Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21383 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 457 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 17.07.2024 № 457 (23.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 8 қазаны
№ 971 Бұйрықпен
бекітілген

Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының автокөлік құралдарына электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жүк жөнелтуші – оның атынан жүкті жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;

      2) жүк алушы – жүкті шарттың негізінде алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      4) "Маршрутты бақылау" ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтетін жүктер мен көлік құралдарына бақылау жүзеге асырылатын халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесі операторының ақпараттық жүйесі;

      5) мемлекеттік кірістер органы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшесі.

      6) тасымалдаушы – жеңіл автокөліктерді қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздермен жүктерді тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын автокөлік құралдарына ие жеке немесе заңды тұлға;

      7) халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – Оператор) – "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға.

      8) электрондық сәйкестендіргіш (навигациялық пломба) – автокөлік құралының қозғалыс маршруты, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесіне құрылғының сақталуы (ашылуы) туралы ақпаратты беруді қамтамасыз ететін құрылғы.

2-тарау. Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану тәртібі

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасына немесе ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекетке халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ЕАЭО мүше мемлекеттерімен Мемлекеттік шекарасында (бұдан әрі – мемлекеттік шекара) автокөлік құралдарының жүк бөліктеріне электрондық сәйкестендіргіштермен (навигациялық пломбалармен) аумақтық мемлекеттік кірістер органдары пломба салады.

      4. Автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пунктіне кірген кезде, аумақтық мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) тасымалдаушыдан тасымалданатын жүк, жүру маршруты туралы мәліметтері бар тауар-көлік жүкқұжаттарын (CMR, ТКЖ) сұрайды және "Маршрутты бақылау" ақпараттық жүйесіне мынадай ақпаратты енгізеді:

      1) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, тіркелу елін;

      2) пломба салынған объектінің (объектілердің) түрі (автокөлік құралы, тіркеме, жартылай тіркеме);

      3) тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі мен күні (CMR, ТКЖ);

      4) ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодтары;

      5) тасымалдаушының атауы, тасымалдаушы тіркелген ел;

      6) автокөлік құралы жүргізушісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі;

      7) ерекше белгілері (жүктерді жеткізудің болжамды мерзімі).

      5. Лауазымды тұлға "Маршрутты бақылау" ақпараттық жүйесіне қажетті мәліметтерді енгізгеннен кейін автокөлік құралының жүк бөлігіне электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) орнатады, Операторды автокөлік құралының жүру маршрутының басталғаны туралы хабарлайды және электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) іске қосады.

      6. Автокөлік құралы Қазақстан Республикасынан шыққан кезде лауазымды тұлға мемлекеттік шекарада электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) дұрыстығын, тұтастығын және (немесе) бүлінудің болуын айқындау мақсатында қарап тексеруді жүргізеді.

      Жүргізілген қарап тексеруден кейін лауазымды тұлға Операторды автокөлік құралының жүру бағытының Қазақстан Республикасының аумағында аяқталғандығы туралы хабарлайды, электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) сөндіреді және алады.

      7. Электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) алғаннан кейін лауазымды тұлға электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) кейіннен басқа автокөлік құралына орнатқан кезде оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қуаттауды қамтамасыз етеді.

      8. Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пломбылау және алу бойынша есепті Оператор және аумақтық мемлекеттік кірістер органы жүргізеді. Есеп жөніндегі ақпаратты Оператор Комитетке апта сайын бейсенбі күні осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жолдайды.

      9. Тасымалдаушының өз міндеттерін орындауына немесе жүктерді одан әрі тасымалдауға авария, еңсерілмейтін күштің әсері не жүктерді жеткізуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар салдарынан кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы немесе жүктерді тасымалдайтын адам жүктің және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға, жақын маңдағы мемлекеттік кірістер органына және Операторға осы мән-жайлар және жүктердің орналасқан жері туралы дереу хабарлауы керек.

      10. Автокөлік құралы тұрған жерге келген кезде лауазымды тұлға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүктерді одан әрі тасымалдауға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы акт жасайды. Акт жасалғаннан кейін лауазымды тұлға электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) алу туралы шешім қабылдайды және тұтастығы сақталып, бүліну болмаған жағдайда оны басқа автокөлік құралына орнатады.

      11. Электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) орнатқаннан кейін лауазымды тұлға осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген іс-қимылдарды жүзеге асырады.

      12. Оператор жүктерді тасымалдау кезінде туындаған мынадай мән-жайлар туралы аумағында мән-жайлар туындаған мемлекеттік кірістер органына және Комитетке тәулік бойғы режимде дереу хабарлауға міндетті:

      1) автокөлік құралының жүру маршрутынан (республикалық маңызы бар автомагистральдан) 1 (бір) километрден астам қашықтықта ауытқуы;

      2) электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) мүмкін ашылуы (жарамсыздығы) туралы немесе электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) батарея қуаты деңгейінің 10% - ға дейін және одан да төмен төмендеуі туралы электрондық сәйкестендіргіштен (навигациялық пломбадан) дабылдың түсуі;

      3) электрондық сәйкестендіргішпен (навигациялық пломбамен) 2 (екі) сағаттан артық байланыстың болмауы;

      4) автокөлік құралынан электрондық сәйкестендіргіш (навигациялық пломба) орнатылған жылжымалы құрамды ағыту;

      5) жүру маршруты бойынша автокөлік құралының техникалық ақаулығының туындауы.

      13. Аумағында мән-жай туындаған мемлекеттік кірістер органы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабы 1-тармағының 15) және 18) тармақшаларына сәйкес тақырыптық тексеруді жүргізеді.

      14. Тақырыптық тексеру аяқталған бойы мемлекеттік кірістер органы байланыс арналары арқылы Комитетке оны жүргізу нәтижелері туралы хабарлайды.

      15. Мемлекеттік кірістер органы жүргізген тақырыптық тексерудің нәтижелері бойынша тасымалдаушының өз міндеттерін орындауына немесе жүктерді одан әрі тасымалдауға авария, еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан кедергі келтіретін мән-жайлар не жүктерді жеткізуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар расталған жағдайда, лауазымды тұлға басқа электрондық сәйкестендіргішті (навигациялық пломбаны) орната отырып, тауарды басқа автокөлік құралына қайта тиеу жолымен жүктің одан әрі жүру мүмкіндігі туралы Комитетке және Операторға хабарлайды.

  Электрондық
сәйкестендіргіштерді
(навигациялық пломбаларды)
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) орнату және алу бойынша есеп

Автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі

Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) нөмірі

Электрондық сәйкестендіргіштің (навигациялық пломбаның) саны

Жөнелту пункті (автомобиль өткізу пункті)

Жеткізу пункті (автомобиль өткізу пункті)

Орнату күні

Алу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Электрондық
сәйкестендіргіштерді
(навигациялық пломбаларды)
пайдалану қағидаларына
2- қосымша
  нысан

Жүктерді одан әрі тасымалдауға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы Акт

      Мен, _________________________________________________________

      мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә., лауазымы)

      ___________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      _______________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

      __________________________________________________________________,

      жүргізуші ______________________________________________ қатысуымен

                              жүргізушінің Т.А.Ә.

      _________________________________ дан ____________________________

      жөнелтуші елді көрсету                                     межелі елді көрсету

      ________________________________________________________________ на

      қала, ауыл, автомагистраль және өзге де мән-жайларды көрсету

      _____________ № _____________тауар-көлік жүкқұжатына (CMR) сәйкес

      тауарды тасымалдайтын, ____________________________________ маркалы,

      __________________________ мемлекеттік тіркеу нөмір белгісімен, тіркеме

      нөмірі ___________________ болып табылатын автокөлік құралына қарап

      тексеруді жүргіздім.

      Қарап тексеру нәтижелері бойынша:

      — автокөлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы;

      — жүктерді одан әрі тасымалдауға кедергі келтіретін өзге де

      мән-жайлар анықталды ____________________________________________.

                                          себебін көрсету

      ____________________             _____________            ____________

                  Т.А.Ә.                         күні                         колы

      ____________________             _____________             ____________

                  Т.А.Ә.                         күні                         колы

Об утверждении Правил использования электронных идентификаторов (навигационных пломб)

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 971. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 октября 2020 года № 21383. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 17.07.2024 № 457.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 17.07.2024 № 457 (вводится в действие с 23.11.2024).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 45 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования электронных идентификаторов (навигационных пломб).

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Утверждены приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
от 8 октября 2020 года № 971

Правила использования электронных идентификаторов (навигационных пломб)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования электронных идентификаторов (навигационных пломб) (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 45 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" и определяют порядок использования электронных идентификаторов (навигационных пломб) органами государственных доходов на автотранспортных средствах.

      2. В рамках настоящих Правил используются следующие понятия:

      1) грузоотправитель – физическое или юридическое лицо, от имени которого оформляется отправка груза;

      2) грузополучатель – физическое или юридическое лицо, уполномоченное на получение груза на основании договора;

      3) Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет) – государственный орган, в пределах своей компетенции осуществляющий обеспечение поступлений налогов и платежей в бюджет, таможенное регулирование в Республике Казахстан, полномочия по предупреждению, выявлению, пресечению и раскрытию административных правонарушений, отнесенных законодательством Республики Казахстан к ведению этого органа, а также выполняющий иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      4) информационная система "Слежение маршрута" – информационная система оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок, посредством которой осуществляется контроль за грузами и автотранспортными средствами, перемещаемыми по территории Республики Казахстан;

      5) орган государственных доходов – территориальное подразделение Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан;

      6) перевозчик – физическое или юридическое лицо, владеющее автотранспортными средствами, за исключением легковых, на праве собственности или на иных законных основаниях, осуществляющее предпринимательскую деятельность по перевозке грузов;

      7) национальный оператор информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок (далее – Оператор) – лицо, определенное Правительством Республики Казахстан в соответствии со статьей 14-1 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте";

      8) электронный идентификатор (навигационная пломба) – устройство, обеспечивающее передачу информации о маршруте движения автотранспортного средства, а также сохранности (вскрытии) устройства в информационную систему отслеживания международных автомобильных перевозок.

Глава 2. Порядок использования электронных идентификаторов (навигационных пломб)

      3. При осуществлении международных автомобильных перевозок грузов из государств-членов Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС) в Республику Казахстан или из одного государства-члена ЕАЭС в другое государство-член ЕАЭС транзитом через территорию Республики Казахстан грузовые отсеки автотранспортных средств пломбируются территориальными органами государственных доходов на Государственной границе Республики Казахстан с государствами-членами ЕАЭС (далее – государственная граница) электронными идентификаторами (навигационными пломбами).

      4. При въезде автотранспортного средства на территорию Республики Казахстан на автомобильном пункте пропуска на государственной границе должностное лицо территориального органа государственных доходов (далее – должностное лицо) запрашивает у перевозчика товарно-транспортные накладные (CMR, ТТН) со сведениями о перевозимом грузе, маршруте следования и в информационной системе "Слежение маршрута" вносит следующую информацию:

      1) государственный регистрационный номерной знак автотранспортного средства, страна регистрации;

      2) вид объекта (объектов) пломбирования (автотранспортное средство, прицеп, полуприцеп);

      3) номер и дата товарно-транспортной накладной (CMR, ТТН);

      4) коды товаров в соответствии с Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности ЕАЭС;

      5) наименование перевозчика, страна регистрации перевозчика;

      6) фамилия, имя, отчество (при его наличии) водителя автотранспортного средства, номер телефона;

      7) особые отметки (предположительный срок доставки грузов).

      5. Должностное лицо после внесения необходимых сведений в информационной системе "Слежение маршрута" устанавливает электронный идентификатор (навигационную пломбу) на грузовой отсек автотранспортного средства, информирует Оператора о начале маршрута следования автотранспортного средства и активирует электронный идентификатор (навигационную пломбу).

      6. При выезде автотранспортного средства из Республики Казахстан должностное лицо на государственной границе проводит осмотр электронного идентификатора (навигационной пломбы) с целью определения исправности, целостности и (или) наличия повреждений.

      После проведенного осмотра должностное лицо информирует Оператора о завершении маршрута следования автотранспортного средства на территории Республики Казахстан, деактивирует и снимает электронный идентификатор (навигационную пломбу).

      7. После снятия электронного идентификатора (навигационной пломбы) должностное лицо обеспечивает заряд электронного идентификатора (навигационной пломбы) для обеспечения бесперебойной работоспособности при последующей его установке на другие автотранспортные средства.

      8. Учет по пломбированию и снятию электронных идентификаторов (навигационных пломб) проводится Оператором и территориальным органом государственных доходов. Информация по учету направляется Оператором в Комитет еженедельно по четвергам согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      9. При возникновении обстоятельств, препятствующих исполнению перевозчиком своих обязанностей или дальнейшей перевозке грузов вследствие аварии, действия непреодолимой силы либо иных обстоятельств, препятствующих доставке грузов, перевозчик или лицо, перемещающее грузы, принимают все меры для обеспечения сохранности груза и автотранспортного средства, незамедлительно сообщить в ближайший орган государственных доходов и Оператору об этих обстоятельствах и о месте нахождения грузов.

      10. Должностное лицо по прибытию на место нахождения автотранспортного средства составляет акт об обстоятельствах, препятствующих дальнейшей перевозке грузов, согласно приложению 2 к настоящим Правилам. После составления акта должностным лицом принимается решение о снятии электронного идентификатора (навигационной пломбы) и установления его в случае целостности и отсутствия повреждений на другое автотранспортное средство.

      11. После установки электронного идентификатора (навигационной пломбы) должностное лицо осуществляет действия, предусмотренные пунктами 4 и 5 настоящих Правил.

      12. Оператор обязан незамедлительно в круглосуточном режиме информировать о следующих обстоятельствах, возникших при перевозке грузов Комитет и орган государственных доходов на территории которого возникли обстоятельства:

      1) отклонение автотранспортного средства от маршрута следования (автомагистрали республиканского значения) на расстоянии более 1 (одного) километра;

      2) поступление сигнала от электронного идентификатора (навигационной пломбы) о возможном вскрытии (неисправности) электронного идентификатора (навигационной пломбы) или о снижении уровня заряда батареи электронного идентификатора (навигационной пломбы) до 10% и ниже;

      3) отсутствие связи с электронным идентификатором (навигационной пломбой) более 2 (двух) часов;

      4) отцепка движущего состава, на котором установлен электронный идентификатор (навигационная пломба), от автотранспортного средства;

      5) возникновение технической неисправности автотранспортного средства по маршруту следования.

      13. Орган государственных доходов, на территории которого возникли обстоятельства, проводит тематическую проверку в соответствии с подпунктами 15) и 18) пункта 1 статьи 142 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)".

      14. По завершении тематической проверки орган государственных доходов по средствам канала связи информирует Комитет о результатах его проведения.

      15. В случае подтверждения по результатам тематической проверки, проведенного органом государственных доходов, обстоятельств, препятствующих исполнению перевозчиком своих обязанностей или дальнейшей перевозке грузов вследствие аварии, действия непреодолимой силы либо иных обстоятельств, препятствующих доставке грузов, должностное лицо информирует Комитет и Оператора о возможности дальнейшего следования груза путем перегрузки товара на другое автотранспортное средство с установкой другого электронного идентификатора (навигационной пломбой).

  Приложение 1 к Правилам
использования электронных идентификаторов
(навигационных пломб)
  форма

Учет по пломбированию и снятию электронных идентификаторов (навигационных пломб)

Государственный регистрационный номер автотранспортного средства

Государственный регистрационный номер прицепа

Фамилия, имя, отчества (при его наличии) водителя

№ электронного идентификатора (навигационных пломб)

Количество электронного идентификатора (навигационных пломб)

Пункт отправления (автомобильный пункт пропуска)

Пункт назначения (автомобильный пункт пропуска)

дата установки

дата снятия

 1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Приложение 2 к Правилам
использования электронных идентификаторов
(навигационных пломб)
  форма

                                    АКТ
            об обстоятельствах, препятствующих дальнейшей перевозке грузов

      Мною, _______________________________________________________________,
      фамилия, имя, отчество (при его наличии) (далее – Ф.И.О.) должность работника
органов государственных доходов
Управление государственных доходов по _______________________________________
Департамента государственных доходов по _____________________________________
В присутствии водителя _____________________________________________________
                                          Ф.И.О. водителя
проведен осмотр автотранспортного средства марки_____________________________,
с государственным регистрационным номерным знаком _________________________,
прицеп № _____________________, перемещающего грузы согласно товарно- транспортной
накладной (CMR, ТТН) №_______ от ______________, из
________________________________________ в ________________________________
указать страну отправления указать страну назначения на
___________________________________________________________________________
            указать город, село, автомагистраль и иные обстоятельства
По результатам осмотра установлено следующее:
- дорожно-транспортное происшествие с участием автотранспортного средства;
- иные обстоятельства, препятствующие дальнейшей перевозке грузов
______________________________________________________________________
                              указать причину
___________________________ _____________________ ____________________
            Ф.И.О.                   дата                   подпись
___________________________ _____________________ ____________________
            Ф.И.О.                   дата                   подпись