БҰЙРАМЫН:
1. "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19465 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 10 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Жеке" (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу басқармасы осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Н.Ж. Көшкімбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 5 маусымдағы № 28 бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы |
Аумақтық статистика органына ұсынылады
Санақ парағы www.stat.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған
"Жеке" |
Индексі 3-И
Кезеңділігі: біржолғы
Санақ парақтары үй шаруашылығының құрамына кіретін респонденттерге толтырады*
* "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 23) тармақшасына сәйкес үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект.
ӘАОЖ бойынша елді мекеннің коды 1 | Нұсқаушылық учаскенің нөмірі 2 | Есеп учаскесінің нөмірі 2 | Есеп учаскесі шегіндегі үй-жайдың нөмірі 2 | Үй шаруашылы ғының реттік нөмірі 3 | Үй шаруашылығы шегіндегі реттік нөмір 3 |
1. Жалпы сипаттамалар | Сұраққа көшу | |||||||||||||||
1. |
Тегі |
______________ | 2 | |||||||||||||
2. | Жеке сәйкестендіру нөмірі | 3 | ||||||||||||||
3. | Жынысыңызды көрсетіңіз |
1. Ер | 4 | |||||||||||||
4. | Туған күніңізді көрсетіңіз |
Күні | 5 | |||||||||||||
5. | Осы үй шаруашылығы шегінде бірінші жазылған респондентке Сіздің қатысыңызды көрсетіңіз |
1. Үй шаруашылығында бірінші жазылған респондент | 6 | |||||||||||||
6. | Туған жеріңізді көрсетіңіз |
1. Қазақстан Республикасы (облыс, қала, ауданды көрсетіңіз) | ____________ __________ | 7 | ||||||||||||
7. | Азаматтығыңызды көрсетіңіз |
1. Қазақстан Республикасы | __________ | 8 | ||||||||||||
8. | Тұрғылықты жеріңізді көрсетіңіз |
1. Облыс, қала, аудан, ауылдық округ, елді мекенді көрсетіңіз |
__________ | 9 | ||||||||||||
9. | Халықты есепке алу сәтіндегі Сіздің орналасқан жеріңізді (2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түнгі сағат 00-де) көрсетіңіз |
1. Осы елді мекенде | __________ __________ | 10 9.1 9.1 | ||||||||||||
| Уақытша тұру немесе тұрмауыңыздың себептерін көрсетіңіз |
1. Жұмысқа байланысты | 9.2. | |||||||||||||
9.2 | Уақытша тұру немесе тұрмауыңыздың ұзақтығын көрсетіңіз | Айлар (егер бір айдан кем болса, онда "00" көрсету) | 10 | |||||||||||||
2. Этномәдени сипаттамалар | ||||||||||||||||
10. | Ұлтыңызды (этникалық тиістілігіңізді) көрсетіңіз |
1. Қазақ | __________ | 11 | ||||||||||||
11. | Діни сеніміңізді (дініңізді) көрсетіңіз |
1. Ислам | __________ | 12 | ||||||||||||
12. | Ана тіліңізді көрсетіңіз |
1. Қазақ | ________ | 13 | ||||||||||||
13. |
Сіз қай тілдерді меңгергенсіз? |
1. Қазақ | 14 | |||||||||||||
14. | Сіз мемлекеттік тілді меңгергенсіз бе? |
1. Иә Егер "Иә" деген жауап болса, онда сіз оны күнделікті өмірде қолданасыз ба? 1. Иә 2. Жоқ 2. Жоқ | 15 | |||||||||||||
15. |
| 1. ауызша түсінемін | 2. еркін оқимын | 3. еркін сөйлеймін | 4. еркін жазамын | 5. меңгер мегенмін | 15.1 | |||||||||
1. қазақ | ||||||||||||||||
2. орыс | ||||||||||||||||
3. ағылшын | ||||||||||||||||
15.1 |
| 1. иә | 2. жоқ | 3. үйренудемін | 16 | |||||||||||
1. қазақ | ||||||||||||||||
2. орыс | ||||||||||||||||
3. ағылшын | ||||||||||||||||
3. Білім және сауаттылық | ||||||||||||||||
16. | Қол жеткізген білім деңгейіңізді көрсетіңіз (10 жастағы және одан үлкен респонденттер үшін) |
1. Бастауыш білім Сіз оқи және (немесе) жаза аласыз ба? 1. Иә 2. Жоқ | 17 17 17 17 17 17 17 16.1 16.1 17 17 | |||||||||||||
16.1 | Академиялық немесе ғылыми дәрежеңізді көрсетіңіз |
1. Магистр | 17 | |||||||||||||
| Сіз білім беру ұйымдарына барасыз ба? (1 жастағы және одан үлкен) |
1. Мектепке дейінгі тәрбие және білім (1-6 жас балалар үшін) | 18 | |||||||||||||
4. Көші-қон | ||||||||||||||||
18. | Сіз қай кезеңнен бастап тұрақты тұрғылықты жеріңіздің елді мекенінде үздіксіз тұрып жатырсыз? |
1. Туғаннан бері | 20 18.1 | |||||||||||||
18.1 | Тұрақты тұрғылықты жерге келуіңіздің мақсатын көрсетіңіз |
1. Жұмысқа байланысты | 19 | |||||||||||||
19. | Сіздің бұрын тұрған жеріңіз Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ба? |
1. Иә | _____________ __________ | 20 | ||||||||||||
20. | Сіз бір жыл немесе одан көп уақыт басқа елдерде тұрдыңыз ба? |
1. Иә | __________ | 20.1 21 | ||||||||||||
20.1 | Басқа елде тұруыңыздың себебін көрсетіңіз |
1. Жұмысқа байланысты | 21 | |||||||||||||
21. | Сіз жақын арада Қазақстан Республикасынан шығуды жоспарлаудасыз ба? |
1. Иә 1.1. 6-дан 12 айға дейінгі мерзімге 1.2. 12 айдан артық мерзімге 2. Жоқ | 21.1 21.1 22 | |||||||||||||
21.1 | Сіздің Қазақстан Республикасынан шығуыңыздың негізгі себептерін атаңыз |
1. Жұмысқа байланысты | 22 | |||||||||||||
5. Некелік жағдайы (15 жастағы және одан үлкен респонденттер үшін) | ||||||||||||||||
22. | Сіздің некедегі жағдайыңызды көрсетіңіз |
1. Ешқашан некеде тұрмаған | 25 (әйелдер үшін) 28 (ер адамдар үшін) 23 23 23 | |||||||||||||
23. | Сіздің бірінші некеге тұрған күніңізді көрсетіңіз |
Жылы | 24 | |||||||||||||
24. | Сіз жаңа некеге тұрдыңыз ба? |
1. Иә | 24.1 25 (әйелдер үшін) 28 (ер адамдар үшін) | |||||||||||||
24.1 | Сіздің қазіргі (соңғы) некеге тұрған күніңізді көрсетіңіз |
Жылы | 25 (әйелдер үшін) 28 (ер адамдар үшін) | |||||||||||||
6. Туу (15 жастағы және одан үлкен әйелдер үшін) | ||||||||||||||||
25. | Сіз қанша тірі бала тудыңыз? |
1. Балалар саны | 25.1 27 | |||||||||||||
25.1 | Оның ішінде Сізде туылғаны: |
1. Ұлдар | 26 | |||||||||||||
25.2 | Оның ішінде қаншасы тірі? | 26 | ||||||||||||||
26. | Бірінші баланың туған күнін көрсетіңіз (тіпті егер ол қайтыс болса да немесе Сізбен бірге тұрмаса да) |
Күні | 26.1 | |||||||||||||
26.1 | Соңғы туған баланың туған күнін көрсетіңіз (тіпті егер ол қайтыс болса да немесе ол Сізбен бірге тұрмаса да) |
Күні | 27 | |||||||||||||
27. |
Сіз (тағы) бала тууды жоспарлаудасыз ба? |
1. Иә | 28 | |||||||||||||
7. Жұмыспен қамтылу (15 жастағы және одан үлкен респонденттер үшін) | ||||||||||||||||
28. |
2020 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы басталғанға дейін Сіз соңғы аптада |
1. Иә | 29 28.1 | |||||||||||||
28.1 |
Сіз |
1. Иә | 29 28.2 | |||||||||||||
28.2 | Сіз үйде қандай да бір ақы төленетін жұмысты істедіңіз бе? |
1. Иә | 28 28.3 | |||||||||||||
28.3 | Сіз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жеке қосалқы шаруашылықта қандай да бір жұмысты орындадыңыз ба? |
1. Иә | 29 33 | |||||||||||||
29. | Сіз негізгі жұмыста кім болып жұмыс істейтініңізді көрсетіңіз? |
1. Жалдану бойынша жұмысшы | 31 | |||||||||||||
30. | Сіздің негізі жұмысыңыз қызметтің қандай саласына жатады? |
1. Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 31 | |||||||||||||
31. | Сіздің негізгі жұмысыңыздың орналасқан жерін көрсетіңіз |
1.Осы елді мекенде | __________ __________ __________ | 31.1 | ||||||||||||
31.1 | Сіз жұмыс орныңыздан тұрғылықты жеріңізге дейін қандай кезеңділікпен барасыз? |
1. Күнде | 32 | |||||||||||||
32. | Сіздің негізгі жұмысыңыздан басқа қосымша жұмысыңыз болды ма? |
1. Иә | 35 | |||||||||||||
33. | Сіз 2020 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы басталғанға дейін бір ай (2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін) ішінде жұмыс іздедіңіз бе? |
1. Иә | 34 | |||||||||||||
34. | Егер Сізге қазір жұмыс ұсынса, онда жақын арадағы 2 апта ішінде ол жұмысқа кірісе аласыз ба? |
1. Иә | 35 34.1 | |||||||||||||
34.1 | Егер жұмысқа кірісе алмаса, неге? |
1. Науқастану немесе жарақат алу, науқасты күтіп бағу | 35 | |||||||||||||
8. Күнкөрістің негізгі қаражат көзі | ||||||||||||||||
35. | Сіздің күнкөрісіңіздің негізгі қаражат көзін көрсетіңіз (жауаптың бірнеше нұсқасы болуы мүмкін) |
1. Жалдамалы жұмыс (жалақы) | 36 | |||||||||||||
9. Тұрмыс-тіршіліктің шектеулері (5 жастағы және одан үлкен респонденттер үшін) | ||||||||||||||||
1. жоқ, қиындықтар жоқ | 2. иә, шамалы қиындықтар бар |
3. иә, үлкен қиындықтар бар |
иә, іс-әрекетте толықтай шектелген мін | |||||||||||||
36. | Сіз көзілдірік, линза кисеңіз де, Сізде көрумен қиындықтар бар ма? |
3 және 4 бағандарының "Иә" жауаптарында | ||||||||||||||
37. | Сіз есту аппаратын кисеңіз де, Сізде естумен қиындықтар бар ма? | |||||||||||||||
38. | Сіз қосымша медициналық (балдақ, арба) жабдықты пайдалансаңыз да, Сізде жүрген кезде (оның ішінде баспалдақпен көтерілгенде) қиындықтар бар ма? | |||||||||||||||
39. | Сізде есте сақтау және (немесе) зейінді шоғырландырумен қиындықтар бар ма? | |||||||||||||||
40. | Сізге қандай да бір адам көмектесе ме? |
1. Иә | Сауал салудың соңы |
Ескертпе:
1 ҚР ҰЖ 11-2009 Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуіші 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Тұрғын үйлер, ғимараттар және тұрғын емес үй-жайлар тізімі" (индексі 1-СЖ, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағынан автоматты түрде көшіріледі;
2 Нұсқаушылық, есеп учаскелерінің және есеп учаскесі шегіндегі үй-жайдың нөмірлерін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары береді және планшеттегі мобильдік қосымшаға мекенжай тізілімін жүктегеннен кейін автоматты түрде көрсетіледі;
3 "Үй шаруашылығының реттік нөмірі" және "Үй шаруашылығы шегіндегі реттік нөмір" 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі" (индексі 1-ПП, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағынан автоматты түрде көшіріледі.
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Жеке" (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірме 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Жеке" (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағына қосымшада келтірілген.
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Жеке" (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағына қосымша |
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Жеке" (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Халықты есепке алу сәтінен кейін қайтыс болғандар 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Жеке" (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағында (бұдан әрі – санақ парағы) есепке алынады. Халықты есепке алу сәтінен кейін туғандар санақ парағында есепке алынбайды.
2. Санақ парағын толтыру кезінде көрсетілген жауап нұсқаларында тиісті белгілер қойылады, қажет болған жағдайда цифрлар және (немесе) мәтін енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын үй шаруашылығының құрамына кіретін әрбір респондентке (бұдан әрі – респондент) жеке санақ парағы толтырылады.
Санақтан өтетін үй шаруашылығы шегінде уақытша болмаған кәмелеттік жасқа толмағандар, әрекетке қабілетсіз респонденттер үшін санақ парақтарын басқа кәмелеттік жасқа толған респонденттер, осы респонденттердің қорғанышы немесе қамқоршылары толтырады.
Егер халықты есепке алу сәтінде әрекетке қабілетсіз респондент үйде болса, онда ол үшін санақ парағын қорғанышы, егер мамандандырылған мекемеде болса қамқоршы толтырады.
4. Санақ парағының 1,2,3,4- сұрақтарында респонденттің дербес деректері толтырылады.
5. Санақ парағының 5-сұрағында 1-тармаққа 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі" (индексі 1-ПП, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағында үй шаруашылығы шегінде бірінші жазылған респондент жатады.
Бір үй шаруашылығында ата-ананың екеуі немесе біреуімен тұратын респондентке 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған "Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі" (индексі 1-ПП, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағынның 8-тармағының 3-бағанында әкесі не анасы көрсетілген реттік нөмір толтырылады.
Егер респондент бір үй шаруашылығында ата-анасымен немесе екеуінің біреуімен тұрмаса, анасының (әкесінің) нөмірі толтырылмайды.
6. Санақ парағының 14-сұрағында "Бастауыш білім" 1-тармағы және "Негізгі орта білім" 2-тармағы бойынша осы санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірмеге 1-қосымшаға сәйкес сынып санына сәйкес жалпы орта (толық) білім алмаған респонденттердің білім деңгейін анықтау үшін кестеде келтірілген.
Жалпы орта білімді бермейтін оқу орындарын (мысалы, қолөнерлік, салалық кәсіптік училище (СКУ), фабрикалық-зауыттық оқыту мектебін (ФЗМ), фабрикалық-зауыттық шәкірттік мектебін (ФЗШ), оқу-курстық комбинат (пункт), оқу-өндірістік орталық, қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарын, оқу мекемелері жанындағы дайындық курстарын, (техникалық училище (ТУ), кәсіби-техникалық училище (КТУ), қалалық кәсіби-техникалық училище (ҚКТУ) және ауылдық кәсіби-техникалық училище (АКТУ), мамандандырылған мектеп (ММ), кәсіби лицей (КЛ),училище) бітірген респонденттердің осы оқу орындарына түскенге дейінгі алған білімдері белгіленеді.
Санақ парағының 3-тармағы бойынша "Жалпы орта білім" жалпы білім беру мектептерінде, лицейлерде, гимназияларда және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде 10-11 (12) сыныптарды бітірген және жалпы орта білім туралы аттестат алған респонденттер үшін белгіленеді.
Санақ парағының 4-тармағы бойынша "Бастауыш кәсіптік білім":
1) бастауыш кәсіптік білім беру ұйымдарында (мысалы, кәсіптік училище, кәсіптік лицей – үздіксіз білім беру орталығы, техникалық мектеп (тау-кен механикалық, теңізде жүзу, ормантехникалық)) оқуын аяқтауы бойынша жұмысшы кәсібін алған;
2) кәсіптік-техникалық училище (КТУ) немесе техникалық училищені бітірген;
3) кәсіптік-техникалық оқу орнын бітірген және кәсібімен бірге орта білім туралы аттестат немесе орта білім базасында кәсіп алған респонденттер үшін белгіленеді.
Санақ парағының 5-тармағы бойынша "Орта кәсіптік (арнайы) білім" техникум бітірген респонденттер үшін белгіленеді.
Санақ парағының 6-тармағы бойынша "Техникалық және кәсіптік білім" негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерді, колледждерді және жоғары колледждерді бітірген респонденттер үшін белгіленеді.
Санақ парағының 7-тармағы бойынша "Аяқталмаған жоғары білім" жоғары оқу орындарында (ЖОО) оқып жатқан және оқу мерзімінің жартысын немесе жартысынан артық мерзімі өткен респонденттерге белгіленеді. Жоғары оқу орнында оқу мерзімінің жартысынан аз уақыт оқыған респонденттерге түскенге дейінгі білім деңгейі ("Техникалық және кәсіптік білім", "Орта кәсіптік білім" немесе "Жалпы орта білім") белгіленеді.
Санақ парағының 8-тармағы бойынша "Жоғары білім" жоғары оқу орындарында оқуын аяқтаған респонденттер үшін белгіленеді.
Санақ парағының 9-тармағы бойынша "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім" халықты есепке алу сәтінде магистратура, аспирантура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында өзінің оқуын аяқтаған респонденттер үшін белгіленеді.
7. Санақ парағының 20, 21, 22-сұрақтары 15 жас және одан үлкен респонденттер үшін толтырылады. 15 жастан жас респонденттер шын мәнінде некеде тұрса, тиісті жауапты таңдағаны дұрыс.
8. Санақ парағының 23, 24, 25-сұрақтарын көрсетілген жас тобындағы әйелдер, олардың отбасы жағдайына қарамастан толтырады.
9. Санақ парағының 27-сұрағында:
1-тармақ бойынша жалданып жұмыс істеушіге айлықақы, сыйлықақы, үстемақы және сол сияқтылар түрінде не заттай нысанда ақы төлеуді (сыйақыны) көздейтін еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, сондай-ақ ақы төленетін лауазымға сайланған, тағайындалған немесе бекітілген, Қарулы Күштерде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда, құқық қорғау мен арнайы мемлекеттік органдарда қызметін өткеретін респондент жатады;
2-тармақ бойынша жұмыс берушіге өзінің жеке кәсіпорнын басқаратын немесе дербес негізде кәсіптік, коммерциялық қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жұмыскерлерді жалдайтын респондент жатады;
3-тармақ бойынша жеке негізде жұмыспен қамтылғанға жеке негізде жұмыс істейтін (салық органдарында тіркелгені де, салық органдарында тіркелмегені де) және жалдамалы жұмыскерлерді жалдамайтын респондент жатады;
4-тармақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімін ішінара тұтыну, айырбастау (сату) үшін өндірумен жеке қосалқы шаруашылықта (жеке аулада) қамтылғанға тек жеке өзінің қосалқы шаруашылығында (ауыл шаруашылығы жұмыстарымен және (немесе) мал күтімі) ғана қамтылған және ішінара өзінің тұтынуы, айырбастауы (сатуы) үшін өндірілген өнімдерді пайдаланатын респондент жатады;
5-тармақ бойынша өзінің тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықта (жеке ауласында) қамтылғанға жеке өзінің қосалқы шаруашылығында (ауыл шаруашылығы жұмыстарымен және (немесе) мал күтімі) қамтылған және өзінің тұтынуы үшін қосалқы шаруашылықта өндірілген өнімді пайдаланатын респондент жатады;
6-тармақ бойынша өндірістік кооператив мүшесіне меншік иелері ұжымының әрбір мүшесі өндірісті, өнімді өткізуді, инвестициялауды ұйымдастыру және кәсіпорын мен кооператив мүшелері арасындағы кірістерді бөлу мәселелерін шешу кезінде тең құқылы болатын, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін меншікті кәсіпорнында (кооперативінде) жұмыс істейтін респондент;
7-тармақ бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық ұйымдардың көмектесетін (ақы төленбейтін) жұмыскеріне жеке меншік кәсіпорында (жеке, отбасылық), шаруа (фермер) қожалығында, туыстарға тиесілі өндірістік кооперативте ақы төлеусіз жұмыс істейтін (көмектесетін) респондент жатады.
8-тармақ бойынша сот шешімімен бас бостандығынан айыру орындарында жүрген адамдар, сондай-ақ ақы төленбейтін әскери немесе баламалы азаматтық қызметті өткеретін адамдар белгіленеді.
10. Санақ парағының 28-сұрағында негізгі қызметтің саласы көрсетіледі. Экономикалық қызмет түрлері бойынша түсіндірме осы санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірмеге 2-қосымшада келтірілген.
11. Санақ парағының 34, 35, 36, 37-сұрақтарында денсаулыққа байланысты (көру, есту, қозғалыс жүйесі, есте сақтау және (немесе) зейінді шоғырландыру) белгілі бір әрекеттерді орындау кезінде респонденттің күнделікті өмірде кездесетін қиындықтары көрсетіледі. Денсаулыққа байланысты уақытша қиындықтар, мысалы, суық тию, жарақаттар, сынықтар және басқалар енгізілмейді.
12. Санақ парағының 38-сұрағы 3-бағанда "Иә, үлкен қиындықтарға тап боламын" және санақ парағының 34, 35, 36, 37-сұрақтарының 4-бағанында "Иә, іс-әрекеттерде толықтай шектелгенмін" деп жауап берген респонденттерге қойылады.
"Жеке" (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парағын толтыру өніндегі түсіндірмеге 1-қосымша |
Сынып санына сәйкес жалпы орта (толық) білім алмаған респонденттердің білім деңгейін анықтау үшін кесте
Респондент білім ұйымының неше сыныбын аяқтады немесе нешінші сыныпта оқиды | Аталған сынып санына сәйкес келетін білім деңгейі |
1961 жылы және одан бұрын толық емес орта мектепті (жеті жылдық) немесе 7 сыныпты бітірді | Негізгі орта |
1963 – 1989 жылдары сегіз жылдық мектепті немесе 8 сыныпты бітірді | -"- |
1990-1992 жылдары тоғыз жылдық мектепті немесе 9 сыныпты бітірді | -"- |
1993 жылы және одан кейін негізгі жалпы білім беру мектебін бітірді | -"- |
Он бір жылдық немесе он екі жылдық орта мектептің 10 сыныбын бітірді | -"- |
Он екі жылдық орта мектептің 11 сыныбын бітірді | -"- |
10-11 (12) сыныптарда оқиды | -"- |
Жалпы орта білімі бар адамдардан басқа, бастауыш кәсіптік білім ұйымында оқиды | -"- |
1961/62 оқу жылдары және одан бұрын 8 сыныптан кеткендер | -"- |
1988/89 оқу жылдары және одан бұрын 9 сыныптан кеткендер | -"- |
10-11 (12) сыныптан кеткендер | -"- |
Жалпы орта білімі бар адамдардан басқа, бастауыш кәсіптік білім ұйымдарынан кеткендер | -"- |
Жалпы бастауыш мектепті бітірді | Бастауыш |
1972 жылы және одан кейін үш жылдық бастауыш жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбын бітірді | -"- |
Кез келген жылы 4-6 сыныпты бітірді | -"- |
1962 жылы және одан кейін 7 сыныпты бітірді | -"- |
1990 жылы және одан кейін 8 сыныпты бітірді | -"- |
5-9 сыныптарда оқып жүр | -"- |
1972/73–1988/89 оқу жылдарында 4 сыныптан кеткен | -"- |
Кез келген жылы 5-7 сыныптан кеткен | -"- |
1962/63 оқу жылдары және одан кейін 8 сыныптан кеткен | -"- |
1989/90 оқу жылдары және одан кейін 9 сыныптан кеткен | -"- |
Бастауыш жалпы білім беру мектебін бітірмеген | Бастауыш білімі жоқ |
1, 2 сыныпты бітірді | -"- |
1972 жылы және одан бұрын үш жылдық бастауыш жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбын бітірді | -"- |
1-4 сыныптарда оқып жүр | -"- |
Кез келген жылы 1-3 сыныптардан кеткен | -"- |
1971/72 оқу жылы және одан бұрын, 1989/90 оқу жылы және одан кейін 4 сыныптан кеткен | -"- |
Мектепте оқымаған, бірақ оқи және жаза біледі. | -"- |
"Жеке" (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірмеге 2-қосымша |
Экономикалық қызмет түрлері бойынша түсіндірме
Экономикалық қызметтің негізгі түрінің атауы | Қызмет түрлері және олардың құрамына кіретін көрсетілетін қызметтер |
1. Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
Маусымдық дақылдарды өсіру |
2. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
Тас көмірді өндіру |
3. Өңдеу өнеркәсібі |
Етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру |
4. Электрмен жабдықтау,газ, бу беру және ауа баптау |
Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу |
5. Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау |
Суды жинау, өңдеу және бөлу |
6. Құрылыс |
Құрылыс жобаларын әзірлеу |
7. Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу |
Автомобильдерді сату |
8. Көлік және қоймалау |
Теңіз және жағалау суларында жүретін жүк көлігі |
9. Тұру және тамақтану бойынша қызметтер |
Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы |
10. Ақпарат және байланыс |
Кітаптар, мерзімді басылымдар шығару және баспагерлік қызметтің басқа түрлері |
11. Қаржылық және сақтандыру қызметі |
Ақша-кредит делдалдығы |
12. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар |
Жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату |
13. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
Құқық саласындағы қызмет |
14. Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет |
Автокөлікті жалдау және жалға беру |
15. Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету |
Жалпы сипатты мемлекеттік басқару, |
16. Білім беру |
Мектепке дейінгі білім беру |
17. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер |
Аурухана ұйымдарының қызметі |
18. Өнер, ойын-сауық және демалыс |
Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет |
19. Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну |
Коммерциялық, кәсіпкерлік және кәсіби мүшелік ұйымдар қызметі |
20. Аумақтан тыс ұйымдардың және органдардың қызметі |
Аумақтан тыс ұйымдардың қызметі |