Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 қазанда № 21502 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылдың 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсеілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
" " 2020 жыл

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
" " 2020 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 22 қазаны
№ ҚР ДСМ-148/2020
бұйрығына
1-қосымша

Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары

р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Ескертпе

Медициналық қызмет үшін

1.

заңды және жеке тұлғалар үшін – мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша бейінді қызметтердің медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру стандарттарына сәйкес келетін, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін санитариялық қағидаларға сәйкес келетін меншік немесе жалға алу шарты, немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану шарттары, немесе мүлікті сенімгерлік басқару, немесе мемлекеттік-жекешелік серіктестік шарты құқығындағы үй-жай немесе ғимарат

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

көрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді құжаттың көшірмесін ұсынатын, бір жылдан кем мерзімге жасалған жалға алу, немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шарттары (несиелер), немесе мүлікті сенімгерлік басқару, немесе мемлекеттік-жекешелік серіктестік шарттарын қоспағанда, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен интеграцияланған "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік дерекқорынан алады

2.

заңды және жеке тұлғалар үшін – мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша бейінді қызметтердің медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру стандарттарына және денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру ең төмен стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-сайман, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, Көлік және басқа да құралдар (қажет болған кезде).

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


3.

жеке тұлғалар үшін - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

көрсетілетін қызметті беруші медициналық жоғары немесе орта білім туралы мәліметтерді білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады

4.

жеке тұлғалар үшін - өтініш берілетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде мамандандыру немесе жетілдіру және біліктілікті арттырудың басқа да түрлері (құжаттарды тапсыру сәтінде 5 (бес) жылдан кешіктірмей оқуды аяқтаған интернатура, резидентура, орта оқу орнының түлектерін қоспағанда).

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


5.

жеке тұлғалар үшін - санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда, маманның тиісті сертификаты

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

көрсетілетін қызметті беруші маман сертификаты туралы мәліметтерді маман сертификатының көшірмесін ұсынатын, 2014 жылға дейін алған адамдарды қоспағанда, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорынан алады

6.

заңды тұлғалар үшін - осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


7.

жеке тұлғалар үшін - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлердің бейіндері және маманның еңбек шарттарын есепке алу мәліметтерін (олар бар болған жағдайда), Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің акпараттық жүйесінен алады

Фармацевтикалық қызмет үшін

1.

заңды және жеке тұлғалар үшін – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін санитариялық қағидаларға сәйкес келетін меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

көрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді бір жылдан кем мерзімге жасалған жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын қоспағанда құжаттың электрондық көшірмесін ұсынатын "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастырылған "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік дерекқорынан алады

2.

заңды және жеке тұлғалар үшін – нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және оларды өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралдары

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


3.

заңды тұлғалар үшін – мамандар туралы мәліметтермен расталатын қызметкерлер штаты

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


4.

заңды тұлғалар үшін – фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығаратын ұйымдар үшін:
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе медициналық бұйымдарды шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының техникалық білімі;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық білімі немесе медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің техникалық білімі;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығарудың технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі;
2) дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымдар (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхана) үшін:
- дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
- аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының орта фармацевтикалық білімі және кемінде 3 (үш) жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі;
3) дәріханалар үшін:
- дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі);
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандардың жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
- дәрілік заттарды интернет арқылы саудада өткізу кезінде меншік немесе жалға алу құқығындағы сақтау және тасымалдау процесінде олардың қасиеттерінің өзгеруіне жол бермейтін тәсілмен жүзеге асыратын көліктің болуы;
4) медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін:
- дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі). Дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін оларды өткізу үшін оқытудан өткен медициналық білімі бар мамандарға рұқсат етіледі.
5) дәріхана қоймасы үшін:
- дәріхана қоймасы басшысының жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәріхана қоймасы бөлімдері басшыларының және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
6) дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін:
- жылжымалы дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін оларды өткізу үшін оқытудан өткен медициналық білімі бар мамандарға рұқсат етіледі.
7) медициналық бұйымдарды дайындау үшін: жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

көрсетілетін қызметті беруші фармацевтикалық жоғары немесе орта білім туралы мәліметтерді (мәліметтер 2015 жылдан бастап) білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен алады

5.

жеке тұлғалар үшін – фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 (бес) жылда мамандандыру немесе жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа түрлері

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


6.

жеке тұлғалар үшін –заңды тұлғаны құрмастан, фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткерлердің жеке тұлғалар үшін фармацевтикалық білімі-жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі (үш жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі)

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

көрсетілетін қызметті беруші жоғары немесе орта фармацевтикалық білім туралы мәліметтерді 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының шектерінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады

  Медициналық және
фармацевтикалық қызметке
қойылатын біліктілік
талаптарына
1-қосымша
  нысан

Медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер _______________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20___ жылғы "__" ______ жағдай бойынша)

      Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:

      1. Меншік немесе жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану шарттары немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар:

      1) Кадастрлық нөмірі __________________________________________

      2) Орналасқан жері ____________________________________________

      3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні _____________________

      2. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар:

      Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар тізімі:

р/с №

Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар атауы (паспорты бойынша)

Өндіруші ел

Өлшем бірлігі

Саны

Шығарылған жылы

Жағдайы (жұмысқа жарамды/жарамсыз)

      3. Жеке тұлғаларда - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі:

      Медициналық білімі туралы мәліметтер:

      1) Дипломы бойынша мамандығы _______________________________

      2) Дипломы бойынша біліктілігі _________________________________

      3) Дипломның нөмірі __________________________________________

      4) Дипломның сериясы ________________________________________

      5) Білім беру ұйымының толық атауы ____________________________

      6) Түскен жылы _______________________________________________

      7) Аяқтаған жылы _____________________________________________

      8) Диплом нострификациясы туралы мәліметтер (қажет болған кезде)__

      4. Жеке тұлғаларда - соңғы 5 жыл ішінде медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлері:

      Мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:

      1) Құжаттың нөмірі ___________________________________________

      2) Циклдің атауы _____________________________________________

      3) Оқытудың басталуы_________________________________________

      4) Оқытудың аяқталуы _________________________________________

      5) Сағат саны _________________________________________________

      5. Жеке тұлғаларда - маман сертификаты туралы мәліметтер:

      1) Маман сертификаты берілген мамандықтың атауы _______________

      2) Біліктілік санаты (бар болса – көрсету) _________________________

      3) Маман сертификатын берген орган ____________________________

      4) Тіркеу нөмірі _______________________________________________

      5) Берілген күні _______________________________________________

      6) Сертификаттың қолданылу мерзімі ____________________________

      6. Заңды тұлғаларда - медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты:

      Медициналық ұйымның медицина қызметкерлері туралы мәліметтер:

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Атқаратын лауазымы

Білімі

Мамандығы бойынша өтілі

1

2

3

4

5

      7. Жеке тұлғаларда – мамандығы бойынша медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі:

      Мәлімделген мамандығы бойынша еңбек қызметі (жеке тұлға үшін)

      1. Медициналық ұйымның атауы _______________________________

      2. Ұйымның орналасқан жері__________________________________

      3. Атқаратын лауазымы _______________________________________

      4. Мәлімделген мамандық бойынша жұмысқа қабылдау күні _______

      5. Жұмыстан шығарылған күні ________________________________

  Медициналық және
фармацевтикалық қызметке
қойылатын біліктілік
талаптарына
2-қосымша
  нысан

Фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер ________________________________________________ (денсаулық сақтау субьектісінің атауы) (20___ жылғы "__"______ жағдай бойынша)

      Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:

      1. Меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімді басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар:

      Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер

      1) Кадастрлық нөмірі __________________________________________

      2) Орналасқан жері ____________________________________________

      3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні _____________________

      4) Жалға беруші ______________________________________________

      5) Жалға алудың аяқталу мерзімі ________________________________

      6) Үй-жайдың (ғимараттың) мекенжайы __________________________

      7) Жалға алынатын шаршы көлемі _______________________________

      2. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралы:

      Жабдықтар, аппаратура, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар тізімі:

Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа құралдар атауы (паспорты бойынша)

Өндіруші ел

Өлшем бірлігі

Шығарылған жылы

Жағдайы (жұмысқа жарамды/жарамсыз)

      3. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәліметтер:

      Фармацевтикалық қызметті денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының тізімі:

ТАӘ

Атқаратын лауазымы

Білімі, мамандығы

Мамандығы бойынша өтілі

Соңғы 5 жылда біліктілігін арттыруы туралы құжат

      4. Заңды және жеке тұлғаларда фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

      Фармацевтикалық білімі туралы мәліметтер:

      1) Мамандығы және біліктілігі __________________________________

      2) Жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның нөмірі

      __________________________________________________________________

      3) Жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның берілген күні

      __________________________________________________________________

      4) Оқу орнының атауы _________________________________________

      5) Жұмыс орны _______________________________________________

      6) Лауазымы _________________________________________________

      7) Еңбек өтілі _________________________________________________

      8) Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісінің нөмірі мен күні

      __________________________________________________________________

      9) Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні ______________________

      5. Жеке тұлғаларда фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілікті арттырудың басқа түрлері:

      Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер:

      1) Қайта даярлаудан өткен мамандығы ___________________________

      2) Оқытатын ұйымның атауы ___________________________________

      3) Куәліктің нөмірі ____________________________________________

      4) Кім берді __________________________________________________

      5) Циклдің атауы _____________________________________________

      6) Сағат саны ________________________________________________

  бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтардың тізбесі

      1) "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10600 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіде жарияланған);

      2) "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18015 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3) "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-25 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18513 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к медицинской и фармацевтической деятельности

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 октября 2020 года № ҚР ДСМ-148/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 октября 2020 года № 21502

      В соответствии с подпунктом 80) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить квалификационные требования, предъявляемые к медицинской и фармацевтической деятельности согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2.  Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      3. Комитету контроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

   

"СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
" " 2020 года

   

"СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан
" " 2020 года

  Приложение 1 к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 22 октября 2020 года
№ ҚР ДСМ-148/2020

Квалификационные требования, предъявляемые к медицинской и фармацевтической деятельности

№ п/п

Квалификационные требования включают наличие:

Сведения о соответствии квалификационным требованиям

Примечание

Для медицинской деятельности

1.

для юридических и физических лиц - помещения или здания на праве собственности или договора аренды, или договора безвозмездного пользования недвижимым имуществом (ссуды), или доверительного управления имуществом, или договора государственно-частного партнерства соответствующего стандартам организации оказания медицинской помощи профильных служб по заявляемым подвидам медицинской деятельности, а также соответствующего санитарным правилам, устанавливающим санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании медицинской деятельности, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям

сведения о документах, удостоверяющих право собственности услугодатель получает из Государственной базы данных "Регистр недвижимости", интегрированной с государственной базой данных "Е-лицензирование", за исключением договоров аренды, договора безвозмездного пользования недвижимым имуществом (ссуды), договоров доверительного управления имуществом, договора государственно-частного партнерства заключенных на срок менее одного года, которые предоставляются в виде электронной копии документа

2.

для юридических и физических лиц – функционирующего медицинского и (или) специального оборудования, аппаратуры и инструментария, приборов, мебели, инвентаря, транспортных и других средств (при необходимости), согласно стандартам организации оказания медицинской помощи профильных служб по заявляемым подвидам медицинской деятельности и минимальным стандартам оснащения организаций здравоохранения медицинскими изделиями;

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании медицинской деятельности, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям


3.

для физических лиц - соответствующего образования согласно заявляемым подвидам медицинской деятельности

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании медицинской деятельности, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям

сведения о высшем или среднем медицинском образовании, услугодатель получает из информационной системы Министерства образования и науки Республики Казахстан (сведения с 2015 года), за исключением лиц окончивших до 2015 года, а также лица окончивших за пределами территории Республики Казахстан, которые предоставляют копию документа об образовании

4.

для физических лиц -специализации или усовершенствования и других видов повышения квалификации за последние 5 (пять) лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности (за исключением выпускников интернатуры, резидентуры, среднего учебного заведения, завершивших обучение не позднее 5 (пяти) лет на момент подачи документов).

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании медицинской деятельности, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям


5.

для физических лиц - соответствующего сертификата специалиста, за исключением специалистов санитарно-эпидемиологического профиля

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании медицинской деятельности, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям

сведения о сертификате специалиста услугодатель получает из государственной базы данных "Е-лицензирование", за исключением лиц, получивших до 2014 года, которые предоставляют копию сертификата специалиста

6.

для юридических лиц - штат медицинских работников, который подтверждается сведениями о медицинских работниках, согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании медицинской деятельности, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям


7.

для физических лиц - стажа работы по специальности не менее 5 (пяти) лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании медицинской деятельности, по форме согласно приложению 1 к настоящим квалификационным требованиям

сведения о профилях работников и учета трудовых договоров специалиста (при их наличии), услугодатель получает из информационной системы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Для фармацевтической деятельности

1.

для юридических и физических лиц - помещения или здания на праве собственности или аренды или доверительного управления государственным имуществом, соответствующего санитарным правилам, устанавливающим санитарно-эпидемиологические требования к объектам в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании фармацевтической деятельности, по форме согласно приложению 2 к настоящим квалификационным требованиям

сведения о документах, удостоверяющих право собственности услугодатель получает из Государственной базы данных "Регистр недвижимости", интегрированной с государственной базой данных "Е-лицензирование", за исключением договоров аренды или доверительного управления государственным имуществом, заключенных на срок менее одного года, которые предоставляют электронную копию документа

2.

для юридических и физических лиц - оборудования и мебели, инвентаря, приборов и аппаратуры для обеспечения контроля качества и соблюдения условий производства, изготовления, хранения и реализации лекарственных средств и медицинских изделий в соответствии с нормативными правовыми актами; автомобильного транспортного средства с соответствующими шкафами и холодильным и другим оборудованием при необходимости, обеспечивающими соблюдение условий хранения и реализации лекарственных средств и медицинских изделий для передвижного аптечного пункта для отдаленных сельских местностей

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании фармацевтической деятельности, по форме согласно приложению 2 к настоящим квалификационным требованиям


3.

для юридических лиц - штат работников, который подтверждается сведениями о специалистах

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании фармацевтической деятельности, по форме согласно приложению 2 к настоящим квалификационным требованиям


4.

для юридических лиц - соответствующего образования и стажа работы по специальности согласно заявляемым подвидам фармацевтической деятельности:
1) для организаций по производству лекарственных средств и медицинских изделий:
- высшего фармацевтического или химико-технологического, химического образования и стажа работы по специальности не менее трех лет у руководителей подразделений, непосредственно занятых на производстве лекарственных средств и медицинских изделий, или технического у руководителей подразделений, непосредственно занятых на производстве медицинских изделий;
- высшего фармацевтического или химического, биологического образования у работников, осуществляющих контроль качества лекарственных средств и медицинских изделий, или технического у работников, осуществляющих контроль качества медицинских изделий;
- технического образования у специалиста по обслуживанию оборудования, используемого в технологическом процессе производства лекарственных средств и медицинских изделий;
2) для организаций в сфере обращения лекарственных средств и медицинских изделий, осуществляющих изготовление лекарственных препаратов (далее - аптека, осуществляющая изготовление лекарственных препаратов):
- высшего фармацевтического образования и стажа работы не менее трех лет по специальности у руководителя аптекой, осуществляющей изготовление лекарственных препаратов, и ее производственных отделов, а также работников, осуществляющих контроль качества лекарственных препаратов и медицинских изделий;
- высшего или среднего фармацевтического образования у работников, осуществляющих непосредственное изготовление лекарственных препаратов и отпуск изготовленных лекарственных препаратов;
- среднего фармацевтического образования и стажа работы не менее трех лет по специальности у руководителя аптекой и ее производственных отделов при отсутствии специалистов с высшим фармацевтическим образованием в районном центре и сельской местности;
3) для аптек:
- высшего или среднего фармацевтического образования (стаж работы по специальности не менее трех лет) у руководителя аптекой или ее отделов;
- высшего или среднего фармацевтического образования у специалистов, осуществляющих реализацию лекарственных средств и медицинских изделий;
- при реализации лекарственных средств через интернет наличие транспорта на праве собственности или аренды для осуществления доставки способом, не допускающим изменения их свойств в процессе хранения и транспортировки;
4) для аптечного пункта в организациях здравоохранения, оказывающих первичную медико-санитарную, консультативно-диагностическую помощь (далее - аптечный пункт):
- высшего или среднего фармацевтического образования (стаж работы по специальности не менее трех лет) у заведующего аптечным пунктом, а также работников, осуществляющих реализацию лекарственных средств и медицинских изделий. В аптечных пунктах для отдаленных сельских местностей, где отсутствуют аптеки, в случае отсутствия специалистов с фармацевтическим образованием для осуществления реализации лекарственных средств и медицинских изделий допускаются специалисты с медицинским образованием, прошедшие обучение для их реализации.
5) для аптечного склада:
- высшего фармацевтического образования и стажа работы не менее трех лет у руководителя аптечного склада;
- высшего или среднего фармацевтического образования у руководителей отделов аптечного склада и работников, осуществляющих приемку, хранение и отпуск лекарственных средств и медицинских изделий;
6) для передвижного аптечного пункта для отдаленных сельских местностей (далее - передвижной аптечный пункт), где отсутствуют аптеки:
- высшего или среднего фармацевтического образования у заведующего передвижным аптечным пунктом, а также работников, осуществляющих реализацию лекарственных средств и медицинских изделий. В случае отсутствия специалистов с фармацевтическим образованием для осуществления розничной реализации лекарственных средств и медицинских изделий допускаются специалисты с медицинским образованием, прошедшие обучение для их реализации.
7) для изготовления медицинских изделий:
- высшего или среднего фармацевтического, медицинского или технического образования 

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании фармацевтической деятельности, по форме согласно приложению 2 к настоящим квалификационным требованиям

сведения о высшем или среднем фармацевтическом образовании услугодатель получает из информационной системы Министерства образования и науки Республики Казахстан (сведения с 2015 года), за исключением лиц, окончивших до 2015 года, а также лица окончивших за пределами территории Республики Казахстан, которые предоставляют электронную копию документа об образовании

5.

для физических лиц - специализация или усовершенствования и других видов повышения квалификации за последние 5 (пять) лет по заявляемым подвидам фармацевтической деятельности

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании фармацевтической деятельности, по форме согласно приложению 2 к настоящим квалификационным требованиям


6.

для физических лиц, претендующих на занятие фармацевтической деятельностью без образования юридического лица – высшего или среднего фармацевтического образования (стаж работы по специальности - не менее трех лет)

сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым при лицензировании фармацевтической деятельности, по форме согласно приложению 2 к настоящим квалификационным требованиям

сведения о высшем или среднем фармацевтическом образовании услугодатель получает из информационной системы Министерства образования и науки Республики Казахстан (сведения с 2015 года), за исключением лиц окончивших до 2015 года, а также лица окончивших за пределами территории Республики Казахстан, которые предоставляют копию документа об образовании

  Приложение 1
к квалификационным требованиям,
предъявляемым к медицинской
и фармацевтической деятельности
  форма

Сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым к медицинской деятельности ________________________________________________
(наименование субъекта здравоохранения)
(по состоянию на "__" ______ 20___ года)

      Сведения о производственной базе, подтверждающие наличие:

      1. Помещения или здания на праве собственности или договора аренды или договора безвозмездного пользования недвижимым имуществом (ссуды), или доверительного управления имуществом, или договора государственно-частного партнерства:

      1) Кадастровый номер _____________________________________________

      2) Местоположения _______________________________________________

      3) Номер и дата договора об аренде _________________________________

      4) Поэтажный план помещения (здания).

      2. Медицинского и (или) специального оборудования, аппаратуры и инструментария, приборов, мебели, инвентаря, транспортных и других средств, согласно заявляемым подвидам медицинской деятельности:

      Список медицинского и (или) специального оборудования, аппаратуры и инструментария, приборов, мебели, инвентаря, транспортных и других средств:

№ п/п

Наименование медицинского и (или) специального оборудования, аппаратуры и инструментария, приборов, мебели, инвентаря, транспортных и других средств (по паспорту)

Страна производитель

Единица измерения

Количество

Год выпуска

Состояние (рабочее/ не рабочее)








      3. У физических лиц - соответствующего образования согласно заявляемым подвидам медицинской деятельности:

      Сведения о медицинском образовании:

      1) Специальность по диплому ___________________________________

      2) Квалификация по диплому ___________________________________

      3) Номер диплома _____________________________________________

      4) Серия диплома _____________________________________________

      5) Полное наименование организации образования _________________

      6) Год поступления ____________________________________________

      7) Год окончания ______________________________________________

      8) Сведения о нострификации диплома (при необходимости) ________

      4. У физических лиц - специализации или усовершенствования и других видов повышения квалификации за последние 5 лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности.

      Сведения о повышении квалификации по заявляемой специальности:

      1) Номер документа __________________________________________

      2) Наименование цикла _______________________________________

      4) Начало обучения __________________________________________

      5) Окончание обучения _______________________________________

      6) Количество часов __________________________________________

      5. У физических лиц - сведения о сертификате специалиста:

      1) Наименование специальности, по которой выдан сертификат специалиста _________________________________________________________________

      2) Квалификационная категория (при наличии – указать) ___________

      3) Орган, выдавший сертификат специалиста _____________________

      4) Регистрационный номер_____________________________________

      5) Дата выдачи _______________________________________________

      6) Срок действия сертификата __________________________________

      6. У юридических лиц - штат медицинских работников, который подтверждается сведениями о медицинских работниках:

      Сведения о медицинских работниках медицинских организаций:

№ п/п

Фамилия, имя, отчество

Занимаемая должность

Образование

Стаж по специальности






      7. У физических лиц – стажа работы по специальности не менее 5 лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности:

      Трудовая деятельность по заявляемой специальности (для физического лица):

      1. Наименование медицинской организации ______________________

      ____________________________________________________________

      2. Местонахождение организации _______________________________

      3. Занимаемая должность ______________________________________

      4. Дата приема на работу по заявляемой специальности ____________

      5. Дата увольнения ___________________________________________

  Приложение 2
к квалификационным требованиям,
предъявляемым к медицинской
и фармацевтической деятельности
  форма

Сведения о соответствии квалификационным требованиям, предъявляемым к фармацевтической деятельности
_____________________________________________________________
(наименование субъекта здравоохранения)
(по состоянию на "__" ______ 20___ года)

      Сведения, подтверждающие наличие:

      1. Помещения или здания на праве собственности или аренды, или доверительного управления государственным имуществом:

      Сведения о производственной базы на праве собственности (хозяйственного ведения или оперативного управления) и (или) аренды

      1) Кадастровый номер _________________________________________

      2) Местоположения ___________________________________________

      3) Номер и дата договора об аренде _____________________________

      4) Арендодатель _____________________________________________

      5) Срок окончания аренды _____________________________________

      6) Адрес помещения (здания) __________________________________

      7) Арендуемая квадратура _____________________________________

      2. Оборудования и мебели, инвентаря, приборов и аппаратуры

      для обеспечения контроля качества и соблюдения условий производства, изготовления, хранения и реализации лекарственных средств и медицинских изделий в соответствии с нормативными правовыми актами; автомобильного транспортного средства с соответствующими шкафами и холодильным и другим оборудованием при необходимости, обеспечивающими соблюдение условий хранения и реализации лекарственных средств и медицинских изделий для передвижного аптечного пункта для отдаленных сельских местностей:

      Список оборудования, аппаратуры, приборов, мебели, инвентаря, транспортных и других средств:

Наименование медицинского и (или) специального оборудования, аппаратуры и инструментария, приборов, мебели, инвентаря, транспортных и других средств (по паспорту)

Страна производитель

Единица измерения

Год выпуска

Состояние (рабочее/не рабочее)






      3. Сведения о специалистах организаций здравоохранения, осуществляющих фармацевтическую деятельность:

      Список специалистов организаций здравоохранения, осуществляющих фармацевтическую деятельность:

ФИО

Занимаемая должность

Образование, специальность

Стаж по специальности

Документ о повышении квалификации за последние 5 лет






      4. У юридических и физических лиц соответствующего образования согласно заявляемым подвидам фармацевтической деятельности и стаж работы по специальности:

      Сведения о фармацевтическом образовании:

      1) Специальность и квалификация _______________________________

      2) Номер диплома о высшем или среднем фармацевтическом образовании __________________________________________________________________

      3) Дата диплома о высшем или среднем фармацевтическом образовании

      4) Наименование учебного заведения ____________________________

      5) Место работы ______________________________________________

      6) Должность _________________________________________________

      7) Трудовой стаж ______________________________________________

      8) Номер и дата акта работодателя о приеме на работу ______________

      9) Дата приказа об увольнении с работы __________________________

      5. У физических лиц специализация или усовершенствование и другие виды повышения квалификации за последние 5 лет по заявляемым подвидам фармацевтической деятельности:

      Сведения о повышении квалификации:

      1. Специальность, по которой пройдена переподготовка ____________

      2. Наименование обучающей организации ________________________

      3. Номер удостоверения или свидетельства _______________________

      4. Кем выдано ________________________________________________

      5. Наименование цикла ________________________________________

      6. Количество часов __________________________________________.

  Приложение 2
к приказу

Перечень утративших силу приказов Министерства здравоохранения Республики Казахстан

      1) приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 27 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к медицинской и фармацевтической деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10600, опубликован 14 апреля 2015 года в Информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 декабря 2018 года № ҚР ДСМ-41 "О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 27 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к медицинской и фармацевтической деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18015, опубликован 4 января 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан);

      3) приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 апреля 2019 года № ҚР ДСМ-25 "О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 27 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к медицинской и фармацевтической деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18513, опубликован 18 апреля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).