Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде жарияланды) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
4-тармақтың 16 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) өзге де көліктік қосалқы қызмет;";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), тармақшалармен толықтырылсын:
"17) киімнен басқа, мата емес тоқыма бұйымдарын шығару;
18) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге химиялық өнімдер өндірісі;
19) негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі;
20) фармацевтикалық препараттар мен медицициналық материалдар өндірісі;
21) резеңке санитарлық-гигиеналық және медициналық бұйымдар өндірісі;
22) электр өлшеуіш құралдарының өндірісі;
23) физикалық зерттеулер үшін құралдар өндірісі;
24) медициналық-хирургиялық аспаптар өндірісі;
25) сәулелендіретін, электромедициналық және электротерапиялық жабдық өндірісі;
26) медициналық құралдар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі;
27) өзге маталар өндірісі;
28) арнайы киім өндірісі.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі