Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 ақпанда № 34030 болып тіркелді.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 187) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы:

      1) Тізбенің 1-тармағының 32) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатындығы;

      2) Тізбенің 11-тармағының 1), 2), 3), 10) тармақшалары 2031 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатындығы белгіленсін.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 22 ақпандағы
№ 72 Бұйрыққа
1-қосымша

Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы - арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" және "Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға.

      Бұл ретте:

      "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына осы арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға жол беріледі;

      шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары аталған арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер бола алады;

      3) қаржы моделі - баламалы схемалар мен қаржыландыру көздерін бағалаумен қатар қаржылық шығындар мен кірістерді бағалау, жобаларды құруды талдау, ақша қаражатының қозғалысы туралы, пайда мен залалдар туралы есеп, тұтастай алғанда республика (өңір) экономикасы тұрғысынан арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы жоба тиімділігінің көрсеткіштері;

      4) қызметтің басым түрлері - арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган айқындайтын қызмет түрлері;

      5) қызметті жүзеге асыру туралы шарт - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;

      6) өтініш беруші - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына өтініш не индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына өтініш беретін тұлға;

      7) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 тарау. Қызмет түрлерін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу тәртібі

      3. Арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы уәкілетті органға қызметтің түрін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішпен жүгінеді.

      4. Қызмет түрін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу туралы өтінішке осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жоба паспорты (бұдан әрі – жоба паспорты), жобаның әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалауды талдау және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын есептеу қоса беріледі.

      Әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалауды талдау жобаны іске асырудың мультипликативтік әсері жөніндегі мәліметтерді, жобаның паспортында көрсетілген көрсеткіштерді түсіндіруді қамтитын жобаны іске асырудың егжей-тегжейлі шарттарымен жобаны сипаттауды қамтиды.

3-тарау. Өтінішті қарау процесі

      5. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, барлық қажетті құжаттармен қоса беріліп отырылған өтінішті толықтығы мен дұрыстығына қарайды.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, мұндай өтініш 3 жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартумен әлеуетті қатысушыға және/немесе басқарушы компанияға жіберіледі.

      7. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қоса бере отырып, осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығару мүмкіндігін қарау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның атына құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар топтамасы қараусыз қалады, бұл туралы уәкілетті орган 5 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және/немесе салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның теріс қорытындысының негізінде уәкілетті орган мұндай өтінішті теріс шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.

      8. Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізіледі және бірыңғай үйлестіру орталығының ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы негізінде уәкілетті орган мұндай өтінішті теріс шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.

  Арнайы экономикалық аймақтар
аумағында жүзеге асырылатын
қызметтің басым түрлерінің
тізбесін жүргізу қағидаларына
қосымша

ЖОБА ПАСПОРТЫ

Жобаның атауы

Ескерту

Жобаның атауы


Өнімнің атауы
(атауы және (СЭҚ ТН)


Сала


Жер учаскесін бөлу талап етіледі (га) (Жер учаскесін бөлу құрылымы)


Жер учаскесінің қажетті ауданы


Іске асыру кезеңдері
(Құрылыс кезеңі және пайдалануға беру)


Жобаның жалпы құны
(қаржыландыру құрылымы (көздері)


Жылына жобалық қуаты
(заттай және құндық мәнде)


Жұмыс орындарының саны
(Жұмыс орындарының құрылымы (әкімшілік және өндірістік сынып)


Өткізу нарығы (елдер мен көлем)


Жергілікті қамту үлесі (түпкілікті өнімдегі қазақстандық құрамның %)


  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 22 ақпандағы
№ 72 Бұйрыққа
2-қосымша

Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі

      1. "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы:

      1) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      2) машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      3) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;

      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

      5) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      6) металлургия өнеркәсібі;

      7) электр жабдықтарын, оның ішінде электр жарықтандыру жабдықтарын өндіру;

      8) жарықтандыру аспаптарына арналған шыны компоненттерін өндіру;

      9) тамақ өнімдерін өндіру;

      10) ағаш массасы мен целлюлоза, қағаз және картон өндіру;

      11) жиһаз өндірісі;

      12) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру;

      13) теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі;

      14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын өндіру;

      15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;

      16) электрондық бөлшектерді өндіру;

      17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік кешендерін салу және пайдалануға беру;

      19) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайлары, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      20) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

      21) басқа санаттарға кірмеген өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру;

      22) былғарыдан жасалған киім өндірісі;

      23) арнайы киім өндірісі;

      24) өзге де сыртқы киім өндірісі;

      25) іш киім өндірісі;

      26) киім мен аксессуарлардың өзге де түрлерін өндіру;

      27) өзге де тоқылған және тоқылған бұйымдар өндірісі;

      28) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес зергерлік фабриканы салу және пайдалануға беру;

      29) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі зергерлік қызмет;

      30) құлыптар, ілмектер және топсалар өндірісі;

      31) медициналық құралдарды, аппараттар мен жабдықтарды өндіру;

      32) әскери жауынгерлік көлік құралдарын өндіру;

      33) инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттама шегінде.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 11.07.2024 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы:

      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      4) өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру;

      5) пластмасса бұйымдарын өндіру.

      3. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы:

      1) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;

      2) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;

      3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

      5) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      6) металлургия өнеркәсібі;

      7) дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

      10) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;

      11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      12) электр қозғалтқыштарын, генераторларды, трансформаторларды, электр тарату және бақылау аппаратурасын өндіру;

      13) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптарды өндіру;

      14) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      15) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осыған байланысты қызмет; веб-порталдардың қызметі;

      16) аквамәдениет;

      17) жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі;

      18) электр энергиясын беру;

      19) электр энергиясын бөлу;

      20) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;

      21) қонақүйлермен және тұру үшін ұқсас орындармен қызметтер көрсету;

      22) меншікті немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;

      23) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;

      24) көп бейінді аурухана салу және пайдалануға беру.

      4. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы:

      1) деректер базасы мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру, бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде Тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;

      2) серверлік инфокоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі қызметтер (дата-орталықтардың қызметтері);

      3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды құру;

      4) ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, ғылым саласындағы уәкілетті орган осындай материалдарды жүргізу туралы берген қорытынды болған кезде жұмыс;

      5) мәтіндерді өңдеуге арналған машиналар, көшіру-көбейту жабдықтары, адрестік машиналар, калькуляторлар, кассалық аппараттар, таңбалау машиналары, билет-кассалық машиналар өндірісі, ақпаратты өңдеуге арналған басқа да офистік машиналар мен жабдықтар, электрондық есептеу машиналары мен өзге де жабдықтар өндірісі;

      6) дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және жаңғыртуға арналған электр және радиоэлементтерді, таратушы аппаратураны, аппаратураны өндіру;

      7) электрондық, өлшеу, оптикалық, жарықтандыру аспаптарын жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша Инновациялық технологиялар саласындағы білім беру қызметі;

      9) жаңа материалдарды (оның ішінде Тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;

      10) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, жуу машиналары;

      11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      12) біріккен университеттік аурухананы (клиниканы) салу және пайдалану;

      13) университеттік аурухана (клиника) шеңберінде көрсетілетін медициналық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі;

      14) жүктерді сақтау және сақтау;

      15) жүктерді көліктік өңдеу;

      16) өзге де қосалқы көлік қызметі;

      17) киімнен басқа тоқыма емес тоқыма бұйымдарын өндіру;

      18) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдер өндірісі;

      19) негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;

      20) фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндірісі;

      21) резеңке санитариялық-гигиеналық және медициналық бұйымдар өндірісі;

      22) электр өлшеу аспаптарын өндіру;

      23) физикалық зерттеулерге арналған аспаптар өндірісі;

      24) медициналық-хирургиялық құралдар өндірісі;

      25) сәулелендіру, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар өндірісі;

      26) медициналық құралдарды, аппараттар мен жабдықтарды өндіру;

      27) өзге де маталар өндірісі;

      28) арнайы киім өндірісі;

      29) күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі.

      Ескерту:

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру талабы мынадай қызмет түрлері үшін 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті шарт болып табылмайды:

      1) деректер базасы мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру, бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде Тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;

      2) серверлік инфокоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі қызметтер (дата-орталықтардың қызметтері);

      3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды құру және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.

      5. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы:

      1) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

      2) өзге де тоқылған және тоқылған бұйымдар өндірісі;

      3) жүннен және былғарыдан жасалған киімдерден басқа киім өндірісі;

      4) иіру, тоқу және әрлеу өндірісі;

      5) киімнен басқа тоқыма емес бұйымдар өндірісі;

      6) кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіру;

      7) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;

      8) қағаз және картон өндірісі;

      9) былғары илеу мен өңдеуді, үлбірді өңдеуді және бояуды қоспағанда, былғары өнімдерін өндіру;

      10) жазу-қағаз бұйымдарын өндіру;

      11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      12) кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;

      13) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      14) шойын құю;

      15) болат құю;

      16) құрылыс металл конструкцияларын және олардың бөлшектерін өндіру ("кілтке дейін" блок-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);

      17) өзге де металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндірісі ("кілтке дейін" блок-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);

      18) машина жасаудың негізгі технологиялық процестері;

      19) электр қозғалтқыштарын, генераторларды және трансформаторларды өндіру;

      20) электр тарату және реттеу аппаратурасын өндіру ("кілтке дейін" блок-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады немесе сорғылармен және компрессорлармен жиынтықта жеткізіледі);

      21) өзге де сорғылар мен компрессорлар өндірісі;

      22) өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндірісі.

      6. "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы:

      1) металлургия өнеркәсібі;

      2) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

      3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі;

      4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру;

      5) компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі;

      6) электр жабдықтарын өндіру;

      7) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      8) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

      9) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      10) гидравликалық жабдық өндірісі;

      11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындарды және клапандарды өндіру;

      12) өзге де крандар мен вентильдер өндірісі;

      13) мойынтіректерді, берілістерді, беріліс элементтерін және жетектерді өндіру;

      14) Плиталар, пештер және пеш оттықтарын өндіру;

      15) көтергіш және тасымалдау жабдықтарын өндіру;

      16) қол электр құралдарын өндіру;

      17) Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдету жабдықтарын өндіру;

      18) сұйық минералдарға арналған тазарту аппараттарын өндіру;

      19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, дисперсиялауға немесе бүркуге арналған жабдықтар өндірісі;

      20) мұнайды, химия өнеркәсібін, сусындар өндірісі бойынша индустрияны тазартуға арналған тазарту жабдықтарын өндіру;

      21) центрифугалар өндірісі (кілегей бөлгіштер мен кептіру аппараттарын қоспағанда);

      22) суды қайта өңдеу арқылы тікелей салқындату үшін суды салқындату көтергіштерін өндіру;

      23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру;

      24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;

      25) өзге де металл өңдеу станоктарын өндіру;

      26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      27) тау-кен өндіру өнеркәсібі, жерасты игеру және құрылыс үшін техника өндіру;

      28) тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;

      29) тоқыма, тігін, үлбір және былғары бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтар өндірісі;

      30) қағаз және картон дайындауға арналған техника өндірісі;

      31) резеңке, пластмасса және басқа да Полимерлік материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;

      32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      33) қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; пайдаланудан шыққан көлік құралдарына, арнайы техника мен ауыл шаруашылығы машиналарына, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарына қатысты материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру);

      34) балық пен ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру және қайта өңдеу жөніндегі құрама жем зауытын салу және пайдалануға беру;

      35) кокс пештерінің өнімін өндіру;

      36) электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау;

      37) көп бейінді аурухана салу және пайдалануға беру.

      7. "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы:

      1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      2) тамақ өнімдерін өндіру;

      3) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;

      4) тоқыма бұйымдарын өндіру;

      5) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      6) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      7) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      9) көрмелерді, мұражайды, қойма және әкімшілік ғимараттарды ұйымдастыру үшін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ғимараттар салу;

      10) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      11) теңіз балық шаруашылығы;

      12) тұщы су балық шаруашылығы;

      13) шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру;

      14) электрондық элементтерді өндіру.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 11.07.2024 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы:

      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      4) металлургия өнеркәсібі;

      5) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      6) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

      7) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

      8) көп бейінді аурухана салу және пайдалануға беру.

      9. "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы:

      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      2) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

      3) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      4) химиялық өндірістерге арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      6) қант зауытын салу және қант, оның ішінде шикі қант немесе тазартылған қамыс немесе қызылша қантын өндіру; меласса (меласса); қызылша жомы, багасса (қант қамысы жомы), өзге де қант өндіру қалдықтары; қант өндіру саласындағы қызметтер;

      7) картопты қайта өңдеу және фри картобын өндіру (қайта өңдеу және консервілеу) зауытын салу.

      8) көп бейінді аурухана салу және пайдалануға беру.

      10. "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы:

      1) өзге де тамақ өнімдерін өндіру;

      2) ұн тарту және жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмал және құрамында крахмал бар өнімдерді өндіру;

      3) фармацевтикалық препараттар өндірісі;

      4) шыныдан және шыныдан жасалған бұйымдар өндірісі;

      5) абразивті бұйымдар мен өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      6) өзге де металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндірісі;

      7) өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндірісі;

      9) сәулелендіруге арналған жабдықтар, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар өндірісі;

      10) электр тарату және реттеу аппаратурасының электр қозғалтқыштарын, генераторларын, трансформаторларын өндіру;

      11) электр жарықтандыру жабдықтарын өндіру;

      12) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптарды өндіру;

      13) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      14) жалпы мақсаттағы машиналар өндірісі;

      15) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      16) бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару;

      17) компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе қызметтер;

      18) сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызмет;

      19) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;

      20) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

      21) денсаулықты қорғау жөніндегі өзге де қызмет;

      22) орындықтар мен басқа да орындық жиһаздарын өндіру;

      23) орындықтар мен орындықтарға арналған басқа да жиһаздардан басқа кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндірісі;

      24) ас үй жиһазын өндіру;

      25) құрылыс болат конструкцияларын өндіру;

      26) алюминийден және алюминий қорытпаларынан жасалған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын өндіру;

      27) контейнерлік және жиналмалы-жиналмалы ғимараттар мен үй-жайларды өндіру;

      28) құрылыс пластик бұйымдарын өндіру;

      29) медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі;

      30) инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру жобалық-сметалық құжаттама шегінде.

      11. "TURAN" арнайы экономикалық аймағы:

      1) туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру мынадай шарттар сақталған кезде: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;

      2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайлары, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндіріс және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;

      5) құрылыс материалдарын өндіру;

      6) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      7) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзалды және ұшу-қону жолақтарын салу және пайдалануға беру және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өзге де;

      9) әуежайлардың қызметі;

      10) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;

      11) қонақүйлермен және тұру үшін ұқсас орындармен қызметтер көрсету;

      12) меншікті немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;

      13) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;

      14) объектілерге кешенді қызмет көрсету;

      15) аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет;

      16) жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;

      17) тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсыну;

      18) электрондық және оптикалық жабдықтарды жөндеу;

      19) басқа топтамаларға енгізілмеген Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа түрлері.

      11-тармақтың 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшалардың қолданылуы мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілеріне қатысты ғана қолданылады;

      20) химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;

      21) тамақ өнімдерін өндіру;

      22) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату;

      23) сусындар өндіру;

      24) басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру;

      25) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру;

      26) резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру;

      27) электр жабдықтарын өндіру;

      28) қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;

      29) компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру;

      30) полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту;

      31) киім өндіру;

      32) жиһаз өндіру;

      33) жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру;

      34) тоқыма бұйымдарын өндіру;

      35) былғары және оған жататын өнімдерді өндіру.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 11.07.2024 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы:

      1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;

      2) құрылыс материалдары мен жиһаздарын өндіру;

      3) электроника және электр жабдықтары өнімдерін өндіру;

      4) машина жасау өнімін өндіру;

      5) көп бейінді аурухана салу;

      6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі;

      7) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;

      8) қағаз және картон өндірісі;

      9) гофрленген картон өндірісі;

      10) қағаз және картон ыдыстарын өндіру;

      11) шаруашылық - тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру;

      12) негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;

      13) фармацевтикалық препараттар өндірісі;

      14) ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі.

      13. "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағы:

      1) автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағанда, көтерме сауда;

      2) автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа бөлшек сауда;

      3) жүктерді сақтау және сақтау және қосалқы көлік қызметі;

      4) сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерін қоспағанда, қаржылық қызметтер;

      5) туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі;

      6) конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру;

      7) тұруды және тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;

      8) азық-түлік өндірісі;

      9) минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі;

      10) дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

      11) киім өндірісі;

      12) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;

      13) фармацевтикалық препараттар өндірісі;

      14) өзге де металл емес өнімдерді өндіру;

      15) велосипед және мүгедектер арбалары/креслолар өндірісі;

      16) басқа да дайын бұйымдар өндірісі;

      17) орау;

      18) 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15). 16), 17) тармақтарда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттама шегінде.

      14. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы:

      1) балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу;

      2) кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіру;

      3) тоқу өндірісі;

      4) маталар мен тоқыма бұйымдарын әрлеу;

      5) аяқ киім өндірісі;

      6) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;

      7) қағаз және картон өндірісі;

      8) гофрленген қағаз және картон, қағаз және картон ыдыстарын өндіру;

      9) асбестцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі;

      10) бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі;

      11) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;

      12) су құрылыстарын салу;

      13) жүктерді сақтау және сақтау;

      14) жүктерді көліктік өңдеу;

      15) құрлық көлігінің қосалқы қызметі;

      16) өзге де қосалқы көлік қызметі;

      17) 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақтарда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттама шегінде.

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 22 ақпандағы
№ 72 Бұйрыққа
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген).

      2. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16590 болып тіркелген).

      3. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 570 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19181 болып тіркелген).

      4. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 923 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19727 болып тіркелген).

      5. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19824 болып тіркелген).

      6. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20410 болып тіркелген).

      7. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21327 болып тіркелген).

      8. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 511 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21359 болып тіркелген).

      9. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 8 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22070 болып тіркелген).

      10. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22128 болып тіркелген).

      11. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22618 болып тіркелген).

      12. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 231 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22748 болып тіркелген).

      13. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 30 маусымдағы № 342 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23447 болып тіркелген).

      14. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шiлдедегi № 395 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23865 болып тіркелген).

      15. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 627 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25557 болып тіркелген).

      16. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 628 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25596 болып тіркелген).

      17. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26635 болып тіркелген).

      18. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 131 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27178 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады