одинаковых средних баллов аттестата, свидетельства или диплома учитываются баллы, набранные по профильным предметам.";

      пункт 74 изложить в следующей редакции:

      "74. Специальные учебные заведения МВД представляют в кадровую службу МВД в течении десяти календарных дней после проведения зачисления итоговый отчет по организации и проведению приема, а также копии приказов о зачислении курсантов.";

      приложение 1-1 к Правилам изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      приложение 8 к Правилам изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту кадровой политики Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев

  Приложение 1 к приказу
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 29 мая 2020 года № 439
  Приложение 1-1 к Правилам
приема на обучение в военные,
специальные учебные заведения
Министерства внутренних дел
Республики Казахстан,
реализующие образовательные программы
высшего образования

Перечень образовательных программ военных, специальных учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Направления подготовки (группы образовательных программ)

Образовательные программы
 

Очное обучение

Комбинация профильных предметов

1 профильный предмет

2 профильный предмет

Глава 1. Военные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан

1.

6В123 Общественная безопасность

6В12192 Командная тактическая Национальной гвардии

Математика

Физика

Математика

География

История

Человек. Общество. Право

История

География

Иностранный язык

История

6В12193 Командная тактическая воспитательной и социально-правовой работы

Математика

Физика

Математика

География

История
 

Человек. Общество. Право

История

География

Иностранный язык

История

6В12194 Командная тактическая инженерно-технического обеспечения войск
 

Математика

Физика

Математика

География

История
 

Человек. Общество. Право

История

География

Иностранный язык

История

6В12195 Командная тактическая ракетно-артиллерийского обеспечения войск
 

Математика

Физика

Математика

География

История
 

Человек. Общество. Право

История

География

Иностранный язык

История

6В12196 Командная тактическая автомобильного обеспечения Национальной гвардии

Математика

Физика

Математика

География

История
 

Человек. Общество. Право

История

География

Иностранный язык

История

6В12197 Командная тактическая тылового обеспечения Национальной гвардии
 

Математика

Физика

Математика

География

История
 

Человек. Общество. Право

История

География

Иностранный язык

История

6В12198 Командная тактическая войск связи

Математика

Физика

Математика

География

История
 

Человек. Общество. Право

История

География

Иностранный язык

История

Глава 2. Специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан

2.

6В123 Общественная безопасность

6В12301 Правоохранительная деятельность

Два профильных предмета в любой вариации (кроме творческого экзамена) согласно приложению 5 к Правилам проведения единого национального тестирования, утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204 "Об утверждении Правил проведения единого национального тестирования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15173)

6В12302 Пожарная безопасность

Математика

Физика

6В12303 Защита в чрезвычайных ситуациях

Математика

Физика

6В12304 Пожаротушение и аварийно-спасательное дело

Математика

Физика

6В12191 Командная тактическая сил гражданской обороны

Математика

Физика

3.

6В061 Информационно-коммуникационные технологии

6В06101 Информационные системы

Математика

Физика

4.

6В062 Телекоммуникации

6В06201 Радиотехника, электроника и телекоммуникации

Математика

Физика

5.

6В011 Педагогика и психология

6В01101 Педагогика и психология в органах внутренних дел

Биология

География

6.

6В102 Социальное обеспечение

6В10201 Социальное обеспечение в органах внутренних дел

Биология

География

  Приложение 2 к приказу
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 29 мая 2020 года № 439
  Приложение 8 к Правилам
приема на обучение в военные,
специальные учебные заведения
Министерства внутренних дел
Республики Казахстан,
реализующие образовательные программы
высшего образования

Нормативы по физической подготовке для кандидатов специальные учебные заведения МВД

      Для юношей

Наименование

Оценка

отлично

хорошо

удовлетворительно

1.

Бег 100 м. (сек.)

14.0

14.5

15.0

2.

Бег 1000 м. (мин/сек)

3.40

3.50

4.00

3.

Подтягивание (кол-во/раз)

11

9

7

      Для девушек

Наименование

Оценка

отлично

хорошо

удовлетворительно

1.

Бег 100 м. (сек.)

16.0

16.5

17.0

2.

Бег 1000 м. (мин/сек.)

4.40

5.00

5.20

3.

Подъем туловища из положения лежа на спине в течение 1 мин. (кол-во/раз)

35

30

25

      Примечание:

      Нормативы по физической подготовке для кандидатов в специальные учебные заведения МВД считать сданными, если кандидат получил не более одной неудовлетворительной оценки, а остальные – не ниже "хорошо".

      Пример: Подтягивание "хорошо", бег 100 метров – "хорошо", бег 1000 метров – "неудовлетворительно" – нормативы по физической подготовке сданы.

      Подтягивание "отлично", бег 100 метров – "удовлетворительно", бег 1000 метров "неудовлетворительно" – не сданы.