Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16588 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 708-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі;

      2) Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 28 ақпан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________Т. Сүлейменов

  2018 жылғы 28 ақпан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен
бекітілген

Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі

      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы:

      1) өзге де металл емес минералдық өнiм өндiру;

      2) машиналар мен жабдықтарды жасау;

      3) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;

      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

      5) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      6) металлургия өнеркәсібі;

      7) электр жабдығын, оның ішінде электр-жарық беруші жабдық жасау;

      8) жарық беруші аспаптарға арналған шыны компоненттерін өндіру;

      9) тамақ өнімдерін өндіру;

      10) сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз бен картон өндіру;

      11) жиһаз жасау;

      12) автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау;

      13) темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды жасау;

      14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жасау;

      15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру;

      16) электрондық бөлшектер жасау;

      17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын-үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

      19) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      20) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      21) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

      22) басқа санаттарға кірмеген өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру

      23) былғарыдан киім өндіру;

      24) арнайы киім өндірісі;

      25) өзге де сыртқы киім өндірісі;

      26) іш киім өндіру;

      27) киімнің өзге де түрлері мен аксессуарлар өндіру;

      28) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын өндіру;

      29) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес зергерлік фабрика объектісін салу және пайдалануға беру;

      30) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі зергерлік қызмет;

      31) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес "Нұр-сұлтан қаласындағы Бас мешіт" объектісін салу және пайдалануға беру;

      32) құлыптар, ілмектер және ілгіштер өндіру;

      33) медициналық құралдар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2019 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.10.2020 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі "арнайы экономикалық аймағы":

      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      4) өзге тоқыма бұйымдарын өндіру;

      5) пластмасса бұйымдарын өндіру.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.12.2021 № 628 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Ақтау теңіз айлағы" арнайы экономикалық аймағы:

      1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;

      2) былғары және оған қатысты өнімдер өндіру;

      3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

      5) өзге де металл емес минералды өнім өндіру;

      6) металлургия өнеркәсібі;

      7) дайын металл бұйымдарын жасау;

      8) машиналар мен жабдықтарды жасау;

      9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

      10) негізгі фармацевтикалық өнімдер және препараттар өндіру;

      11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      12) электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар, электр таратқыш және бақылау аппаратурасын жасау;

      13) электр өткізгіштерді және электр өткізгіш аспаптарын жасау;

      14) жобалау-сметалық құжаттамаға шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      15) "AKTAU RESORT HOTEL" көпфункционалды кешенін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және пайдалануға беру;

      16) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдармаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер; веб-порталдардың қызметі;

      17) аквадақыл;

      18) жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру;

      19) электр энергиясын беру;

      20) электр энергиясын тарату.

      21) тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы;

      22) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі;

      23) меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару;

      24) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет.

      25) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.07.2021 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы:

      1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

      2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

      3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;

      4) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген, осындай жұмыстарды жүргізу туралы қорытынды болған кезде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану саласында, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

      5) мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;

      6) электр-және радио элементтерді, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;

      7) электрондық, өлшейтін, оптикалық, жарық беруші аспаптарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша инновациялық технологиялар саласындағы білім беру қызметі;

      9) жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

      10) тұрмыстық электр аспаптарын: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар жасау;

      11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      12) біріккен университет ауруханасын салу және пайдалану (клиника);

      13) университеттік аурухана (клиника) шеңберінде көрсетілетін медициналық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі;

      14) Жүктерді қоймаға қою және сақтау;

      15) Жүктерді көліктік өңдеу;

      16) өзге де көліктік қосалқы қызмет;

      17) киімнен басқа, мата емес тоқыма бұйымдарын шығару;

      18) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге химиялық өнімдер өндірісі;

      19) негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі;

      20) фармацевтикалық препараттар мен медицициналық материалдар өндірісі;

      21) резеңке санитарлық-гигиеналық және медициналық бұйымдар өндірісі;

      22) электр өлшеуіш құралдарының өндірісі;

      23) физикалық зерттеулер үшін құралдар өндірісі;

      24) медициналық-хирургиялық аспаптар өндірісі;

      25) сәулелендіретін, электромедициналық және электротерапиялық жабдық өндірісі;

      26) медициналық құралдар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі;

      27) өзге маталар өндірісі;

      28) арнайы киім өндірісі;

      29) күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі.

      Ескертпе:

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мынадай түрлері:

      1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етілімді (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

      2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

      3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.01.2021 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы:

      1) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;

      2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын шығару;

      3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім шығару;

      4) иіру, тоқу және әрлеу өндірісі;

      5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар шығару;

      6) кілемдер мен кілем бұйымдарын шығару;

      7) ағаш қоймалжыңын және целлюлоза шығару;

      8) қағаз және қатырма қағаз шығару;

      9) теріні илеу мен өңдеуді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімін шығару;

      10) жазу қағазы бұйымдарын шығару;

      11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      12) кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;

      13) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      14) шойын құю;

      15) болат құю;

      16) құрылыс металл конструкциялары мен олардың бөлшектерін өндіру ("кілтке дейінгі" блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);

      17) өзге де металл цистерналарды, резервуарлар мен контейнерлерді өндіру ("кілтке дейінгі" блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);

      18) машина жасаудың негізгі технологиялық процестері;

      19) электр қозғалтқыштар, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі;

      20) электр таратушы және реттеуші аппаратуралар өндірісі ("кілтке дейінгі" блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады немесе сорғылармен және компрессорлармен жиынтықта жеткізіледі);

      21) өзге де сорғылар мен компрессорлар өндірісі;

      22) өзге де крандар, клапандар және шұралар өндірісі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.01.2021 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы:

      1) металлургия өнеркәсібі;

      2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

      3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;

      4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау;

      5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;

      6) электр жабдықтарын жасау;

      7) химия өнеркәсібі өнімдерін жасау;

      8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

      9) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi жасау;

      10) гидравликалық жабдықты жасау;

      11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;

      12) өзге де шүмектер мен бұрандаларды жасау;

      13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;

      14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;

      15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;

      16) қол электр құралдарын жасау;

      17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;

      18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;

      19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;

      20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;

      21) центрифугалар (қаймақ айырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) жасау;

      22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;

      23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;

      24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;

      25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;

      26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;

      27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;

      28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;

      29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;

      30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;

      31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;

      32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      33) қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; істен шыққан көлік құралдарына, арнайы техникаға және ауыл шаруашылығы машиналарына, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарына қатысты материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру);

      34) "балық және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөп өндіру және қайта өңдеу бойынша құрама жем зауытының құрылысы және пайдалануға беру";

      35) "кокс пешінің өнімдерін өндіру";

      36) "электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету;

      37) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.07.2021 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы:

      1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      2) тамақ өнімдерін өндіру;

      3) былғары және оған жататын өнім өндіру;

      4) тоқыма бұйымдарын жасау;

      5) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;

      6) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;

      7) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

      8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдық жасау;

      9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, музейлер ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қойма және әкімшілік ғимараттарын салу;

      10) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      11) теңіз балық шаруашылығы;

      12) тұщы су балық шаруашылығы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.01.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы:

      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;

      3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      4) металлургия өнеркәсібі;

      5) өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру;

      6) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

      7) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау.

      8) картопты қайта өңдеу және фри картоп өндіру зауытын салу (қайта өңдеу және консервілеу);

      9) көпбейінді аурухана салу және іске қосу".

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.07.2021 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағы:

      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

      3) өзге де металл емес минералдық өнiмдерді өндiру;

      4) химия өндірісі үшін машиналар мен жабдық жасау;

      5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      6) қант зауытын салу және қант, оның ішінде шикі қант немесе тазартылған құрақ немесе қызылша қанты; сірне (меласса); қызылша жомы, багасса (қант қамысы), өзге де қант өндірісінің қалдықтары; қант өндіру саласындағы қызметтер;

      7) көпбейінді аурухана салу және іске қосу.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.07.2021 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы:

      1) басқа да азық-түлік өнімдерін өндіру;

      2) ұн тарту және жарма өнеркәсібінің өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру;

      3) фармацевтикалық препараттар өндіру;

      4) шыны және шыныдан жасалатын бұйымдар өндіру;

      5) абразивті бұйымдар мен басқа да металл емес минералды өнімдер өндіру;

      6) басқа да металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер өндіру;

      7) басқа дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндіру;

      9) сәулелендіру жабдықтарын, электрлік-медициналық және электр терапиялық жабдықтар шығару;

      10) электр қозғалтқыштарын, генераторлар, трансформаторлар және электр таратқыш және реттеу аппаратурасын шығару;

      11) электр жарықтандыру жабдықтарын шығару;

      12) электр сымдары мен электр өткізгіш құралдарын шығару;

      13) басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар шығару;

      14) жалпы мақсаттағы машиналар шығару;

      15) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      16) бағдарламалық қамтылымды шығару;

      17) компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе қызметтер;

      18) сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынаулар мен талдау саласындағы қызмет;

      19) ғылыми зерттеулер және әзірлемелер;

      20) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

      21) денсаулықты қорғау бойынша өзге де қызмет.

      22) осы тармақтың 1) – 22) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.

      11. "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы:

      1) туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін мынадай шарттарды сақтай отырып салу және пайдалануға беру: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілердің ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;

      2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндірістік және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;

      5) құрылыс материалдарын өндіру;

      6) өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру;

      7) дайын металл бұйымдарын жасау;

      8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзал мен ұшу-қону жолақтарын және өзге де қызметтерін салу және пайдалануға беру;

      9) әуежайлар қызметі;

      10) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы;

      11) қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;

      12) жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару;

      13) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызмет;

      14) объектілерге кешенді қызмет көрсету;

      15) аумақтарды абаттандыру жөніндегі іс-шаралар;

      16) жиһаз бен интерьер бұйымдарын жөндеу;

      17) тамақ пен сусындар бойынша қызмет көрсету;

      18) электрондық және оптикалық жабдықты жөндеу;

      19) ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы басқа топтарға кірмейтін басқа да қызмет түрлері.

      11-тармақтың 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшаларының күші мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілеріне ғана қолданылады.

      Ескерту. Тізбе 11-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.12.2021 № 627 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы:

      1) тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;

      2) құрылыс материалдары мен жиһаз өндіру;

      3) электроника өнімдерін және электр жабдықтарын өндіру;

      4) машина жасау өнімдерін өндіру;

      5) көп бейінді аурухана салу;

      6) кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі;

      7) "ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі";

      8) "қағаз және картон өндірісі";

      9) "гофрленген картон өндірісі";

      10) қағаз және картон ыдыстарын өндіру;

      11) "шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру";

      12) "негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі";

      13) "фармацевтикалық препараттар өндірісі";

      14) "ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі".

      Ескерту. Тізбе 12-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.12.2019 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.05.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен бекітілген

Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 708-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – БҚТ-ның тізбесі) қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар" және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      2) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) басым қызмет түрлері – уәкілетті орган айқындайтын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері (бұдан әрі – БҚТ).

      4) арнайы комиссия – арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге қосу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия;

      5) өтініш беруші – арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына басым немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінішті не индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті беретін тұлға;

      6) қызметті жүзеге асыру туралы шарт – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт.

2-тарау. БҚТ-ның тізбесіне БҚТ-ны енгізу тәртібі

      2. Арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызмет түрін БҚТ-ның тізбесіне енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      3. Қызмет түрін БҚТ-ның тізбесіне енгізу туралы өтініш уәкілетті органға келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган осындай өтінішті арнайы комиссияның қарауына шығарады.

      3-1. Арнайы комиссия мәселені арнайы комиссияның қарауына шығарған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.03.2022 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Арнайы комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында және арнайы комиссия туралы ережеде белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

      5. Арнайы комиссия:

      1) уәкілетті органның (төрағалық етуші);

      2) салық саясаты саласындағы уәкілетті органның;

      3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның;

      4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның;

      5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның;

      6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының дауыс беру құқығы бар өкілдерінен құрылады.

      Арнайы комиссияның жұмысы үшін дауыс беру құқығы жоқ өзге де мүдделі тұлғалар да тартылуы мүмкін.

      Арнайы комиссияның отырысы дауыс беру құқығы бар мүшелердің барлығы қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

      6. Басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген қызмет түрін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу туралы шешімді арнайы комиссия дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      7. Арнайы комиссияның оң шешімі негізінде:

      1) уәкілетті орган қызметтің осы түрін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу туралы шешімді республикалық бюджет комиссиясы оң шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей қабылдайды;

      2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш берушімен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шешім күшіне енген күннен ерте емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.03.2022 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Арнайы комиссияның теріс шешімі негізінде уәкілетті орган мұндай өтінішті теріс шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.

      9. Ұсынысты қабылдамау уәкілетті органға қайта жүгіну үшін кедергі болып табылайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады