"Селекциялық жетістіктердің, өнеркәсіптік меншік объектілерінің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 30 қарашасындағы № 677 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 732 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 желтоқсанда № 21734 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427 Заңының 13-1-бабына, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Селекциялық жетістіктердің, өнеркәсіптік меншік объектілерінің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 30 қарашадағы № 677 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21707 болып тіркеліп, 2020 жылғы 4 желтоқсанында нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады