Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 наурызда № 20138 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М.Сайтбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайтбеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев

  2020 жылғы 13 наурыздағы
№ 210 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 23.10.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оның ведомстволары бойынша:

      1) министрдің бірінші орынбасары;

      2) министрдің орынбасары;

      3) аппарат басшысы;

      4) комитет төрағасы;

      5) комитет төрағасының бірінші орынбасары;

      6) комитет төрағасының орынбасары;

      7) департамент бастығы;

      8) департамент бастығының орынбасары;

      9) дербес басқарма бастығы;

      10) дербес басқарма бастығының орынбасары;

      11) комитеттің, департаменттің басқарма бастығы;

      12) комитеттің, департаменттің басқарма бастығының орынбасары;

      13) комитеттің, департаменттің, басқарманың бөлім бастығы;

      14) кезекші бөлімнің бастығы.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдар бойынша:

      1) департамент бастығы;

      2) департамент бастығының бірінші орынбасары;

      3) департамент бастығының орынбасары;

      4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастығы;

      5) басқарма бастығы;

      6) басқарма бастығының орынбасары;

      7) дербес бөлім бастығы;

      8) дербес бөлім бастығының орынбасары;

      9) басқарма бөлімінің бастығы;

      10) кезекші бөлімнің, орталықтың, уақытша ұстау изоляторының, қабылдау-тарату орнының, арнайы қабылдау орнының, автошаруашылықтың бастығы;

      11) орталық, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-тарату орны, арнайы қабылдау орны, автошаруашылықы бастығының орынбасары;

      12) басқарма бөлімшесі, дербес бөліміне бастығы;

      13) дербес бөліміне бастығы.

      3. Саптық бөліністер бойынша:

      1) полк командирі;

      2) полк командирінің орынбасары;

      3) батальон командирі;

      4) батальон командирінің орынбасары;

      5) рота командирі;

      6) рота командирінің орынбасары;

      7) взвод командирі;

      8) штаб, кезекші бөлім бастығы.

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары бойынша:

      1) академия бастығы;

      2) академия бастығының орынбасары;

      3) институт бастығы;

      4) институт бастығының орынбасары;

      5) факультет бастығы;

      6) факультет бастығының орынбасары;

      7) оқу орталығының бастығы;

      8) оқу орталығы бастығының орынбасары;

      9) орталық бастығы;

      10) докторантура бастығы;

      11) магистратура бастығы;

      12) кафедра бастығы;

      13) кафедра бастығының орынбасары;

      14) бөлімінің бастығы;

      15) бөлім бастығының орынбасары;

      16) инспекция бастығы;

      17) курс бастығы;

      18) курс бастығының орынбасары;

      19) кезекші бөлімнің бастығы;

      20) оқу-дала лагерінің бастығы;

      21) бөлімше бастығы;

      22) оқу орталығы циклінің бастығы.

      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер және оның ведомстволары бойынша:

      1) мекеме бастығы;

      2) мекеме бастығының орынбасары;

      3) бөлім, бөлімше бастығы;

      4) кезекші бөлімнің бастығы;

      5) бөлім бастығының орынбасары;

      6) бөлімше бастығы.

      6. Арнайы мақсаттағы бөліністер бойынша:

      1) жасақ командирі;

      2) жасақ командирінің орынбасары;

      3) бөлініс командирі;

      4) бөлініс командирінің орынбасары;

      5) бөлім бастығы;

      6) бөлім бастығының орынбасары;

      7) бөлімше бастығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады