Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32299 болып тіркелді

      "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 шілдедегі № 380 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15626 болып тіркелген);

      2) "Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 27 тамыздағы № 408 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21162 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 320 бұйрығымен
бекітілген

Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өткен уақытта жол жүрісін реттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өткен уақытта жол жүрісін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өткен уақытта жол жүрісін реттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы мақсаттағы көлік құралы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында бірге жүруге жататын шетел әскери делегацияларының өкілдерін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралы;

      2) әскери көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе онда орналасқан жабдықты тасымалдауға арналған немесе адамдарды, жүкті немесе онда орналасқан жабдықты тасымалдау үшін көлік құралдарын сүйреп тартуға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралы;

      3) гарнизонаралық ілесіп жүру – екі және одан көп Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының (бұдан әрі – ӘПО) жауапкершілік аймағы шегінде жүзеге асырылатын ілесіп жүру;

      4) гарнизонішілік ілесіп жүру – бір ӘПО-ның жауапкершілік аймағы шегінде жүзеге асырылатын ілесіп жүру;

      5) жауапкершілік аймағы – оның шегінде құқық тәртібін ұстау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер орындалатын ӘПО-ға бекітіліп берілген аумақ;

      6) ілесіп жүру автомобилі – арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялған ӘПО-ның көлік құралы;

      7) ілесіп жүру – автомобиль жолдарымен және көшелермен белгіленген маршруттар бойынша әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легі өткен уақытта осы лектің жол жүрісі қауіпсіздігін және олардың артықшылығын (басымдығын) қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені;

      8) парк – қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау (қою), техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру үшін жабдықталған аумақ.

      3. Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүру "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ) сақтаумен жүзеге асырылады.

      4. Әскери көлік құралдары не арнайы мақсаттағы көлік құралдары легінің өтуін жүзеге асыру үшін жүру маршруты бойынша басқа көлік құралдарының жүруіне шектеулер енгізумен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет болған жағдайда ілесіп жүру ұйымдастырылады.

      5. Ілесіп жүруге:

      1) саны 6 және одан артық бірлік (жеке құрамды тасымалдау кезінде 3 және одан артық бірлік) әскери көлік құралдары легі;

      2) лек және жекелеген әскери көлік құралдары қару-жарақты, қаруды (қарауыл тасымалдауды қоспағанда), оқ-дәрі мен басқа да жарылу қаупі бар жүкті (жанар-жағар май материалдарын қоспағанда) тасымалдау кезінде, ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдау кезінде, егер көлік құралының ені 4 метрден асатын, автопойыздың ұзындығы 30 метрден асатын болса, қозғалыс кезінде қарсы жүру жолағына ең болмаса ішінара кіруге мәжбүр болатын көлік құралы;

      3) арнайы мақсаттағы көлік құралдары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында бірге жүруге жататын шетел әскери делегацияларының өкілдерін тасымалдау кезінде;

      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы немесе оларға сынау жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілі қару-жарақ, әскери техника үлгілері;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының 48 – 65-тармақтарының талаптарына сәйкес әскери құрметтер көрсетумен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, запаста тұрған адамдарын, офицерлер құрамын және ардагерлерін, Ұлы Отан соғысына және басқа да соғыстарға (Қазақстан Республикасының мүддесінде және Бітімгершілік күштері бөлімшелерінің құрамында қарулы жанжалға және жауынгерлік іс-қимылға) қатысушыларды қаралы (жерлеу) процессия;

      6) олардың санына, тасымалданатын жүгіне және қозғалыс мақсатына қарамастан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрі орынбасарларының өкімі бойынша әскери көлік құралдары жатады.

      6. Ілесіп жүру:

      1) гарнизонішілік ілесіп жүру – ӘПО-ның мекенжайына алдын ала жоспарланған қозғалыс басталар күннен үш жұмыс күні бұрын мерзімде жолданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері командирлерінің, мекемелері бастықтарының (бұдан әрі – әскери бөлімдер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілесіп жүруді ұйымдастыруға өтінімдері (бұдан әрі – Өтінім) бойынша ӘПО бастығының шешімі негізінде;

      2) гарнизонаралық ілесіп жүру – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының (бұдан әрі – ҚР ҚК ӘПББ) мекенжайына алдын ала жоспарланған қозғалыс басталар күннен 3 жұмыс күні бұрын мерзімде жолданатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштері Бас штабы құрылымдық бөлімшелері бастықтарының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының өтінімдері негізінде ҚР ҚК ӘПББ бастығының жеделхаты немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығы бірінші орынбасарының ҚР ҚК ӘПББ бастығына жазбаша берген өкімі бойынша;

      3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрі орынбасарларының ӘПББ бастығына берген өкімі бойынша – арнайы мақсаттағы көлік құралдарына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы немесе оларға сынау жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілі қару-жарақ, әскери техника үлгілері, сондай-ақ олардың санына, тасымалданатын жүкке және қозғалыс мақсатына қарамастан, әскери көлік құралдарына;

      4) әскерді жоғарғы жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтірген жағдай өтінімдер ресімделмей жүзеге асырылады.

      7. Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ күзетілетін адамдардың басқа да әкімшілік аумақтық бірлікке сапары кезінде көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруге қатысты мәселені шешу кезінде қозғалыс маршруттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі, келісу кезінде мынадай ақпарат ұсынылады:

      1) лек құрамы туралы мәліметтер (көлік құралдарының саны, тасымалданатын жүк);

      2) қозғалыс маршруты;

      3) қозғалысты бастау жоспарланған күн мен уақыты;

      4) қарауыл туралы мәліметтер (жеке құрам, қару мен оқ-дәрі саны);

      5) лекте (тасымалдауда) қару-жарағы бар әскери техника немесе кешен құрамына кіретін қару-жарақ болған кезде оның оқталғаны (оқ-дәрінің бар болуы) туралы ақпарат беріледі.

2-тарау. Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруге дайындалу

      8. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ілесіп жүруге жататын көлік құралдарының рейс жасауына өкімді алғаннан кейін әскери бөлім командирі гарнизон ішінде ілесіп жүру үшін ілесіп жүруге өтінім жасайды, немесе гарнизонаралық ілесіп жүруді ұйымдастыруға өтінімді ҚР ҚК ӘПББ-ға жолдау туралы жоғары тұрған штаб алдында өтініш жасайды.

      9. Өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша ҚР ҚК ӘПББ және ӘПО-ның бастықтары ілесіп жүруді ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды, немесе:

      1) өтінімді:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бермеген;

      осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімдерді бұзумен берген;

      2) ілесіп жүруге жататын көлік құралының саны осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған саннан аз болған;

      3) ілесіп жүруге жататын көлік құралдарында олар бар болған кезде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлар тізбесінде көрсетілген ақаулықтар мен жағдайлар анықталған;

      4) көлік құралдары жүргізушілерінде жүргізуші құжаттары болмаған немесе олар ЖЖҚ-ның талаптарына сәйкес келмеген;

      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Астана, Алматы қалалары бойынша, сондай-ақ күзетілетін адамдардың басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша сапары кезінде қозғалыс маршруттарын келісуден бас тартқан;

      6) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келіспей, ірі габаритті жүкті не осы келісуді талап ететін өзге де жүкті тасымалдаған жағдайда ілесіп жүруді ұйымдастырудан бас тартады, бұл ретте екі жұмыс күні мерзімінде бас тарту себептерін көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша хабарлама жолдайды.

      10. Ілесіп жүруді ұйымдастыру туралы шешім қабылданғаннан не жеделхатты алғаннан кейін ӘПО-ның бастығы ілесіп жүруге дайындалу және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      11. Ілесіп жүруге дайындалу кезінде:

      1) ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы:

      жүрудің басталу уақытын, ілесіп жүретін көлік құралының санын, қозғалыс маршрутының бастапқы, аралық және соңғы пункттерін және оның ерекшеліктерін нақтылайды;

      оңтайлы қозғалыс маршрутын әзірлейді, қажет болған кезде оған алдын ала барлау жүргізеді. Әскерді жоғары жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтірген жағдайда қозғалыс маршрутын лек бастығы белгілейді;

      қажетті реттеу бекеттерін, ілесіп жүру мән-жайын, ілесіп жүрілетін көлік құралдарының ерекшелігін және қозғалыстың уақытша кестесін ескере отырып, күштер мен құралдардың есебін, маршрутты қызмет атқару учаскелеріне (секторына) бөлуді жүргізеді;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция органдарымен маршрутты келіседі;

      ілесіп жүру жетекшісін және реттеу орындарындағы учаскелердің (секторлардың) жетекшілерін тағайындайды, реттеу бекеттері санын айқындайды;

      ілесіп жүруге тартылған жеке құрамға арналған киім нысанын, маршрутқа келу, демалу және маршруттан алу уақытын айқындайды;

      ілесіп жүруге тартылған жеке құрамға нұсқау беруді өткізеді, маршруттағы ілесіп жүрудің шарттары мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, әрбір әскери қызметшіге міндет қояды, лектің өту уақытын, жүру жолы маршрутындағы жол жағдайының ерекшеліктерін, өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ күтпеген жағдайдағы (штаттан тыс жағдайдағы) іс-қимылды жеткізеді;

      ілесіп жүру автомобильдерінің техникалық жай-күйін және ілесіп жүруге тартылған жеке құрамның киім нысанын, байланыс құралдарын, қосымша жабдықты және арнайы құралдарды тексереді;

      ресми шетел делегацияларының келуі кезінде олардың жүргізушілері қатысқан кезде болу объектілеріне кірумен арнайы мақсаттағы көлік құралдарының жүру маршруты бойынша ілесіп жүретін көлік құралдарының жаттығып жүріп өтуін өткізеді;

      2) ілесіп жүру жетекшісі:

      ілесіп жүрілетін көлік құралдарының мәлімделген құрамға сәйкестігін, ЖЖҚ-ға сәйкес жүргізушілерде жол жүрісіне қатысуға оларға рұқсат беретін, сондай-ақ көлік құралдарына рұқсат ету құжаттарының болуын, тасымалданатын жүктің жүргізушіде бар ілеспе құжаттарына сәйкестігін тексереді;

      жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін техникалық ақаулықты анықтау мақсатында әскери көлік құралдарына және арнайы мақсаттағы көлік құралдарына шолып қарап-тексеруді жүргізеді;

      ілесіп жүрілетін әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының жүргізушілеріне нұсқау беруді өткізеді;

      ӘПО кезекшісіне ілесіп жүруді орындауға әзірлік, ілесіп жүру тоқтатылған жағдайда оның себептері туралы баяндайды;

      ілесіп жүруді жүзеге асыру кезінде ӘПО кезекшісінің рұқсатымен қозғалысты бастайды;

      ӘПО кезекшісіне учаскелерден, ал жауапкершілік аймағы бойынша ілесіп жүру кезінде елді мекендерден өткені және лекті басқа ӘПО-ға тапсырғаны туралы баяндайды;

      жүру маршрутында инспекторлардың іс-қимылын үйлестіреді;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілесіп жүрілетін техника, лек жетекшісі мен жүргізушілер туралы, сондай-ақ ілесіп жүру барысында анықталған барлық бұзушылық туралы деректерді енгізумен маршрут парағын жасайды;

      3) учаске (сектор) жетекшісі:

      бекітіліп берілген учаскеде инспекторлардың реттеу іс-қимылын білуін тексереді;

      реттеушілердің сыртқы келбетінің дайын болуына, арнайы құралдар мен байланыс құралдарының бар болуына және техникалық жай-күйіне, реттеу кезінде инспекторларды орналастыруға және олардың іс-қимылына, өз учаскесі аймағында ілесіп жүретін техниканың жол жүрісі қауіпсіздігі мен артықшылықпен (басымдықпен) жүріп өтуіне жауап береді;

      4) реттеуші:

      ілесіп жүру техникасының артықшылықпен (басымдықпен) жүріп өтуін қамтамасыз етеді;

      ілесіп жүретін көлік құралдары легінің жүріп өтуі кезінде артықшылықты (басымдықты) қамтамасыз ету үшін қауіп тудыратын көлік құралдарын тоқтатуға шаралар қабылдайды немесе жол жүрісі қауіпсіздігі үшін қауіп тудыратын кезде ілесіп жүретін көлік құралдарының легін тоқтатады;

      ЖЖҚ-ның 5-бөлімі 10-тармағының талаптарына сәйкес реттеу кезінде таяқшаны қолданады, жол қозғалысына қатысушыларға түсінікті болатын қол қимылымен белгілер және басқа да сигналдар береді.

3-тарау. Әскери бөлімдердің лауазымды адамдары және ілесіп жүретін техника

      12. Парктегі ішкі қызметті ұйымдастыруға жауапты әскери бөлімнің лауазымды адамдары әскери көлік құралдарын парктен шығаруды Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Жарғы) 344 – 357-тармақтарының талаптарына сәйкес ұйымдастырады.

      13. Әскери көлік құралдарын парктен ұйымдасқан түрде шығаруды және қауіпсіздік шараларын сақтауды әскери бөлім командирі қамтамасыз етеді.

      14. Әскери бөлім командирі ӘПО-мен келісу бойынша техниканы жинау, лек құру және ӘПО-ның ілесіп жүруімен олардың қозғалысын бастау жүзеге асырылатын орынды (әскери бөлімнен тыс) айқындайды.

      15. Мемлекеттік және халықаралық ауқымдағы іс-шаралар шеңберінде қозғалысты жүзеге асыратын лекті қоспағанда, бір лектегі әскери көлік құралдарының саны 30 бірліктен аспайды.

      Әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген, әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізген және жауынгерлік даярлық жөніндегі басқа да міндеттерді орындаған жағдайда қозғалыс батальон құрамында жеке лекпен жүзеге асырылады.

      16. Лек бастығы:

      1) Жарғының 350-тармағына сәйкес тағайындалады және лек бастығының міндеттерін орындайды;

      2) лекте келе жатқан көлік құралының саны, жеке құрамның, қарудың, оқ-дәрі мен басқа да жүктің саны туралы ақпаратты біледі;

      3) қозғалыс басталар алдында жүргізуші құжаттарының бар болуын және сәйкестігін, көлік құралдарының техникалық жай-күйін, жүктің бар болуын, оның дұрыс тиелуін және бекітілуін тексереді, жүру маршрутын және әрбір көлік құралының лектегі орнын айқындайды және машина жетекшілері мен жүргізушілер жеткізеді;

      4) қозғалыс басталар алдында көлік құралдарының ақаусыздығына және олардың алынған міндетті орындауға әзірлігіне, жеке құрамның дұрыс отырғанына және жүктің берік бекітілгеніне көз жеткізеді;

      5) лектің теміржол өтпелерінен және маршруттың жүріп өтуі қиын учаскелерден кедергісіз жүріп өтуін қамтамасыз ету үшін алдын ала реттеу бекеттерін және көлік құралдарын эвакуациялау үшін тартқыш қояды;

      6) көлік құралдары жүргізушілерінің ЖЖҚ-ны сақтауын қамтамасыз етеді;

      7) лектің жолдың жақсы шолып қаралатын, жүру бөлігінің ені жеткілікті және жиегі қатты топырақты тегіс учаскелерінің жиегіне тоқтауына рұқсат етеді, түнде немесе нашар көріну жағдайында габаритті немесе тоқтап тұру жарықтарының жанып тұруын бақылайды;

      8) жекелеген көлік құралдары мәжбүрлі тоқтаған кезде тоқтау себептерін жоюға не ақаулы көлік құралын эвакуациялауға шаралар қабылдайды;

      9) жекелеген көлік құралдарының тоқтауы лектің қозғалысын тоқтатпайтындай болуын қадағалайды.

      17. Машина жетекшісі:

      1) Жарғының 350-тармағына сәйкес тағайындалады және лек бастығының міндеттерін орындайды;

      2) қозғалыс басталар алдында көлік құралының ақаусыздығына және оның алынған міндетті орындауға әзірлігіне, жеке құрамның дұрыс отырғанына және жүктің берік бекітілгеніне көз жеткізеді;

      3) кабинаның есіктері және шанақтың борттары жабық болған кезде ғана қозғалуға рұқсат етеді, ЖЖҚ-ға сәйкес жолда көлік құралы техникалық жай-күйінің ақаусыздығын қамтамасыз етеді;

      4) көлік құралы жүргізушісінің ЖЖҚ сақтауын қамтамасыз етеді;

      5) көлік құралының жолдың жақсы шолып қаралатын, жүру бөлігінің ені жеткілікті және жиегі қатты топырақты тегіс учаскелерінің жиегіне тоқтауына рұқсат етеді, түнде немесе нашар көріну жағдайында габаритті немесе тоқтап тұру жарықтарының уақтылы жанып тұруын бақылайды;

      6) көлік құралы мәжбүрлі тоқтаған кезде жолдың жүріс бөлігінен алынғанын, ал өрде немесе еңісте тоқтаған кезде тұрақ тежегішімен сенімді тежелгенін, дөңгелектеріне қалыптар қойылғанын қадағалайды;

      7) көлік құралының мәжбүрлі тоқтауы барлық лектің қозғалысын тоқтатпайтындай болуын қадағалайды.

      18. Ілесіп жүретін көлік құралының жүргізушісі:

      1) жүру басталар алдында көлік құралының ақаусыздығына және оның алынған міндетті орындауға әзірлігіне, жеке құрамның дұрыс отырғанына және жүктің берік бекітілгеніне көз жеткізеді;

      2) аялдауларда көлік құралының техникалық жай-күйін, жүктің реттеп салынуын және бекітілгенін, тіркеменің тіркелу сенімділігін тексереді, анықталған ақаулықтар мен кемшіліктерді жояды;

      3) қозғалыс уақытында ЖЖҚ-ны сақтайды, лекте лек бастығы айқындаған кезектілікте жүреді, барлық бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін ұдайы қадағалайды, көрсеткіштер нормалардан ауытқыған жағдайда, сондай-ақ көлік құралында әрі қарай жүруге кедергі келтіретін ақаулықтар пайда болған кезде тоқтайды, ақаулықтың себебін анықтайды және оны жоюға шаралар қабылдайды;

      4) мәжбүрлі тоқтаған кезде белгіленген сигнал береді және көлік құралын оң жақ шеткі қатарда немесе жолдың жиегінде тоқтатады, ЖЖҚ 7-бөлімінің талаптарына сәйкес көлік құралын белгілейді;

      5) мәжбүрлі тоқтау себептерін жойғаннан кейін, машина жетекшісінің рұқсатымен лектің соңында жүруді жалғастырады, лектегі өз орнына орналасуды лек жетекшісінің рұқсатымен қатаң түрде тоқтаған кезде немесе аялдайтын орында жүргізеді. Жүріп келе жатқан лекті басып озуға жол берілмейді.

4-тарау. Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүру

      19. Әскери көлік құралдары легіне ілесіп жүру автомобиль жолдары мен көшелерде осы лектер өткен уақытта жүзеге асырылады.

      20. Әскери көлік құралдарының легін құру әскери бөлімдердің парктерінен тыс жүзеге асырылады.

      21. Лектің қозғалыс маршруты дала жолымен немесе жолдан тыс жермен өткен жағдайда лекке автомобиль жолдарынан және көшелерден шығатын жерге дейін ғана ілесіп жүріледі және олар одан әрі жүруді дербес жалғастырады. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын жолдар қиылысқан жерде ӘПО жол қозғалысын реттеуді ұйымдастырады. Жол жүрісін реттеу үшін қосымша әскери бөлімдер жол-коменданттық бөлімшелерінің әскери қызметшілері тартылуы мүмкін.

      22. Ілесіп жүрілетін техниканың санына, ілесіп жүрілетін көлік құралдарының ерекшеліктеріне, жол жағдайының ерекшеліктеріне, көлік құралдары қозғалысының қарқындылығына және басқа да мән-жайға байланысты ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы экипаждардың және ілесіп жүру автомобильінің санын айқындайды.

      Ілесіп жүру автомобильдерінде ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы айқындаған адамдардан басқа бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

      23. Бір ілесіп жүру автомобилімен ілесіп жүру кезінде ілесіп жүру автомобилі осы бағытта жүруге арналған оң жақ жолақ бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арақашықта ілесіп жүрілетін көлік құралдарының алдында қозғалады.

      24. Екі ілесіп жүру автомобилімен ілесіп жүру кезінде олардың біреуі ілесіп жүрілетін көлік құралдарының алдында қозғалады, ал екіншісі осы бағытта жүру үшін бір жолағы бар жолда және басқа да қауіпті жерде басқа да көлік құралдарының оны басып озбауын ескерту үшін ілесіп жүретін лектің соңынан жүреді.

      25. Үш ілесіп жүру автомобилімен ілесіп жүру кезінде оның біреуі (негізгісі) ілесіп жүрілетін көлік құралдары легінің алдында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арақашықтықта, екіншісі – негізгі ілесіп жүретін автомобильдің алдында жол жүрісі қауіпсіздігін және артықшылықпен (басымдықпен) жүріп өтуді қамтамасыз етуге алдын ала шаралар қабылдау, реттеушілерді ілесіп жүретін көлік құралдарының жақындағаны туралы хабардар ету және негізгі ілесіп жүретін автомобиль экипажын қозғалыс жағдайы туралы хабардар ету үшін 100 – 150 метр арақашықтықта қозғалады. Үшінші ілесіп жүру автомобилі лектің соңында қозғалады.

      26. ӘПО бастығының шешімі бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау үшін не өзге де қажетті жағдайда ілесіп жүру үшін ӘПО-ның басқа да бөлімшелерінің әскери қызметшілері тартылуы мүмкін.

      27. Арнайы мақсаттағы көлік құралдарына ілесіп жүру кезінде жүру жылдамдығы жол және ауа райы жағдайын ескеріле отырып таңдалады.

      28. Әскери көлік құралдары легіне ілесіп жүру кезінде жүру жылдамдығын ілесіп жүру жетекшісі лектің барлық жүру маршруты жолындағы жол жағдайына, шолып қаралуы мен көрінуіне, көлік құралдары қозғалысының қарқындылығына байланысты, ЖЖҚ талаптарын ескере отырып белгілейді.

      29. Егер ілесіп жүрілетін лектің қозғалыс жылдамдығы ЖЖҚ-мен рұқсат етілгеннен аз болса, ал жол жағдайы жолдағы көлік құралдарына оны басып озуға мүмкіндік бермесе, ілесіп жүру жетекшісі оның артынан жиналып қалған көлік құралдарын өткізіп жіберу үшін лекті кезең-кезеңімен тоқтатады.

  Әскери көлік құралдарының
және арнайы мақсаттағы көлік
құралдарының легіне ілесіп
жүруді ұйымдастыру және
қамтамасыз ету, автомобиль
жолдары мен көшелерде осы лек
өтетін уақытта жол жүрісін
реттеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
құжат жолданған адамның
лауазымы

      Әскери бөлімнің

      (мекеменің)

      бұрыштама мөртаңбасы

Ілесіп жүруді ұйымдастыруға өтінім

      "Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне

      ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде

      осы лек өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы"

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы "__"______ № ___

      бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы ________________________________________

                                    (әскери бөлімнің (мекеменің) атауы)

      әскери көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыруыңызды сұраймын:

Р/с №

Көлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Тіркеме маркасы

Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Жүргізушінің әскери атағы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

Машина жетекшісінің (лек жетекшісінің) әскери атағы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

Тасымалданатын жүк









      жоспарланған қозғалыс маршруты;

      қозғалысты бастаудың жоспарланған күні мен уақыты;

      жоспарланған аялдайтын, толтырып май құю және қонатын орындар;

      қарауыл туралы мәліметтер (жеке құрам, қару мен оқ-дәрі саны);

      лекте (тасымалдауда) қару-жарағы бар әскери техника немесе қару-жарақ кешеннің құрамына кіретін қару-жарақ болған кезде оның оқталғаны (оқ-дәрілердің бар болуы) туралы ақпарат ұсынылады.

____________________________________ ____________________________________ (өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

  Әскери көлік құралдарының
және арнайы мақсаттағы көлік
құралдарының легіне ілесіп
жүруді ұйымдастыру және
қамтамасыз ету, автомобиль
жолдары мен көшелерде осы лек
өтетін уақытта жол жүрісін
реттеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Маршрут парағы

      _____________№_____

      (күні)

      Әскери бөлім (мекеме) ________________________

      Ілесіп жүру үшін негіздеме __________________________________________________

      Лек бастығы ____________________________________________________________

                        (штаттық лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

      Техникалық тұйықтау жетекшісі _____________________________________________

                        (штаттық лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

Лек құрамы:

Р/с №

Көлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Жүргізушінің әскери атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

Машина жетекшісінің әскери атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде).

1.





      Қозғалыс маршруты ________________________________________________________

      Ілесіп жүру маршруты (жауапкершілік аймағы шегінде) __________________________

      Ілесіп жүруге тартылатын күштер мен құралдар туралы мәліметтер: әскери полиция органы ____________

      Ілесіп жүру автомобильдері:

      1. Маркасы ______________ МТНБ ________ жүргізуші _________________________

      (әскери атағы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

      2. Маркасы ______________ МТНБ ________ жүргізуші __________________________

                                                (әскери атағы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

      3. Маркасы _______________ МТНБ ________ жүргізуші _________________________

                                                (әскери атағы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

      Ілесіп жүру жетекшісі _______________________________________________________

                                    (лауазымы, әскери атағы, Т.А.Ә (ол бар болған кезде)

      Лек _______________________________________________ ілесіп жүруіне тапсырылды

      (әскери полиция органы, гарнизон)

      __________________________________________________________________________

                        (күні, уақыты, лекті тапсыру орны)

      Ілесіп жүру жетекшісінің ескертулері

      __________________________________________________________________________

      саны

      ____________________________________________бірлік әскери көлік құралдары легі

      Тапсырды: _______________________________________________________________

      (күні, уақыты, ілесіп жүру жетекшісінің әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

      Қабылдады: ______________________________________________________________

      (күні, уақыты, ілесіп жүру жетекшісінің әскери атағы, қолы, Т.А.Ә .(ол бар болған кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады