"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 20 шiлдедегi № 409 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 шiлдеде № 21006 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19602 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      2-тармақты мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырсын:

      "5-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімді беретін және тиісті тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары;";

      2-тармақты мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшаларымен толықтырсын:

      "8) бас үлгі – осы партияның немесе серияның келесі бұйымдарын шығару мен пайдалану үшін құрылымын және техникалық құжаттамасын пысықтай отырып, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы тәжірибелік әскери пайдалану жолымен қолдануы үшін жаңа немесе түзетілген құжаттама бойынша жасалған, тәжірибелік үлгіні жасау көзделмеген жағдайда жасалатын, жасап шығаруы мен монтаждауының ұзақ циклі бар ұсақ сериялы және дара өндірістің бірінші күрделі бұйымы (кешені);

      9) дара (ұсақ сериялы) өнім – бір тапсырыс беруші үшін дайындаланатын және қайта дайындауға көзделмеген бірлі-жарым (ұсақ сериялы) өндірістің өнімі;

      10) тәжірибелік үлгі – оны өндіріске шығару және/немесе арнаулы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында оны сынақтан өткізу арқылы оның берілген техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру үшін жаңадан жасақталған немесе (жетілдіру, түрін өзгерту мақсатында) қайта жасалған тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыс құжаттамасы бойынша жасап шығарылған әскери мақсаттағы өнімнің үлгісі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мүдделі орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар уәкілетті органға МҒБ қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жібереді.

      Уәкілетті орган ұсыныстарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде МҒБ әзірлейді.

      Уәкілетті орган жанынан жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган (ол болған кезде) мүдделі орталық атқарушы органдардан, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардан келіп түскен МҒБ қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

      МҒБ әзірлегеннен кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде МҒБ-ны комиссияға қарауға және мақұлдауға жібереді.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сараптама кеңестері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 876 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулер бойынша, сондай-ақ орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерге сараптама жүргізеді.

      Сараптама кеңестері алқалы органдар болып табылады және Қорғаныс ғылыми-техникалық комиссиясы мақұлдаған мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша құрылады.

      Сараптама кеңестерінің құрамдары қазақстандық құзыретті ғалымдардың, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың, қорғаныс-өнеркәсіптік кешені ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылады және оларды уәкілетті орган бекітеді.

      6. МҒБ-ны қарағаннан және мақұлдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақұлдаған МҒБ шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге өтінімдер жібереді.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының жанында жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган (ол болған кезде) қажетті ғылыми зерттеулерге арналған өтінімдерді оларды уәкілетті органға жіберер алдында мақұлдаған МҒБ шеңберінде қарайды.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мақұлданған МҒБ шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге өтінімдер жібереді.

      7. Уәкiлеттi орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардан өтінімдерді (бұдан әрі – Өтінімдер) алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді іске асыруға арналған өтінімдерді қалыптастыру үшін субъектілерге жібереді.

      Субъектілерге ғылым саласындағы уәкілетті органда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар, сондай-ақ қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдар және (немесе) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар айналымы саласында лицензияланған заңды тұлғалар жатады.

      Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындауға тізілімдегі ұйымдар жіберіледі.";

      9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Субъектілер 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде өтінімдер енгізеді.

      Өтінімдерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оларды тиісті сараптама кеңесінің қарауына жібереді.

      10. Уәкілетті орган сараптама кеңестерінің қорытындыларын алған күннен бастап жұмыс 3 (үш) күн ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға сараптама кеңестерінің қорытындыларын қоса бере отырып, өтінімді жібереді.

      11. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар өтінімдерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде комиссияға одан әрі шығару үшін ғылыми зерттеулердің тізбесін уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алу кезінде жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган (ол болған кезде) уәкілетті органға жіберер алдында ғылыми зерттеулердің тізбесін қарайды.

      12. Уәкілетті орган комиссияға ғылыми зерттеулер тізбелерін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс жобасына енгізу үшін жібереді.

      13. Комиссия ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      14. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік өтінімді әзірлеу үшін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын жібереді.";

      келесі мазмұндағы 16) және 17) тармақтармен толықтырылсын:

      "16. Мынадай жағдайларда:

      1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының негізінде шетелдік үлгі бар және құжаттамасы осы бұйым дайындалуы, жаңғыртылуы (модификациялануы) мүмкін және қойылатын талаптарға сәйкес келетін жаңа бұйымға қажеттілігіні болса:

      бір және одан да көп елдерде сериялық түрде жүргізіледі және қарулануға қабылданды;

      Қазақстан Республикасында ұқсас климаттық жағдайларда пайдаланылады;

      әскери стандарттарға сәйкес келеді;

      Қарулы Күштерді жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техникамен үйлесімді;

      2) жаңа бұйымды сатып алу Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген, ғылыми зерттеулер және (немесе) ұқсас бұйымдарды тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне негізделген және тиісті сыныптау қоғамының мақұлдауы немесе тиісті мемлекеттің әзірлеуші-ұйымында әскери қабылдау өкілдігі қабылдаған жобалау құжаттамасы бойынша жоспарланса, ғылыми зерттеулер жүргізу талап етілмейді.

      17. Бірлі-жарым (ұсақ сериялы) өнімді жасау кезінде тек бұйымның бас үлгісі ғана дайындалады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      2020 жылғы "__" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "__" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      2020 жылғы "__" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2020 жылғы "__" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      2020 жылғы "__" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      2020 жылғы "__" ______________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 409 бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік қорғаныстық
тапсырыс шеңберінде ғылыми
зерттеулерді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мақұлданған мамандандырылған ғылыми бағыттар шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулерге арналған өтінім

1.

Мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы


2.

Ғылыми зерттеу түрі


3.

Ғылыми зерттеудің болжалды ұзақтығы


4.

Ғылыми зерттеудің ұсынылған тақырыбы


5.

Ғылыми зерттеу өзектілігінің негіздемесі


6.

Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері


7.

Күтілетін ғылыми зерттеу нәтижелерінің түрі

Түпкілікті өнім

8.

Ғылыми зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік мақсаты

Қандай бөлімшелерге, тұлғалар санаттарына арналған

9.

Ғылыми зерттеулерге қойылатын қажетті өзге де талаптар мен техникалық сипаттамалар


      Мемлекеттік орган

      басшысының орынбасары                               (қолы)

      Күні

      Ескерту: барлық бағандар Tіmes New Roman қарпімен толтырылады, өлшемі 14, 3 парақтан аспайды.

      __________________________

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 7 ноября 2019 года № 829 "Об утверждении Правил организации и проведения научных исследований в рамках государственного оборонного заказа"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июля 2020 года № 409. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июля 2020 года № 21006

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 7 ноября 2019 года № 829 "Об утверждении Правил организации и проведения научных исследований в рамках государственного оборонного заказа" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19602, опубликован 21 ноября 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах организации и проведения научных исследований в рамках государственного оборонного заказа, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:

      "5-1) получатель государственного оборонного заказа – центральный исполнительный орган, государственный орган, непосредственно подчиненный и подотчетный Президенту Республики Казахстан, их ведомства, подающие заявку на приобретение товаров (продукции) военного назначения, товаров (продукции) двойного назначения (применения), работ военного назначения и услуг военного назначения, входящих в состав государственного оборонного заказа, и получающие соответствующие товары (продукцию), работы, услуги;";

      пункт 2 дополнить подпунктами 8), 9) и 10) следующего содержания:

      "8) головной образец – первое сложное изделие (комплекс) мелкосерийного и единичного производства с длительным циклом изготовления и монтажа, изготовленное по вновь разработанной или откорректированной документации для применения получателем государственного оборонного заказа путем опытной войсковой эксплуатации с одновременной отработкой конструкции и технической документации для производства и эксплуатации последующих изделий данной партии или серии, изготавливаемый, когда изготовление опытного образца не предусмотрено;

      9) единичная (мелкосерийная) продукция – продукция единичного (мелкосерийного) производства, изготавливаемая для одного заказчика и не предусмотренная к повторному изготовлению;

      10) опытный образец – образец продукции военного назначения, изготовленный по вновь разработанной или доработанной (в целях модернизации, модификации) опытно-конструкторской и технологической рабочей документации для проверки путем испытаний его соответствия заданным техническим требованиям с целью принятия решения о возможности постановки его на производство и (или) использования по назначению.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Заинтересованные центральные исполнительные органы, государственные органы, непосредственно подчиненные и подотчетные Президенту Республики Казахстан направляют в уполномоченный орган предложения по формированию СНН.

      Уполномоченный орган в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня получения предложений разрабатывает СНН.

      Консультативно-совещательный орган, функционирующий при уполномоченном органе (при его наличии), рассматривает поступившие от заинтересованных центральных исполнительных органов, государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, предложения по формированию СНН.

      После разработки СНН, уполномоченный орган в течение 5 (пяти) рабочих дней направляет СНН на рассмотрение и одобрение в комиссию.";

      пункты 5, 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "5. Экспертные советы проводят экспертизу по научным исследованиям, а также отчетов по выполненным научным исследованиям в соответствии с правилами проведения экспертизы научных исследований в рамках государственного оборонного заказа, утвержденными приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 22 ноября 2019 года № 876 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19648).

      Экспертные советы являются коллегиальными органами и создаются по специализированным научным направлениям, одобренным Оборонной научно-технической комиссией.

      Составы экспертных советов формируются из числа компетентных казахстанских ученых, представителей центральных исполнительных органов, государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, их ведомств, национальных институтов развития, национальных компаний, организаций оборонно-промышленного комплекса, научных организаций, высших учебных заведений, научных общественных объединений и утверждаются уполномоченным органом.

      6. В течение 3 (трех) рабочих дней после рассмотрения и одобрения СНН, уполномоченный орган направляет получателям государственного оборонного заказа, форму заявки на необходимые научные исследования в рамках одобренных СНН, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Консультативно-совещательный орган, функционирующий при получателе государственного оборонного заказа (при его наличии), рассматривает заявки на необходимые научные исследования в рамках, одобренных СНН перед направлением их в уполномоченный орган.

      Получатели государственного оборонного заказа в течение 5 (пяти) рабочих дней направляют в уполномоченный орган заявки на необходимые научные исследования в рамках одобренных СНН.

      7. После получения заявок от получателей государственного оборонного заказа уполномоченный орган в течение 3 (трех) рабочих дней направляет их субъектам, для формирования заявок на реализацию научных исследований в рамках государственного оборонного заказа (далее - заявки) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      К субъектам относятся юридические лица, аккредитованные в качестве субъекта научной и (или) научно-технической деятельности в уполномоченном органе в области науки, имеющие доступ к сведениям, составляющим государственные секреты, а также лицензированные в сферах оборота вооружения, военной техники и отдельных видов оружия, взрывчатых веществ и изделий с их применением и (или) специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий.

      Для выполнения опытно-конструкторских и технологических работ допускаются организации из реестра.";

      пункты 9, 10, 11, 12, 13 и 14 изложить в следующей редакции:

      "9. Субъекты, в течение 10 (десяти) рабочих дней вносят в уполномоченный орган заявки на государственном и на русском языках.

      В течение 3 (трех) рабочих дней со дня получения заявок, уполномоченный орган направляет их на рассмотрение соответствующего экспертного совета.

      10. Уполномоченный орган в течение 3 (трех) рабочих дней со дня получения заключений экспертных советов направляет получателям государственного оборонного заказа заявки с приложением заключений экспертных советов.

      11. Получатели государственного оборонного заказа в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня получения заявок направляют в уполномоченный орган перечень научных исследований для дальнейшего вынесения на комиссию.

      Консультативно-совещательный орган, функционирующий при получателе государственного оборонного заказа (при его наличии), рассматривает перечень научных исследований перед направлением в уполномоченный орган.

      12. Уполномоченный орган направляет в комиссию перечни научных исследований для включения в проект государственного оборонного заказа.

      13. Комиссия вырабатывает предложения по финансированию научных исследований из республиканского бюджета.

      14. Уполномоченный орган направляет предложения комиссии по финансированию научных исследований получателям государственного оборонного заказа для разработки бюджетной заявки в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.";

      дополнить пунктами 16) и 17) следующего содержания:

      "16. Проведение научных исследований не требуется в случаях:

      1) наличия потребности у получателя государственного оборонного заказа в новом изделии, у которого существует зарубежный образец на основе и документации которого это изделие может быть изготовлено, модернизировано (модифицировано) и соответствует предъявляемым требованиям:

      серийно производится и принят на вооружение в одной и более странах;

      эксплуатируется в климатических условиях, аналогичных в Республике Казахстан;

      соответствует военным стандартам;

      совместим с вооружением и военной техникой, состоящих на оснащении Вооруженных Сил;

      2) когда приобретение нового изделия планируется по разработанной в соответствии с техническим заданием получателя государственного оборонного заказа проектной документацией, основанной на результатах научных исследований и (или) опытной эксплуатации аналогичных изделий, и имеющей одобрение соответствующего классификационного общества или принятой представительством военной приемки в организации-разработчике соответствующего государства.

      17. При создании единичной (мелкосерийной) продукции изготавливается только головной образец изделия.";

      приложение 1 изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту развития оборонно-промышленного комплекса Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и инфраструктурного
развития Республики Казахстан
Б. Атамкулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан
"__" ______________ 2020 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
"__" ______________ 2020 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан
"__" ______________ 2020 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан
"__" ______________ 2020 года

      "СОГЛАСОВАН"
Служба государственной охраны
Республики Казахстан
"__" ______________ 2020 года

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет Национальной Безопасности
Республики Казахстан
"__" ______________ 2020 года

  Приложение к приказу
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 20 июля 2020 года № 409
  Приложение 1 к Правилам
организации и проведения
научных исследований в рамках
государственного оборонного
заказа
  Форма

Заявка на необходимые научные исследования в рамках одобренных специализированных научных направлений

1.

Наименование специализированного научного направления


2.

Вид научного исследования


3.

Предполагаемая продолжительность научного исследования


4.

Предлагаемая тема научного исследования


5.

Обоснование актуальности научного исследования


6.

Цель и задачи научного исследования


7.

Вид ожидаемых результатов научного исследования

Конечная продукция

8.

Практическое назначение результатов научного исследования

Для каких подразделений, категорий лиц

9.

Иные необходимые технические характеристики и требования к научным исследованиям


      Заместитель руководителя государственного органа (подпись)
Дата
Примечание: все графы заполняются шрифтом Times New Roman, размер 14, не более 3 страниц.

                        __________________________