"Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427 Заңының 13-1-бабына, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Селекциялық жетістіктердің, өнеркәсіптік меншік объектілерінің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 30 қарашадағы № 677 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21707 болып тіркеліп, 2020 жылғы 4 желтоқсанында нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |