"Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 19-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдардың және өзге де объектілердің тізбесінен магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
20__ жылғы "__"_________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 319 бұйрығымен бекітілген |
Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдардың және өзге де объектілердің тізбесінен магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдардың және өзге де объектілердің тізбесінен магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық, станциялық жолдар мен магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілер тізбесінен магистральдық, станциялық жолдар мен магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) магистральдық теміржол желісі - өзара қосылған магистральдық және станциялық жолдар, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, вокзалдар және олардың жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті, халықаралық және республикаішілік теміржол қатынастарын қамтамасыз ететін өзге де объектілер жүйесі;
2) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында теміржол көлігінің жұмыс істеуіне және басқа мемлекеттермен теміржол қатынасын қамтамасыз етуге арналған, бас жолдардан (теміржол станциялары арасындағы аралықтар жолдарынан, іргелес аралықтар жолдарының тікелей жалғасы болып табылатын және әдетте бағыттамалық бұрмаларда ауытқулары жоқ станциялар шекараларындағы жолдар), сондай-ақ қабылдау-жөнелту жолдарынан (станция шекарасындағы поездарды қабылдауға, жөнелтуге, басып озуға, айқастыруға және өткізуге арналған жолдар) тұратын темір жолдар;
3) объектілер - электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілерді қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен салынған, теміржолдар;
4) станциялық жолдар - станция шекарасындағы магистральдық жолдарды қоспағанда, сұрыптау, тиеу-түсіру, сору, деполық, қосу, арнайы темір жолдар;
5) уәкілетті орган - теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) ұлттық теміржол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын және Ұлттық инфрақұрылым операторы, Ұлттық тасымалдаушылар және теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де аффилирленген заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам;
2-тарау. Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдар мен өзге де объектілер тізбесінен магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау тәртібі
3. Магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін Ұлттық инфрақұрылым операторының мүліктік кешеніне кіретін магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдар мен өзге де объектілер тізбесінен енгізу және алып тастау үшін Ұлттық теміржол компаниясы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті ұсынысты қоса бере отырып, жазбаша нысанда уәкілетті органға жүгінеді.
Ұсыныс мүліктің функционалдық мақсатын ескере отырып, мынадай шарттарға сүйене отырып дайындалады:
1) тасымалдау процесінің, поездар қозғалысының және станцияларда маневрлік жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі;
2) магистральдық теміржол желісінің бөлек пункттерінің өткізу және қайта өңдеу қабілетін ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3) жанасу станциясын дамытуды қамтамасыз ету;
4) кірме жолдарға беру-жинауды, жолаушылар мен жүк поездарын басып озу және шағылыстыру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін объектілерді (теміржолдарды) пайдалану;
5) объектілерді техникалық жарамды күйде ұстауды және уақытылы ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету қажеттілігі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Объектілерді магистральдық жолдар тізбесіне енгізу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығымен бекітілген Объектілерді жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісінің құрамына беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11198 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
5. Станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілерді станциялық жолдардың және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілердің тізбесіне енгізу және алып тастау үшін жеке және заңды тұлғалар Ұлттық теміржол компаниясының мекенжайына жазбаша нысанда жүгінеді.
6. Ұлттық теміржол компаниясы өтінішті алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде станциялық жолдар мен объектілердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген), Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру және сынау жүргізеді.
Объектілердің станциялық жолдарын қарау нәтижелері бойынша ұлттық темір жол компаниясы үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша станциялық жолдарды және өзге де объектілерді станциялық жолдардың және магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілердің тізбесіне беру туралы ұсыныс дайындайды және уәкілетті органға жібереді.
Ұсыныс мүліктің функционалдық мақсатын ескере отырып, мынадай шарттарға сүйене отырып дайындалады:
1) тасымалдау процесінің, поездар қозғалысының және станцияларда маневрлік жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі;
2) магистральдық теміржол желісінің бөлек пункттерінің өткізу және қайта өңдеу қабілетін ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3) жанасу станциясын дамытуды қамтамасыз ету;
4) кірме жолдарға беру-жинауды, жолаушылар мен жүк поездарын басып озу және шағылыстыру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін объектілерді (темір жолдарды) пайдалану; объектілерді техникалық жарамды күйде ұстауды және уақтылы ағымдағы және күрделі жөндеуді жүргізуді қамтамасыз ету қажеттілігі;
5) Жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілейтін құжаттардың болуы (жер пайдалану актісі, техникалық паспорт, аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу);
7. Объектілерді магистральдық, станциялық жолдар және өзге де технологиялық қажеттілік объектілерінің тізбелерінен алып тастау қанағаттанғысыз жай-күйдегі және қалпына келтіруге және жөндеуге жатпайтын объектілер есептен шығарылған жағдайда, сондай-ақ магистральдық, станциялық жолдардың және магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін өзге де объектілердің технологиялық қажеттілігі болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Контрагаент үшін бәсекелес темір жол болмаған жағдайда, магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдар және өзге де объектілер тізбесінен объектілерді алып тастауға жол берілмейді.
8. Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысын қарау үшін уәкілетті орган комиссия құрады. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
9. Комиссия Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысын алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық және өзге де объектілер тізбесінен магистральдық темір жол желісінің магистральдық, станциялық және өзге де объектілерін енгізу және алып тастау жөнінде ұсынымдар шығарады.
10. Комиссияның оң ұсынымы негізінде уәкілетті орган табиғи монополиялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосымен бірлесіп, "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес магистральдық темір жол желісінің магистральдық, станциялық жолдарын және өзге де объектілерін станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу және алып тастау жөнінде шаралар қабылдайды.
Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдар объектілерінің және өзге де объектілердің тізбесіне объектілерді объектілердің құрамына енгізу немесе олардың құрамынан шығару қажеттілігі туралы ұсыныс
1. | Объектінің атауы |
2. | Объектінің сипаттамасы (объектінің техникалық және технологиялық сипаттамалары, объектіге құқықтық қабілеттілігін растайтын құжаттар) |
3. | Ұсыныс |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Ұлттық темір жол компаниясының
қосу (ерекшелік) үшін жауапты)
темір жол инфрақұрылымы объектілерінің
(елдерден) құрамы магистральдық темір жол желісінің
___________ __________________________________
(қолы) (аты-жөні)