Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11198 тіркелді.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 22 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 2 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 82 бұйрығымен
бекітілген

Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған
объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру
қағидалары

      1. Осы Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, жеке және заңды тұлғалар есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) заңды және жеке тұлғалар есебінен салынған объектілер (бұдан әрі - объектілер) - электрмен жабдықтау, дабыл, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды, үйлер мен магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілерді қоса алғанда, теміржолдар;

      2) уәкілетті орган - теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде, - салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) - уәкілетті органға қағаз жүзінде немесе электрондық құжат нысанында жіберілген, электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылған, жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру туралы ұсыныс;

      4) Ұлттық теміржол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын және теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын Ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар және өзге де үлестес заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам.

      3. Объектілер "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабында көзделген негіздемелер бойынша мемлекет меншікке алынады.

      4. Объектілерді беру үшін заңды және жеке тұлғалар өтінішті алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда Ұлттық теміржол компаниясының атына жіберетін уәкілетті органға жүгінеді.

      5. Ұлттық теміржол компаниясы өтінішті алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағы 34-11) және 34-12) тармақшаларына сәйкес бекітілген теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкестігіне объектілерді тексеріп қарауды және сынауды жүргізеді.

      6. Объектілерді тексеріп қарау нәтижелері бойынша Ұлттық теміржол компаниясы үш жұмыс күні ішінде объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына берудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды және одан әрі комиссияның қарауына шығару үшін уәкілетті органға жібереді.

      Қорытынды объектілердің функционалдық мақсатын ескере отырып, мынадай шарттардың негізінде жасалады:

      станциялардағы тасымалдау процесінің, поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажеттілігі;

      магистральдық теміржол желісінің жекелеген пункттерінің өткізу және қайта өңдеу қабілеттілігін ұлғайтуды қамтамасыз ету;

      түйісу станциясын дамытуды қамтамасыз ету;

      кірме жолдардарға/дан беруді - жинауды, жолаушылар мен жүк поездарын басып озу мен тоғыстыру бойынша операцияларды жүзеге асыруға арналған объектілерді (теміржолдарды) пайдалану; объектілерді техникалық жарамды жағдайда ұстауды, ағымды және күрделі жөндеуді жүргізуді қамтамасыз ету қажеттілігі.

      7. Ұлттық теміржол компаниясының қорытындысын қарау үшін уәкілетті органмен комиссия құрылады. Комиссияның құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      8. Комиссия Ұлттық теміржол компаниясының өтінішін және қорытындысын алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды және Объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру жөнінде немесе Объектілерді беруден бас тарту туралы ұсыным шығарады. Комиссияның ұсынымы хаттамамен ресімделеді.

      9. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген комиссияның оң ұсынымы негізінде және Заңға сәйкес объектілері мемлекеттік меншікке қабылданған жағдайда, уәкілетті орган "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосымен бірлесіп, объектілерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10785 болып тіркелген) магистральдық теміржол желісіне кіретін магистральдық жолдар тізбесіне немесе станциялық жолдар, электрмен жабдықтау, дабыл, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар, үйлер мен магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу бойынша шараларды қабылдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.03.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жеке және заңды тұлғалар
қаражаты есебінен салынған
объектілерді магистральдық
теміржол желісі құрамына
беру қағидаларына қосымша

      нысан

Объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына берудің
орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды

1.

Объектінің атауы

2.

Объектінің сипаты (объектінің техникалық және технологиялық сипаттамасы, құқық қабілеттілігін растаушы объект құжаттары)

3.

Қорытынды


      Теміржол инфрақұрылымының объектілерін

      магистралдық теміржол желісіне құрамына

      енгізуге (шығаруға) жауапты Ұлттық

      теміржол компаниясының құрылымдық

      бөлімшесінің басшысы _____________ _____________

      (қолы) (Т.А.Ә)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады