"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 40) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтаудың кадр ресурстары бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-245/2020 бұйрықпен бекітілген |
Денсаулық сақтаудың кадр ресурстары бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтаудың кадр ресурстары бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ереже "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7 – бабының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестірушінің (бұдан әрі-ұлттық үйлестіруші) мәртебесін, өкілеттіктерін, мақсатын, міндеттері мен функцияларын айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі дербестендірілген есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуы мақсатында тіркеу, есепке алу, көші-қон, жылыстату үшін база болып табылады;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган);
3) кәсіптік тіркелімді жүргізу – медицина қызметкерлерін, денсаулық сақтау саласындағы әлеуетті кадрларды (бұдан әрі – КҚТК) ұйымдастыру және дербестендірілген есепке алу);
4) жаһандық денсаулық сақтау обсерваториясы – бүкіл әлемде медициналық-санитариялық статистикалық деректерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөлімшесі.
2 тарау. Ұлттық үйлестірушінің мақсаты, міндеттері, функциялары
3. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші уәкілетті органмен айқындалады.
4. Ұлттық үйлестіруші уәкілетті органдардың саланың адами ресурстарын жоспарлау және болжау жолымен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдау мақсатында республикадағы денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының жай-күйін есепке алуды, мониторингілеуді, талдауды жүзеге асырады.
5. Ұлттық үйлестіруші стратегиялық міндеттерді іске асыру шеңберінде ҒЗЗ қалыптастыру және дамыту үшін барлық мүдделі органдармен және ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
6. Ұлттық үйлестіруші қызметінің негізгі мақсаты денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді болжау, мониторингілеу және жоспарлау тетіктерін жетілдіру және денсаулық сақтау кадр саясатының идеологиясы мен әдіснамасын әзірлеу негізінде денсаулық сақтау кадр ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған.
7. Ұлттық үйлестірушінің міндеттері:
1) денсаулық сақтаудағы еңбек нарығының негізгі үрдістерін және олардың денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарына әсерін талдау;
2) кадр ресурстарының жай-күйіне және денсаулық сақтау саласының тиімді кадр саясатын енгізу жөніндегі шараларды іске асыруға мониторинг жүргізу, кадр қызметтерінің әлеуетін нығайту;
3) өңірлер мен көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде кадрлар теңгерімсіздігін төмендетумен медицина қызметкерлері мен даярлау жүйесіне сұранысты үйлестіру;
4) даярланған қызметкерлерді бөлу жүйесі негізінде медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін шешу болып табылады;
5) ДДҰ ұсынымдарына сәйкес денсаулық сақтау еңбек ресурстарының ұлттық шоттарын (Nhwa) енгізу, Еуростат;
6) КРЗ тиімді басқару жүйесі;
7) медициналық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту;
8) медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру сапасын арттыру, кеңейтілген практикадағы (қолданбалы және академиялық бакалавриат бағдарламалары бойынша дайындалған) мейіргерлердің үлесін арттыру;
9) ҚРЗ жоспарлау және дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
10) ҒЗЗ саласында басқару шешімдерін қабылдау үшін стратегиялық құжаттарды әзірлеу.
8. Ұлттық үйлестірушінің негізгі функциялары::
1) үздік халықаралық практикалар негізінде кәсіптік тіркелімді жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) жергілікті атқарушы органдардың резидентурада даярлауға нысаналы гранттар үлесін ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қолдау шараларын көрсеткен жас мамандар үлесінің өсуі;
4) саясатты әзірлеу және басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде статистикалық деректерді пайдалану;
5) өңірлер, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бөлінісінде денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарына қажеттілікті ұзақ мерзімді және орта мерзімді болжау;
6) практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауды жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарына сәйкес медицина персоналы жүктемесінің ең төменгі нормативтері негізінде денсаулық сақтау саласындағы кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
8) денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары саласындағы үлгілік ережелерді, регламенттерді, әдістемелік нұсқаулықтарды, ұсынымдарды әзірлеу;
9) жергілікті атқарушы денсаулық сақтау органдарының қызметін рейтингтік бағалау;
10) ҒЗЗ басқару бойынша корпоративтік саясатты және озық халықаралық тәжірибе негізінде қолданылатын технологияларды енгізе отырып, кадр қызметтерін жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
11) медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін кезең-кезеңімен енгізу тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
12) денсаулық сақтау менеджерлері мен персоналды басқару қызметтерінің мамандары үшін білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
13) денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының проблемалары бойынша зерттеу жобаларын іске асыру.
3 тарау. Ұлттық үйлестірушінің қызметін ұйымдастыру
9. Ұлттық үйлестіруші мақсаттар мен міндеттерді іске асыру кезінде уәкілетті органмен және оның құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен, денсаулық сақтау субъектілерімен, медициналық білім беру және ғылым ұйымдарымен және медициналық қауымдастықтармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
10. Ұлттық операторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріне рұқсат беріледі.