Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте № 15626 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 320 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2023 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау және оған қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) бұйрықты алғашқы ресми жариялағанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің

      бастығы

      генерал-лейтенант

      _______ А. Күреңбеков

      2017 жылғы 3 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      _______ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 31 шілде

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 24 шілдедегі
№ 380 бұйрығымен
бекітілген

Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының
колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары
мен көшелерде осы колонналар өткен уақытта жол жүрісін реттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өткен уақытта жол жүрісін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өткен уақытта жол жүрісін реттеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы мақсаттағы көлік құралы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында бірге жүруге жататын шетел әскери делегацияларының өкілдерін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралы;

      2) әскери көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе онда орналасқан жабдықты тасымалдауға арналған немесе адамдарды, жүктерді немесе онда орналасқан жабдықты тасымалдауға арналған көлік құралдарын тіркеуге алатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралы;

      3) гарнизонаралық ілесіп жүру – екі және одан көп әскери полиция органдарының (бұдан әрі – ӘПО) жауапкершілік аймақтары шегінде жүзеге асырылатын ілесіп жүру;

      4) гарнизонішілік ілесіп жүру – бір ӘПО-ның жауапкершілік аймағы шегінде жүзеге асырылатын ілесіп жүру;

      4-1) жауапкершілік аймағы – оның шегінде құқық тәртібін ұстау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер орындалатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына бекітіліп берілген аумақ;

      5) ілесіп жүру автомобилі – арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялған әскери полиция көлік құралы;

      6) ілесіп жүру – автомобиль жолдарымен және көшелермен белгіленген маршруттар бойынша әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналары өткен уақытта осы колонналардың жол жүрісі қауіпсіздігін және олардың артықшылығын (басымдығын) қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені;

      7) парк – қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау (қою), техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру үшін жабдықталған аумақ.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 27.08.2020 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүру "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ) сақтаумен жүзеге асырылады.

      4. Әскери көлік құралдары не арнайы мақсаттағы көлік құралдары колонналарының өтуін жүзеге асыру үшін жүру маршруты бойынша басқа көлік құралдарының жүруіне шектеулер енгізумен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет болған жағдайларда ілесіп жүру ұйымдастырылады.

      5. Ілесіп жүруге:

      1) саны 6 және одан артық бірлік (жеке құрамды тасымалдау кезінде 3 және одан артық бірлік) әскери көлік құралдары колонналары;

      2) колонналар және жекелеген әскери көлік құралдары, қару-жарақты, қаруды (қарауыл тасымалдауды қоспағанда), оқ-дәрі мен басқа да жарылу қаупі бар жүктерді (жанар-жағар май материалдарын қоспағанда) тасымалдау кезінде, ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдау кезінде, егер көлік құралының ені 4 метрден асатын, автопоездың ұзындығы 30 метрден асатын болса, жүру кезінде қарсы жүру жолағын ең болмаса жартылай алатын көлік құралы;

      3) арнайы мақсаттағы көлік құралдары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында бірге жүруге жататын шетел әскери делегацияларының өкілдерін тасымалдау кезінде;

      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы немесе оларға сынаулар жүргізу үшін арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілі қару-жарақ, әскери техника үлгілері;

      5) олардың санына, тасымалданатын жүкке және жүру мақсаттарына қарамастан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрі орынбасарларының өкімі бойынша әскери көлік құралдары жатады.

      6. Ілесіп жүру:

      1) гарнизонішілік ілесіп жүру – ӘПО мекенжайына алдын ала жоспарланған жүру басталар күннен 3 жұмыс күні бұрын мерзімде жолданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері (бұдан әрі – әскери бөлімдер) командирлерінің (мекемелер бастықтарының) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілесіп жүруді ұйымдастыруға өтінімдері (бұдан әрі – Өтінім) бойынша ӘПО бастығының шешімі негізінде;

      2) гарнизонаралық ілесіп жүру – ӘПББ мекенжайына алдын ала жоспарланған жүру басталар күннен 3 жұмыс күні бұрын мерзімде жолданатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштері Бас штабы департаменттері, бас басқармалары мен басқармалары бастықтарының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы (бұдан әрі – ҚР ҚК ӘПББ) бастығының жеделхаты, не Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығы бірінші орынбасарының ҚР ҚК ӘПББ бастығына жазбаша берген өкімі бойынша;

      3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрі орынбасарларының ӘПББ бастығына берген өкімі бойынша – арнайы мақсаттағы көлік құралдарына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы немесе оларға сынаулар жүргізу үшін арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілі қару-жарақ, әскери техника үлгілері, сондай-ақ олардың санына, тасымалданатын жүкке және жүру мақсаттарына қарамастан, әскери көлік құралдарына;

      4) әскерлерді жоғарғы жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтірген жағдайларда, өтінімдер ресімделмей жүзеге асырылады.

      7. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруге қатысты мәселелерді шешу кезінде, сондай-ақ күзетілетін адамдардың басқа әкімшілік аумақтық бірліктерге баруы кезінде жол жүру маршруттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі, келісу кезінде мынадай ақпарат ұсынылады:

      1) колонна құрамы туралы мәліметтер (көлік құралдарының саны, тасымалданатын жүк);

      2) жүру маршруты;

      3) жүруді бастаудың жоспарланған күні мен уақыты;

      4) қарауыл туралы мәліметтер (жеке құрам, қару мен оқ-дәрі саны);

      5) колоннада (тасымалдауда) қару-жарағы не қару-жарақ кешендері құрамына кіретін әскери техника бар болған кезде оның оқталғаны (оқ-дәрінің бар болуы).

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 27.08.2020 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруге дайындық

      8. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ілесіп жүруге жататын көлік құралдарының рейс жасауына өкімді алғаннан кейін әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) гарнизон ішінде ілесіп жүру үшін ілесіп жүруге өтінім жасайды, не жоғары тұрған штаб алдында гарнизонаралық ілесіп жүруді ұйымдастыруға өтінімді ҚР ҚК ӘПББ-ға жолдау туралы өтініш жасайды.

      9. Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚР ҚК ӘПББ және ӘПО бастықтары ілесіп жүруді ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды, немесе:

      1) өтінімді:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бермеген;

      осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімдерді бұзумен берген;

      2) ілесіп жүруге жататын көлік құралдарының саны осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған саннан аз болған;

      3) ілесіп жүруге жататын көлік құралдарында олар бар болған кезде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлар тізбесінде көрсетілген ақаулықтар мен жағдайлар анықталған;

      4) көлік құралдары жүргізушілерінде жүргізуші құжаттары болмаған немесе олар ЖЖҚ-ның талаптарына сәйкес келмеген;

      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары бойынша, сондай-ақ күзетілетін адамдардың басқа әкімшілік аумақтық бірліктерге баруы кезінде жол жүру маршруттарын келісуден бас тартқан;

      6) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келіспей, ірі габаритті жүкті не осы келісуді талап ететін өзге де жүкті тасымалдаған жағдайларда;

      7) егер жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауіп төндірсе, өзге де жағдайларда ілесіп жүруді ұйымдастырудан бас тартады және екі жұмыс күні мерзімінде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша еркінше түрде тиісті хабарламаны жолдайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 27.08.2020 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ілесіп жүруді ұйымдастыру туралы шешім қабылданғаннан не жеделхатты алғаннан кейін ӘПО бастығы ілесіп жүруге дайындалу және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      11. Ілесіп жүруге дайындалу кезінде:

      1) ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы:

      жүрудің басталу уақытын, ілесіп жүруге жататын көлік құралдарының санын, жүру маршрутының бастапқы, аралық және соңғы пункттерін және оның ерекшеліктерін нақтылайды;

      жүрудің оңтайлы маршрутын әзірлейді, қажет болған кезде оған алдын ала барлау жүргізеді. Әскерлерді жоғары жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтірген жағдайларда жүру маршрутын колонна бастығы белгілейді;

      қажетті реттеу бекеттерін, ілесіп жүру мән-жайларын, ілесіп жүрілетін көлік құралдарының ерекшелігін және қозғалыстың уақытша кестесін ескере отырып, күштер мен құралдардың есебін, маршрутты қызмет атқару учаскелеріне (секторларына) бөлуді жүргізеді;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция органдарымен маршрутты келіседі;

      ілесіп жүру жетекшісін және реттеу орындарындағы учаскелердің (секторлардың) жетекшілерін тағайындайды, реттеу бекеттері санын айқындайды;

      ілесіп жүруге тартылған жеке құрамға арналған киім нысанын, маршрутқа келу, демалу және маршруттан алу уақытын айқындайды;

      ілесіп жүруге тартылған жеке құрамға нұсқау беруді өткізеді, маршруттағы ілесіп жүрудің шарттары мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, әрбір әскери қызметшіге міндет қояды, колонналардың өту уақытын, жүру жолы маршрутындағы жол жағдайларының ерекшеліктерін, өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ күтпеген жағдайлардағы (штаттан тыс жағдайлардағы) іс-қимылдарды жеткізеді;

      ілесіп жүру автомобильдерінің техникалық жай-күйін және ілесіп жүруге тартылған жеке құрамның киім нысанын, байланыс құралдарын, қосымша жабдықты және арнайы құралдарды тексереді;

      ресми шетел делегацияларының келуі кезінде олардың жүргізушілері қатысқан кезде болу объектілеріне кірумен арнайы мақсаттағы көлік құралдарының жүру маршруты бойынша ілесіп жүретін көлік құралдарының жаттығып жүріп өтуін өткізеді;

      2) ілесіп жүру жетекшісі:

      ілесіп жүрілетін көлік құралдарының мәлімделген құрамға сәйкестігін, ЖЖҚ сәйкес жүргізушілерде жол жүрісіне қатысуға оларға рұқсат беретін, сондай-ақ көлік құралдарына рұқсат ету құжаттарының болуын, тасымалданатын жүктердің жүргізушіде бар ілеспе құжаттарына сәйкестігін тексереді;

      жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін техникалық ақаулықтарды анықтау мақсатында әскери көлік құралдарына және арнайы мақсаттағы көлік құралдарын шолып қарап тексеруді жүргізеді;

      ілесіп жүрілетін әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының жүргізушілеріне нұсқау беруді өткізеді;

      ӘПО кезекшісіне ілесіп жүруді орындауға әзірлік, ілесіп жүру тоқтатылған жағдайда оның себептері туралы баяндайды;

      ілесіп жүруді жүзеге асыру кезінде ӘПО кезекшісінің рұқсатымен қозғалысты бастайды;

      ӘПО кезекшісіне учаскелерден, ал жауапкершілік аймағы бойынша ілесіп жүру кезінде елді мекендерден өткені және лекті басқа ӘПО-ға тапсырғаны туралы баяндайды;

      жүру маршрутында инспекторлардың іс-қимылдарын үйлестіреді;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілесіп жүрілетін техника, колонна жетекшісі мен жүргізушілер туралы, сондай-ақ ілесіп жүру барысында анықталған барлық бұзушылықтар туралы деректерді енгізумен маршрут қағазын жасайды;

      3) учаске (сектор) жетекшісі:

      бекітіліп берілген учаскеде инспекторлардың реттеу іс-қимылдарын білуін тексереді;

      реттеушілердің сыртқы келбетінің дайын болуына, арнайы құралдар мен байланыс құралдарының бар болуына және техникалық жай-күйіне, реттеу кезінде инспекторларды орналастыруға және олардың іс-қимылдарына, өз учаскесі аймағында ілесіп жүретін техниканың жол жүрісі қауіпсіздігі мен артықшылықпен (басымдықпен) жүріп өтуіне жауап береді;

      4) реттеуші:

      ілесіп жүру техникасының артықшылықпен (басымдықпен) жүріп өтуін қамтамасыз етеді;

      ілесіп жүретін көлік құралдары колонналарының жүріп өтуі кезінде артықшылықты (басымдықты) қамтамасыз ету үшін қауіп тудыратын көлік құралдарын тоқтатуға шаралар қабылдайды немесе жол жүрісі қауіпсіздігі үшін қауіп тудыратын кезде ілесіп жүретін көлік құралдарының колоннасын тоқтатады;

      ЖЖҚ-ның 5-бөлімі 10-тармағының талаптарына сәйкес реттеу кезінде таяқшаны қолданады, жол қозғалысына қатысушыларға түсінікті қол қимылдарымен белгілер және басқа да сигналдар береді.

3-тарау. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) лауазымды адамдары және ілесіп жүретін техника

      12. Парктегі ішкі қызметті ұйымдастыруға жауапты әскери бөлімнің лауазымды адамдары әскери көлік құралдарын парктен шығаруды Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Жарғы) 344-357 тармақтарының талаптарына сәйкес ұйымдастырады.

      13. Әскери көлік құралдарын парктен ұйымдасқан түрде шығаруды және қауіпсіздік шараларын сақтауды әскери бөлім командирі қамтамасыз етеді.

      14. Әскери бөлім командирі ӘПО-мен келісу бойынша техниканы жинау, колонналарды құру және ӘПО-ның ілесіп жүруімен олардың жүруін бастау жүзеге асырылатын орынды (әскери бөлімнен тысқары) айқындайды.

      15. Мемлекеттік және халықаралық ауқымдағы іс-шаралар шеңберінде қозғалысты жүзеге асыратын лектерді қоспағанда, бір колоннадағы әскери көлік құралдарының саны 30 бірліктен аспайды.

      Әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірген, әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізген және жауынгерлік даярлық жөніндегі басқа да міндеттерді орындаған жағдайларда қозғалыс батальон құрамында жеке колонналармен жүзеге асырылады.

      16. Колонна бастығы:

      1) Жарғының 350 тармағына сәйкес тағайындалады және колонна бастығының міндеттерін орындайды;

      2) колоннада келе жатқан көлік құралдарының саны, жеке құрамның, қарудың, оқ-дәрі мен басқа да жүктің саны туралы ақпаратты біледі;

      3) жүру басталар алдында жүргізуші құжаттарының бар болуын және сәйкестігін, көлік құралдарының техникалық жай-күйін, жүктің бар болуын, оның дұрыс тиелуін және бекітілуін тексереді, жүру маршрутын және әрбір көлік құралының колоннадағы орнын айқындайды және машина жетекшілері мен жүргізушілер жеткізеді;

      4) жүру басталар алдында көлік құралдарының ақаусыздығына және олардың алынған міндетті орындауға әзірлігіне, жеке құрамның дұрыс отырғанына және жүктің берік бекітілгеніне көз жеткізеді;

      5) колоннаның теміржол өтпелерінен және маршруттың жүріп өту қиын учаскелерінен кедергісіз жүріп өтуін қамтамасыз ету үшін алдын ала реттеу бекеттерін және көлік құралдарын эвакуациялау үшін сүйрегіштер қояды;

      6) көлік құралдары жүргізушілерінің ЖЖҚ сақтауын қамтамасыз етеді;

      7) колоннаның жолдардың жақсы шолып қаралатын, жүру бөлігінің ені жеткілікті және жиегі қатты топырақты тегіс учаскелерінің жиегіне ғана тоқтауына рұқсат етеді, түнде немесе нашар көріну жағдайларында габаритті немесе тоқтап тұру жарықтарының жанып тұруын бақылайды;

      8) жекелеген көлік құралдары мәжбүрлі тоқтаған кезде тоқтау себептерін жоюға не ақаулы көлік құралын эвакуациялауға шаралар қабылдайды;

      9) жекелеген көлік құралдарының тоқтауы колоннаның қозғалысын тоқтатпайтындай болуын қадағалайды.

      17. Машина жетекшісі:

      1) Жарғының 350 тармағына сәйкес тағайындалады және колонна бастығының міндеттерін орындайды;

      2) жүру басталар алдында көлік құралының ақаусыздығына және оның алынған міндетті орындауға әзірлігіне, жеке құрамның дұрыс отырғанына және жүктің берік бекітілгеніне көз жеткізеді;

      3) кабинаның есіктері және шанақтың борттары жабық болған кезде ғана қозғалуға рұқсат етеді, ЖЖҚ-ға сәйкес жолда көлік құралы техникалық жай-күйінің ақаусыздығын қамтамасыз етеді;

      4) көлік құралы жүргізушісінің ЖЖҚ сақтауын қамтамасыз етеді;

      5) көлік құралының жолдардың жақсы шолып қаралатын, жүру бөлігінің ені жеткілікті және жиегі қатты топырақты тегіс учаскелерінің жиегіне ғана тоқтауына рұқсат етеді, түнде немесе нашар көріну жағдайларында габаритті немесе тоқтап тұру жарықтарының уақтылы жанып тұруын бақылайды;

      6) көлік құралы мәжбүрлі тоқтаған кезде жолдың жүріс бөлігінен алынғанын, ал өрде немесе еңісте тоқтаған кезде тұрақ тежегішімен сенімді тежелгенін, дөңгелектеріне қалыптар қойылғанын қадағалайды;

      7) көлік құралының мәжбүрлі тоқтауы барлық колоннаның қозғалысын тоқтатпайтындай болуын қадағалайды.

      18. Ілесіп жүретін көлік құралының жүргізушісі:

      1) жүру басталар алдында көлік құралының ақаусыздығына және оның алынған міндетті орындауға әзірлігіне, жеке құрамның дұрыс отырғанына және жүктің берік бекітілгеніне көз жеткізеді;

      2) аялдауларда көлік құралының техникалық жай-күйін, жүктің реттеп салынуын және бекітілгенін, тіркеменің тіркелу сенімділігін тексереді, анықталған ақаулықтар мен кемшіліктерді жояды;

      3) қозғалыс уақытында ЖЖҚ-ны сақтайды, колоннада колонна бастығы айқындаған кезектілікте жүреді, барлық бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін ұдайы қадағалайды, көрсеткіштер нормалардан ауытқыған жағдайда, сондай-ақ көлік құралында әрі қарай жүруге кедергі келтіретін ақаулықтар пайда болған кезде тоқтайды, ақаулықтың себебін анықтайды және оны жоюға шаралар қабылдайды;

      4) мәжбүрлі тоқтаған кезде белгіленген сигнал береді және көлік құралын оң жақ шеткі қатарда немесе жолдың жиегінде тоқтатады, ЖЖҚ 7-бөлімінің талаптарына сәйкес көлік құралын белгілейді;

      5) мәжбүрлі тоқтау себептерін жойғаннан кейін, машина жетекшісінің рұқсатымен колоннаның соңында жүруді жалғастырады, колоннадағы өз орнына орналасуды колонна жетекшісінің рұқсатымен қатаң түрде тоқтаған кездерде немесе аялдайтын орындарда жүргізеді. Жүріп келе жатқан колоннаны басып озуға жол берілмейді.

4-тарау. Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүру

      19. Әскери көлік құралдары колонналарына ілесіп жүру автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өткен уақытта жүзеге асырылады.

      20. Әскери көлік құралдарының колонналарын құру әскери бөлімдердің парктерінен тысқары жүзеге асырылады.

      21. Колонналардың жүру маршруты дала жолдарымен немесе жолдардан тыс жерлермен өткен жағдайларда колонналарға автомобиль жолдарынан және көшелерден шығатын жерлерге дейін ғана ілесіп жүріледі және олар одан әрі жүруді дербес жалғастырады. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын жолдар қиылысқан жерде ӘПО жол қозғалысын реттеуді ұйымдастырады. Жол жүрісін реттеу үшін қосымша әскери бөлімдер жол-коменданттық бөлімшелерінің әскери қызметшілері тартылуы мүмкін.

      22. Ілесіп жүрілетін техниканың санына, ілесіп жүрілетін көлік құралдарының ерекшеліктеріне, жол жағдайларының ерекшеліктеріне, көлік құралдары қозғалысының қарқындылығына және басқа да мән-жайларға байланысты ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы экипаждардың және ілесіп жүру автомобильдерінің санын айқындайды.

      Ілесіп жүру автомобильдерінде ӘПО-ның уәкілетті лауазымды адамы айқындаған адамдардан басқа бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

      23. Бір ілесіп жүру автомобилімен ілесіп жүру кезінде ілесіп жүру автомобилі осы бағытта жүру үшін арналған оң жақ жолақ бойынша жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арақашықта ілесіп жүрілетін көлік құралдарының алдында қозғалады.

      24. Екі ілесіп жүру автомобилімен ілесіп жүру кезінде олардың біреуі ілесіп жүрілетін көлік құралдарының алдында қозғалады, ал екіншісі осы бағытта жүру үшін бір жолағы бар жолдарда және басқа да қауіпті жерлерде басқа да көлік құралдарының оны басып озбауын ескерту үшін ілесіп жүретін колоннаның соңынан жүреді.

      25. Үш ілесіп жүру автомобилімен ілесіп жүру кезінде оның біреуі (негізгісі) ілесіп жүрілетін көлік құралдары колоннасының алдында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арақашықтықта, екіншісі – негізгі ілесіп жүретін автомобильдің алдында жол жүрісі қауіпсіздігін және артықшылықпен (басымдықпен) жүріп өтуді қамтамасыз етуге алдын ала шаралар қабылдау, реттеушілерді ілесіп жүретін көлік құралдарының жақындағаны туралы хабардар ету және негізгі ілесіп жүретін автомобиль экипажын қозғалыс жағдайлары туралы хабардар ету үшін 100 – 150 метр арақашықтықта қозғалады. Үшінші ілесіп жүру автомобилі колоннаның соңында қозғалады.

      26. ӘПО бастығының шешімі бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау үшін не өзге де қажетті жағдайларда ілесіп жүру үшін ӘПО-ның басқа да бөлімшелерінің қызметкерлері тартылуы мүмкін.

      27. Арнайы көлік құралдарына ілесіп жүру кезінде жүру жылдамдығы жол және ауа райы жағдайлары ескеріле отырып таңдалады.

      28. Әскери көлік құралдары колонналарына ілесіп жүру кезінде жүру жылдамдығын ілесіп жүру жетекшісі колоннаның барлық жүру маршруты жолындағы жолдардың жағдайларына, шолып қаралуы мен көрінуіне, көлік құралдары қозғалысының қарқындылығына байланысты, ЖЖҚ талаптарын ескере отырып белгілейді.

      29. Егер ілесіп жүрілетін колоннаның қозғалыс жылдамдығы ЖЖҚ-мен рұқсат етілгеннен аз болса, ал жолдардың жағдайлары жолдағы көлік құралдарына оны басып озуға мүмкіндік бермесе, ілесіп жүру жетекшісі оның артынан жиналып қалған көлік құралдарын өткізіп жіберу үшін колоннаны кезең-кезеңімен тоқтатады.

  Әскери көлік құралдарының және арнайы
мақсаттағы көлік құралдарының
колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары
мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта
жол жүрісін реттеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      _______________________________

      құжат жолданған адамның лауазымы

      Әскери бөлімнің

      (мекеменің)

      бұрыштама мөртаңбасы

Ілесіп жүруді ұйымдастыруға өтінім

      "Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы "__"______ № ___ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы__________________________________________________

      (әскери бөлімнің немесе мекеменің атауы)

      әскери көлік құралдарының колоннасына ілесіп жүруді ұйыдастыруыңызды сұраймын:

Р/с №

Көлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Тіркеме маркасы

Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Жүргізушінің әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

Машина жетекшісінің (колонна жетекшісінің) әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

Тасымалданатын жүк









      жоспарланған жүру маршруты;

      жүруді бастаудың жоспарланған күні мен уақыты;

      жоспарланған аялдайтын, толтырып май құю және қонатын орындар;

      қарауыл туралы мәліметтер (жеке құрам, қару мен оқ-дәрілер саны);

      колоннада (тасымалдауда) қару-жарағы не қару-жарақ кешендерінің құрамына кіретін әскери техника бар болған кезде оның оқталғаны (оқ-дәрілердің бар болуы) туралы ақпарат ұсынылады.

      ____________________________________

      ____________________________________

      (өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы,

      әскери атағы, тегі, аты-жөні)

  Әскери көлік құралдарының және
арнайы мақсаттағы көлік
құралдарының колонналарына
ілесіп жүруді ұйымдастыру және
қамтамасыз ету, автомобиль жолдары
мен көшелерде осы колонналар
өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Маршрут қағазы

      _____________№_____

      (күні)

      Әскери бөлім ________________________

      Ілесіп жүру үшін негіздеме _________________________________________________________

      Колонна бастығы _________________________________________________________________

      (штаттық лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Техникалық тұйықтау жетекшісі ____________________________________________________

      (штаттық лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Колонна құрамы:

Р/с №

Көлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Жүргізушінің әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

Машина жетекшісінің әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде).

1.





      Жүру маршруты _________________________________________________________________

      Ілесіп жүру маршруты (жауапкершілік аймағы шегінде) ________________________________

      Ілесіп жүруге тартылатын күштер мен құралдар туралы мәліметтер: әскери полиция органы

      ________________________________________________________________________________

      Ілесіп жүру автомобильдері:

      1. Маркасы _________________ МТНБ ______ жүргізуші _______________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      2. Маркасы ________________ МТНБ ______ жүргізуші ________________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      3. Маркасы ________________ МТНБ ______ жүргізуші ________________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Ілесіп жүру жетекшісі _____________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Колонна ________________________________________________ ілесіп жүруіне тапсырылды

      (әскери полиция органы, гарнизон)

      ________________________________________________________________________________

      (күні, уақыты, лекті тапсыру орны)

      Ілесіп жүру жетекшісінің ескертулері

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      саны _____________________________________ бірліктегі әскери көлік құралдары колоннасы

      Тапсырды: ______________________________________________________________________

      (күні, уақыты, ілесіп жүру жетекшісінің әскери атағы, қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Қабылдады: _____________________________________________________________________

      (күні, уақыты, ілесіп жүру жетекшісінің әскери атағы, қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (ол бар болған кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады