Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2023 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15626 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 14 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жауапкершілік аймағы – оның шегінде құқық тәртібін ұстау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер орындалатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына бекітіліп берілген аумақ;";
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруге қатысты мәселелерді шешу кезінде, сондай-ақ күзетілетін адамдардың басқа әкімшілік аумақтық бірліктерге баруы кезінде жол жүру маршруттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі, келісу кезінде мынадай ақпарат ұсынылады:";
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары бойынша, сондай-ақ күзетілетін адамдардың басқа әкімшілік аумақтық бірліктерге баруы кезінде жол жүру маршруттарын келісуден бас тартқан;".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
генерал-полковник Қ. Қасымов
2020 жылғы "__"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-майоры Е. Тұрғымбаев
2020 жылғы "__"____________