БҰЙЫРАМЫН:
1. "Селекциялық жетістіктердің, өнеркәсіптік меншік объектілерінің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркеліп, 2018 жылғы 10 қазанда нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларында:
88-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілері ретінде қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарды азайтуға бағытталған электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы, қолданып, ойлап табылған сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: биомасса, биогаз және органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды қамтитын өнертабыстар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы технологияларды қамтитын өнертабыстар, пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық ауруларды, сондай-ақ онкологиялық ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу саласындағы өнертабыстар танылады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 08.12.2020 № 732 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |