"Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18513 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.10.2020 № ҚР ДСМ-148/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 1-тармағының 74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10600 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

      "Фармацевтикалық қызмет үшін" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

заңды және жеке тұлғалар үшін – нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және оларды өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралы

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

заңды тұлғалар үшін – фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығаратын ұйымдар үшін:
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе медициналық бұйымдарды шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының техникалық білімі;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық білімі немесе медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің техникалық білімі;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығарудың технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі;
2) дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымдар (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхана) үшін:
- дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
- аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының орта фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
3) дәріханалар үшін:
- дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі);
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандардың жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
- дәрілік заттарды интернет арқылы саудада өткізу кезінде меншік немесе жалға алу құқығындағы сақтау және тасымалдау процесінде олардың қасиеттерінің өзгеруіне жол бермейтін тәсілмен жүзеге асыратын көліктің болуы;
4) медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін:
- дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі). Дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады;
5) дәріхана қоймасы үшін:
- дәріхана қоймасы басшысының және дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәріхана қоймасы бөлімдері басшыларының және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
6) дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін:
- жылжымалы дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады;
7) медициналық бұйымдарды дайындау үшін: жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті беруші фармацевтикалық жоғары немесе орта білім туралы мәліметтерді (мәліметтер 2015 жылдан бастап) білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен алады

      ";

      2-қосымшада:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралы:".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады