Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 21902 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары бекітілсін.

      2. Күштері жойылды деп танылсын:

      1) "Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10009 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 280 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19513 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 қазанда электрондық түрде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 356 бұйрығымен
бекітілген

Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 144-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Спортшыларды медициналық тексеру түрлері

      2. Спортшыларды медициналық тексеру мыналарды қамтиды:

      1) тереңдетілген медициналық тексеру;

      2) кезеңдік медициналық тексеру;

      3) ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау;

      4) кешенді функционалдық тестілеу;

      5) жарыс алдындағы тексеру.

      3. Спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру, спортшының дене бітімінің дамуы, денсаулығының жай-күйі, оның ішінде функционалдық жай-күйі және серпіндегі оның физикалық жұмысқа қабілеттілігінің көрсеткіштері туралы неғұрлым толық және жан-жақты ақпарат алу мақсатында спорт медицинасы ұйымдарымен өткізіледі.

      4. Тереңдетілген медициналық тексеру бағдарламасы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалар контингентіне, спорттық даярлық кезеңіне, спорттық мамандануға байланысты осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Спорттық мамандандыруды ескере отырып, спортшыларға қосымша:

      1) офтальмологиялық зерттеулер жүргізіледі: көру аясына, көздің түбіне, көздің ішкі қысымына, көру аясының шетіне, циклоскопия жүргізіледі;

      2) мергендер (оқ ату, стенд ату, садақ ату), биатлоншылар, конкуршылар, семсерлесушілер, жеңіл атлеттер, жүзушілер, бессайысшылар, жекпе-жекке қатысатындар және ауыр атлетшілерде аудиометрия жүргізіледі;

      3) спорт дәрігерінің тағайындауы бойынша мыналар жүргізіледі:

      қан тамырларын, жұмсақ тіндер мен буындарды, жамбас мүшелерін, қалқанша безді ультрадыбыстық зерттеу;

      функционалдық сынамалары бар электроэнцефалография, электромонография;

      ортостаздағы электрокардиография (бұдан әрі – ЭКГ), жүгіру жолында жүктеме бар (велоэргометр), ЭКГ тәуліктік мониторингі (Холтер мониторингі), қан қысымының тәуліктік мониторингі, ауыр атлет спортшыларда күшенуіне сынама (Вальсальва сынама);

      рентгенография;

      компьютерлік томография;

      магниторезонансты томография;

      қосымша клиникалық зертханалық зерттеулер;

      4) спорт медицинасы дәрігерінің (терапевт, педиатр және (немесе) жалпы практика дәрігері) тағайындауы бойынша бейінді мамандармен қосымша тексерулер жүргізіледі: кардиолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, дерматолог, аллерголог, кардиохирург, нейрохирург, уролог және бейіні бойынша мамандар.

      6. Кезеңдік медициналық тексеру спорттық жарыстарға дайындықтың белгілі бір кезеңі аяқталғаннан кейін спортшылардың денсаулық деңгейін, физикалық жұмыс қабілеттілігі мен дайындығын анықтау мақсатында спорт медицинасы дәрігерімен өткізіледі.

      Кезеңдік медициналық тексеру келесі тексерулерді қамтиды:

      1) спорт медицинасы дәрігерінің тексеруін, көрсеткіштері бойынша басқа мамандардың тексеруін;

      2) биологиялық материалдарды зертханалық зерттеуін;

      3) функционалдық-диагностикалық және антропометриялық тексерулерді:

      қалыпты жағдайдағы ЭКГ;

      PWC-170 (Physical Working Capacity – физикалық жұмыс қабілеті) субмаксималды қуатын анықтауға арналған тестілеу немесе максималды қуатты (жұмыстан бас тартқанға дейін), максималды алактатты қуатты (бұдан әрі – МАҚ) анықтау үшін тестілеу;

      антропометрия, дене құрамының құрамын талдау.

      7. Ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау спортшының денсаулық жағдайын және ағзаның жаттығу жүктемелеріне бейімделу динамикасын жедел бақылау, даярлау және қалпына келтіру іс-шаралары процесінің тиімділігін даралау және арттыру мақсатында жүргізіледі және мыналарды қамтиды:

      1) спортшыны спорт медицинасы дәрігерінің қарап-тексеруін, жаттығу сабақтарындағы жалпы физикалық жұмыс қабілеттілігін анықтау үшін осы қағидалардың қосымшасына сәйкес функционалдық сынамалар жүргізу;

      2) спортшыны функционалдық және зертханалық тексеру және медициналық көрсетілімдер болған кезде бейінді мамандардың қарап-тексеруі.

      8. Кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде спортшының функционалдық жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі.

      Кешенді функционалдық тестілеу мына тексерулерді қамтиды:

      1) спорт медицинасы дәрігерінің қарауы (спорттық медицина бойынша дәрігердің тағайындауы бойынша бейінді мамандардың тексеруі);

      2) биологиялық материалдарды зертханалық зерттеуін;

      3) функционалдық-диагностикалық және антропометриялық зерттеулер:

      антропометрия, дене құрамының құрамын талдау;

      плантоскопия;

      спирография;

      омыртқаның көп өлшемді талдауы;

      ЭКГ;

      эхокардиография;

      жүктемелі кардиологиялық тестілеу;

      буындардың магниттік-резонанстық томографиясы;

      газ анализімен және лактатты анықтаумен арнайы төзімділікті бағалау;

      жылдамдық пен қуат көрсеткіштерін бағалау.

      Кешенді функционалдық тестілеу үшін тексерулерді спорт медицинасы дәрігерінің спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командасының) бас жаттықтырушысымен келісім бойынша спорт түріне, жаттығу жиындары мен жарыстардың жиілігіне сәйкес, сондай-ақ әр спортшының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, спортшыға тағайындайды.

      9. Спортшыны жарыс алдындағы тексеруді спортшылардың экстремалды қызмет процесінде денсаулығындағы шынайы өзгерістерді және функционалдық даярлығын, спорттық жарыстарға қатысуға жіберу мүмкіндігін анықтау, жұмыс қабілетін қалпына келтіру және арттыру құралдарының жүйесін белгілеу мақсатында спорт медицинасы дәрігері өткізеді.

3-тарау. Спортшыларды медициналық тексеруден өткізудің тәртібі

      10. Спортшыны тереңдетілген медициналық тексеру дайындық кезеңінің басында және спорттық жарыстардың алдында жылына екі рет өткізіледі.

      11. Спортшыны кезеңдік медициналық тексеру бір жылдық кезең ішінде дайындық кезеңдерінің санына байланысты жүргізіледі.

      12. Спортшыны ағымдағы медициналық тексеру және дәрігерлік-педагогикалық бақылау бүкіл күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады.

      13. Спортшыны кешенді функционалдық тестілеу спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға даярлау бойынша арнайы оқу-жаттығу жиындары кезінде жылына кемінде екі рет жүргізіледі.

      14. Спортшыны жарыс алдындағы тексеру әр спорттық жарыс алдында өткізіледі.

      15. Спортшыларды тереңдетілген медициналық тексеру қорытындылары бойынша жаттығу процесіне рұқсат алу және спорттық жарыстарға қатысу үшін спорт медицинасы дәрігері (еркін нысанда) қорытынды жасайды, онда мыналар қамтылады:

      1) денсаулық жағдайын бағалау және функционалдық топқа жататындығын анықтау:

      дені сау, спорттық қызметпен айналысу шектеулерсіз мүмкін;

      іс жүзінде сау, спорттық қызметі кезінде физикалық жүктемелерді шектемейтін диагнозды көрсету;

      емделу және қалпына келтіру кезінде спортпен шұғылданудан шеттетілуді талап ететін диагнозды көрсету;

      спорттық қызмет кезінде дене жүктемесін шектейтін және спортпен айналысудан тұрақты шеттетуді талап ететін диагнозды көрсету;

      2) физикалық дамуын бағалау (антропометриялық деректер және индекстер әдісі бойынша);

      3) бейімделу мүмкіндіктерін және функционалдық жағдайын бағалау (дене жұмыс қабілеті, жүректің функционалдық резерві, вегетативті қамтамасыз ету түрі, ортостатикалық орнықтылығы, сенсомоторлы реакция жылдамдығы).

      16. Спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды тереңдетілген, кезеңдік, ағымдағы, кешенді функционалдық тестілеудің және жарыс алдындағы медициналық тексерулердің нәтижелері, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) № 052/е нысаны бойынша (спортшының) "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы" толтырылады.

      17. Тереңдетілген медициналық тексеру нәтижелері бойынша спорттық іс-шараларға қатысу үшін № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысаны бойынша анықтама беріледі.

  Спорттық жарыстарға
қатысу үшін спортшыларды
медициналық тексеру
қағидаларына
қосымша

Тереңдетілген медициналық тексерудің бағдарламасы

Спортшылар-дың санаты

Өткізу мерзімділігі

Дәрігер мамандар

Клиникалық - зертханалық және функционалдық - диагностикалық зерттеулер

1.

Спорттық - сауықтандыру даярлығы кезеңінде шұғылданатын спортшылар

жылына бір рет

Педиатр немесе терапевт (жасына байланысты)
жалпы практика дәрігері,
травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларинголог,
стоматолог,
офтальмолог, невролог, кардиолог,
емдік дене шынықтыру дәрігері,
спорт медицинасы дәрігері

Қанның клиникалық талдауы (бұдан әрі - ҚЖТ),
зәрдің клиникалық талдауы (бұдан әрі - ЗЖТ),
антропометрия, электрокардиография (бұдан әрі - ЭКГ),
эхокардиографиялық зерттеу (бұдан әрі - ЭХОКГ),

2.

Бастапқы даярлық кезеңінде шұғылданатын спортшылар

жарты жылда бір рет

Педиатр немесе терапевт (жасына байланысты),
жалпы практика дәрігері,
травматолог-ортопед,
хирург, оториноларинголог,
стоматолог,
офтальмолог, невролог, кардиолог,
емдік дене шынықтыру дәрігері,
спорт медицинасы дәрігері

ҚЖТ,
ЗЖТ,
антропометрия,
ЭКГ,
ЭХОКГ,
қол, орнақтық динамометрия (бұдан әрі - динамометрия),
құрсақ қуысы мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу, (бұдан әрі - ҚҚ және бүйректі УДЗ),
өкпефлюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес)
Жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілікті анықтауға арналған функционалдық сынамалар:
PWC-170 бойынша Л.В. Карпман, Мартине, Летунов сынамасы,
Гарвард степ-тесті,
жамбасты жоғары көтеріп 3 минуттық жүгіру,
көлеңкемен 3 минуттық жекпе-жек

3.

Оқу-жаттығу даярлығы кезеңінде шұғылданатын спортшылар

жарты жылда бір рет

Травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларин-голог,
офтальмолог,
стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог, кардиолог,
спорт медицинасы дәрігері

КЖТ,
қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, жалпы билирубин, тікелей билирубин, аланинаминотрансфераза (бұдан әрі - АЛТ), аспартатаминотрансфераза (бұдан әрі - ACT),
креатинфосфокиназа
(бұдан әрі - КФК),
сілтілі фосфатаза, фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, кортизол, тестостерон, тиреотропты гормон (ТТГ),
еркін Т4(FT4),
ЗЖТ,
антропометрия,
ЭКГ,
ЭКГ жүктемемен,
ЭХОКГ,
динамометрия,
ҚҚ және бүйректі УДЗ,
спирография,
өкпе флюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес)
Жалпы физикалық жұмысқа қабілеттілікті анықтауға арналған функционалдық сынамалар:
PWC-170 бойынша Л.В. Карпман, Мартине, Летунов сынамасы,
Гарвард степ-тесті,
жамбасты жоғары көтеріп 3 минуттық жүгіру,
көлеңкемен 3 минуттық жекпе-жек

4.

Спорттық жетілдірукезеңінде шұғылданатын спортшылар

жарты жылда бір рет

Травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларин-голог,
офтальмолог,
стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог, кардиолог,
спорт медицинасы дәрігері

КЖТ,
қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, (бұдан әрі - ЖТЛП),
(бұдан әрі - ТТЛП),
жалпы билирубин, тікелей билирубин,
АЛТ,
ACT,
КФК,
(бұдан әрі - КФК-МВ),
сілтілі фосфатаза,
ЛДГ,
ЛДГ1-ші изоферменті; фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, сезімталдығы жоғары С-реактивті ақуыз (СРА), ферритин, кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4). Вирустық гепатиттерге, сифилиске қан талдауы,
ЗЖТ,
антропометрия және дене құрамын талдау,
ЭКГ,
ЭКГ жүктемемен,
ЭХОКГ,
динамометрия,
ҚҚ және бүйректі УДЗ,
спирография,
өкпе флюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес).
Дене жұмыс қабілетін және физикалық жүктемеге төзімділікі тестілеу:
велоэргометрді педальдау кезінде бұлшықеттері басым болатын спорт түрлеріне арналған газды анализі бар сатылы велоэргометрия;
магистральды және қолтық бұлшықеттері шектеулі болуы мүмкін спортқа арналған газ анализі бар қадамдық велоэргометрия;
жүгіру спорт түрлеріне арналған газ анализі бар жүгіру жолында қадамдық тест;
велоэргометрді педальдау кезінде үстемдік ететін бұлшықеттердің максималды алактатты қуатын (MAҚ) сынау.
Психоэмоционалды жағдайды зерттеу

5.

Жоғары спорт шеберлігі кезеңінде шұғылданатын спортшылар

жарты жылда бір рет

Травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларин-голог,
офтальмолог, стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог, кардиолог,
спорт медицинасы дәрігері

КЖТ,
қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин, ЖТЛП,
ТТЛП,
жалпы билирубин, тікелей билирубин,
АЛТ,
ACT,
КФК,
КФК-МВ,
сілтілі фосфатаза,
ЛДГ,
ЛДГ1-ші изоферменті, фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, сезімталдығы жоғары С-реактивті ақуыз (СРА), ферритин, кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4). Вирустық гепатиттерге, сифилиске қан талдауы,
ЗЖТ,
антропометрия және дене құрамын талдау,
ЭКГ,
ЭКГ жүктемемен,
ЭХОКГ,
динамометрия,
ҚҚ және бүйректі УДЗ,
спирография,
өкпе флюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен жиі емес).
Дене жұмыс қабілеттілігін және физикалық жүктемеге төзімділікі тестілеу:
велоэргометрді педальдау кезінде бұлшықеттері басым болатын спорт түрлеріне арналған газды анализі бар сатылы велоэргометрия;
магистральды және қолтық бұлшық еттері шектеулі болуы мүмкін спортқа арналған газ анализі бар қадамдық велоэргометрия;
жүгіру спорт түрлеріне арналған газ анализі бар жүгіру жолында қадамдық тест;
велоэргометрді педальдау кезінде үстемдік ететін бұлшықеттердің максималды алактатты қуатын (MAҚ) сынау.
Психоэмоционалды жағдайды зерттеу

6.

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының спортшылары

жарты жылда бір рет

Травматолог-ортопед,
хирург,
оториноларин-голог,
офтальмолог, стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог, кардиолог,
спорт медицинасы дәрігері

КЖТ,
қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, креатинин, зәр қышқылы, глюкоза, жалпы холестерин,
жоғары тығыздықтағы липопротеидтер холестерині (ЖТЛП), төмен тығыздықтағы липопротеидтер холестерині (ТТЛП), жалпы билирубин, тікелей билирубин,
АЛТ,
ACT,
КФК,
креатинфосфокиназа МВ (КФК-МВ),
сілтілі фосфатаза, лактатдегидрогеназа (ЛДГ),
ЛДГ1-ші изоферменті, фосфор, натрий, кальций, калий, магний, темір, сезімталдығы жоғары С-реактивті ақуыз (СРА), ферритин, кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4). Вирустық гепатиттерге, сифилиске қан талдауы,
ЗЖТ,
антропометрия және дене құрамын талдау,
ЭКГ,
ЭКГ жүктемемен,
ЭХОКГ,
динамометрия,
ҚҚА және бүйректі УДЗ,
спирография,
өкпе флюорографиясы немесе рентгенографиясы (15 жастан, жылына 1 реттен көп емес).
Дене жұмыс қабілеттілігін және физикалық жүктемеге төзімділікі тестілеу:
велоэргометрді педальдау кезінде бұлшықеттері басым болатын спорт түрлеріне арналған газды анализі бар сатылы велоэргометрия;
магистральды және қолтық бұлшық еттері шектеулі болуы мүмкін спортқа арналған газ анализі бар қадамдық велоэргометрия;
жүгіру спорт түрлеріне арналған газ анализі бар жүгіру жолында қадамдық тест;
велоэргометрді педальдау кезінде үстемдік ететін бұлшықеттердің максималды алактатты қуатын (MAҚ) сынау.
Психоэмоционалды жағдайды зерттеу

      Ескерту: Мүгедек спортшылар мен денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған тереңдетілген медициналық тексерудің өткізу бағдарламасы денсаулықтың бұзылу түріне, функционалдық диагностика, стресс-тесттер және дәрігер-мамандардың зерттеу ерекшеліктеріне байланысты өзгереді.

Об утверждении правил медицинского обследования спортсменов для участия в спортивных соревнованиях

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 декабря 2020 года № 356. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2020 года № 21902.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые правила медицинского обследования спортсменов для участия в спортивных соревнованиях.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года № 110 "Об утверждении Правил медицинского обследования спортсменов для участия в спортивных соревнованиях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10009, опубликован в Информационно-правовой системе "Әділет" 11 марта 2015 года);

      2) подпункт 2) пункта 1 приказа Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 23 октября 2019 года № 280 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра культуры и спорта Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19513, опубликован в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан 28 октября 2019 года).

      3. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим приказом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 24 декабря 2020 года № 356

Правила медицинского обследования спортсменов для участия в спортивных соревнованиях

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила медицинского обследования спортсменов для участия в спортивных соревнованиях (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяют порядок осуществления медицинского обследования спортсменов для участия в спортивных соревнованиях.

Глава 2. Виды медицинского обследования спортсменов

      2. Медицинское обследование спортсменов состоит из:

      1) углубленного медицинского обследования;

      2) этапного медицинского обследования;

      3) текущего медицинского обследования и врачебно-педагогического наблюдения;

      4) комплексного функционального тестирования;

      5) предсоревновательного обследования.

      3. Углубленное медицинское обследование спортсменов проводится организациями спортивной медицины с целью получения наиболее полной и всесторонней информации о физическом развитии, состоянии здоровья спортсмена, в том числе функциональном состоянии и показателях его физической работоспособности в динамике.

      4. Программа углубленного медицинского осмотра зависит от контингента лиц, занимающихся физической культурой и спортом, этапа спортивной подготовки, спортивной специализации и осуществляется в соответствии с приложением к настоящим Правилам.

      5. С учетом спортивной специализации дополнительно у спортсменов:

      1) проводятся офтальмологические исследования: поля зрения, глазного дна, внутриглазного давления, угла полей зрения, циклоскопия;

      2) проводится аудиометрия: стрелков (пулевая стрельба, стендовая стрельба, стрельба из лука), биатлонистов, конкуристов, фехтовальщиков, легкоатлетов, пловцов, пятиборцев, единоборцев и тяжелоатлетов;

      3) по назначению спортивного врача проводятся:

      ультразвуковое обследование сосудов, мягких тканей и суставов, органов малого таза, щитовидной железы;

      электроэнцефалография с функциональными пробами, электронейромиография;

      электрокардиография (далее – ЭКГ) в ортостазе, ЭКГ с нагрузкой на беговой дорожке (велоэргометрия), суточное мониторирование ЭКГ (холтеровское мониторирование), суточное мониторирование артериального давления, проба с натуживанием у спортсменов тяжелоатлетов (проба Вальсальвы);

      рентгенография;

      компьютерная томография;

      магниторезонансная томография;

      дополнительные клинические лабораторные обследования.

      4) осуществляется дополнительный осмотр профильными специалистами по назначению врача по спортивной медицине (терапевта, педиатра и (или) врача общей практики): кардиолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, дерматолог, аллерголог, кардиохирург, нейрохирург, уролог и специалисты по профилю.

      6. Этапное медицинское обследование проводится врачом по спортивной медицине с целью определения уровня здоровья, физической работоспособности и подготовленности спортсменов после завершения определенного этапа подготовки к спортивным соревнованиям.

      Этапное медицинское обследование включает следующие обследования:

      1) осмотр врачом по спортивной медицине, по показаниям осмотр других профильных специалистов;

      2) лабораторные исследования биологических материалов;

      3) функционально-диагностические и антропометрические исследования:

      ЭКГ в покое;

      тестирование для определения субмаксимальной мощности PWC-170 (Physical Working Capacity – физическая работоспособность) или максимальной

      мощности (до отказа от работы), тестирование для определения максимальной алактатной мощности (далее – МАМ);

      антропометрия, анализ композиции состава тела.

      7. Текущее медицинское обследование и врачебно-педагогическое наблюдение проводятся с целью оперативного контроля за состоянием здоровья и динамикой адаптации организма спортсмена к тренировочным нагрузкам, индивидуализации и повышения эффективности процесса подготовки и восстановительных мероприятий и включают:

      1) осмотр спортсмена врачом по спортивной медицине, проведение функциональных проб для определения общей физической работоспособности на тренировочных занятиях согласно приложению к настоящим правилам;

      2) функциональные и лабораторные обследования спортсмена и осмотр профильных специалистов при наличии медицинских показаний.

      8. Комплексное функциональное тестирование проводится с целью оценки функционального состояния спортсмена во время специальных учебно-тренировочных сборов сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта).

      Комплексное функциональное тестирование включает следующие обследования:

      1) осмотр врачом по спортивной медицине (осмотр профильными специалистами по назначению врача по спортивной медицине);

      2) лабораторные исследования биологического материала;

      3) функционально-диагностические и антропометрические исследования:

      антропометрия, анализ композиции состава тела;

      плантоскопия;

      спирография;

      многомерный анализ позвоночника;

      ЭКГ;

      эхокардиография;

      нагрузочное кардиологическое тестирование;

      магнитнорезонансная томография суставов;

      оценка специальной выносливости с газоанализом и определением лактата;

      оценка скоростно-силовых показателей.

      Обследования для комплексного функционального тестирования спортсмена назначаются врачом по спортивной медицине по согласованию с главным тренером сборной команды Республики Казахстан по виду спорта (национальной сборной команды по виду спорта) в соответствии с видом спорта, цикличности тренировочных сборов и соревнований, а также с учетом индивидуальных особенностей каждого спортсмена.

      9. Предсоревновательное обследование спортсменов проводится врачом по спортивной медицине с целью определения истинных изменений здоровья и функциональной подготовленности спортсменов в процессе экстремальной деятельности, возможности допуска к участию в соревнованиях, назначение системы средств восстановления и повышения работоспособности.

Глава 3. Порядок проведения медицинского обследования спортсменов

      10. Углубленное медицинское обследование спортсменов проводится два раза в год в начале подготовительного периода и перед спортивными соревнованиями.

      11. Этапное медицинское обследование спортсменов проводится в зависимости от количества этапов подготовки в течение годичного цикла.

      12. Текущее медицинское обследование спортсменов и врачебно-педагогическое наблюдение осуществляются на протяжении всего календарного года.

      13. Комплексное функциональное тестирование спортсменов проводится не менее двух раз в год во время специальных учебно-тренировочных сборов сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта) по подготовке к международным и республиканским спортивным соревнованиям.

      14. Предсоревновательное обследование спортсменов проводится перед каждым спортивным соревнованием.

      15. По итогам углубленного медицинского обследования спортсменов для получения допуска к тренировочному процессу и участия в спортивных соревнованиях врачом по спортивной медицине составляется заключение (в произвольной форме), которое включает:

      1) оценку состояния здоровья и определение принадлежности к функциональной группе:

      здоров, занятия спортивной деятельностью возможны без ограничений;

      практически здоров с указанием диагноза, не ограничивающего физические нагрузки во время спортивной деятельности;

      указание диагноза, требующего лечения, отстранения от занятий спортом на время реабилитации;

      указание диагноза, ограничивающего физические нагрузки во время спортивной деятельности и требующего постоянного отстранения от занятий спортом;

      2) оценку физического развития (по антропометрическим данным и методом индексов);

      3) оценку адаптационных возможностей и функционального состояния (физическая работоспособность, функциональный резерв сердца, тип вегетативного обеспечения, ортостатическую устойчивость, скорость сенсомоторной реакции).

      16. По результатам углубленного, этапного, текущего, комплексного-функционального тестирования и предсоревновательного медицинских обследований спортсменов заполняется форма № 052/у "Медицинская карта амбулаторного пациента" (спортсмена), утвержденная приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579 (далее – приказ № ҚР ДСМ-175/2020).

      17. По результатам углубленного медицинского обследования для участия в спортивных мероприятиях выдается справка по форме № 027/у, утвержденной приказом № ҚР ДСМ-175/2020.

  Приложение к правилам
медицинского обследования
спортсменов для участия в
спортивных соревнованиях

Программа углубленного медицинского осмотра

Категория спортсменов

Кратность проведения

Врачи специалисты

Клинико-лабораторные и функционально-диагностические методы обследования

1.

Спортсмены, занимающиеся на этапе спортивно-оздоровительной подготовки

раз в год

Педиатр или терапевт (по возрасту),
врач общей практики,
травматолог-ортопед,
хирург, оториноларинголог,
стоматолог,
офтальмолог, невролог,
кардиолог,
врач по лечебной физкультуре,
врач по спортивной медицине

Клинический анализ крови (далее - ОАК),
клинический анализ мочи (далее - ОАМ),
антропометрия
электрокардиография (далее - ЭКГ),
эхокардиографическое исследование (далее - ЭХОКГ)

2.

Спортсмены, занимающиеся на этапе начальной подготовки

раз в полгода

Педиатр или терапевт (по возрасту),
врач общей практики,
травматолог-ортопед,
хирург, оториноларинголог,
стоматолог,
офтальмолог, невролог,
кардиолог,
врач по лечебной физкультуре,
врач по спортивной медицине

ОАК,
ОАМ,
антропометрия,
ЭКГ,
ЭХОКГ,
динамометрия ручная, становая (далее-динамометрия),
ультразвуковое исследование органов брюшной полости и почек (далее - УЗИ ОБП и почек),
флюорография или рентгенография легких (с 15 лет, не чаще 1 раза в год)
Функциональные пробы для определения общей физической работоспособности:
PWC-170 по Л.В. Карпману,
проба Мартине, Летунова,
Гарвардский степ-тест,
3-х минутный бег на месте с высоким подниманием бедра,
3-х минутный бой с тенью

3.

Спортсмены, занимающиеся на этапе учебно-тренировочной подготовки

раз в полгода

Травматолог-ортопед,
хирург, оториноларинголог,
офтальмолог, стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог,
кардиолог,
врач по спортивной медицине

ОАК,
биохимический анализ крови (общий белок, креатинин, мочевая кислота, глюкоза, холестерин общий, билирубин общий, билирубин прямой аланинаминотрансфераза (далее - АЛТ),
аспартатаминотрансфераза (далее - ACT),
креатинфосфокиназа
(далее - КФК), щелочная фосфатаза, фосфор, натрий, кальций, калий, магний, железо, кортизол, тестостерон, тиреотропный гормон (ТТГ), свободный Т4(FT4), ОАМ,
антропометрия,
ЭКГ,
ЭКГ с нагрузкой,
ЭХОКГ,
динамометрия,
УЗИ ОБП и почек,
спирография
флюорография или рентгенография легких (с 15 лет, не чаще 1 раза в год)
Функциональные пробы для определения общей физической работоспособности:
PWC-170 по Л.В. Карпману,
проба Мартине, Летунова,
Гарвардский степ-тест,
3-х минутный бег на месте с высоким подниманием бедра,
3-х минутный бой с тенью

4.

Спортсмены, занимающиеся на этапе спортивного совершенствования

раз в полгода

Травматолог-ортопед,
хирург, оториноларинголог,
офтальмолог, стоматолог, гинеколог,
уролог,
невролог,
кардиолог,
психолог,
врач по спортивной медицине

ОАК,
биохимический анализ крови (общий белок, креатинин, мочевая кислота, глюкоза, холестерин общий, холестерин липопротеидов высокой плотности (далее - ЛПВП), холестерин липопротеидов низкой плотности (далее - ЛПНП),билирубин общий, билирубин прямой, АЛТ,
ACT,
КФК,
креатинфосфокиназа -МВ (далее - КФК-МВ), щелочная фосфатаза, лактатдегидрогеназа (далее - ЛДГ), 1-ый изофермент ЛДГ; фосфор, натрий, кальций, калий, магний, железо, высокочувствительный С-реактивный белок (СРБ), ферритин; кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4).
Анализ крови на вирусные гепатиты, сифилис,
ОАМ,
антропометрия и анализ композиции состава тела,
ЭКГ,
ЭКГ с нагрузкой,
ЭХОКГ,
динамометрия,
УЗИ ОБП и почек,
спирография,
флюорография или рентгенография легких (с 15 лет, не чаще 1 раза в год). Тестирование физической работоспособности и толерантности к физической нагрузке:
ступенчатая велоэргометрия с проведением газоанализа для видов спорта, где могут лимитировать мышцы, доминирующие при педалировании велоэргометра;
ступенчатая ручная велоэргометрия с проведением газоанализа для видов спорта, где могут лимитировать мышцы туловища и рук, ступенчатое тестирование на беговой дорожке с проведением газоанализа для видов спорта, где присутствует бег;
тестирование максимальной алактатной мощности (МАМ) мышц, доминирующих при педалировании велоэргометра.
Исследование психоэмоционального статуса

5.

Спортсмены, занимающиеся на этапе высшего спортивного мастерства

раз в полгода

Травматолог-ортопед,
хирург, оториноларинголог,
офтальмолог, стоматолог,
гинеколог,
уролог,
невролог,
кардиолог,
психолог,
врач по спортивной медицине

ОАК,
биохимический анализ крови (общий белок, креатинин, мочевая кислота, глюкоза, холестерин общий, холестерин липопротеидов высокой плотности (ЛПВП), холестерин липопротеидов низкой плотности (ЛПНП),билирубин общий, билирубин прямой, АЛТ,
ACT,
КФК,
креатинфосфокиназа -МВ (КФК-МВ), щелочная фосфатаза, лактатдегидрогеназа (ЛДГ), 1-ый изофермент ЛДГ; фосфор, натрий, кальций, калий, магний, железо, высокочувствительный С-реактивный белок (СРБ), ферритин, кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4).
Анализ крови на вирусные гепатиты, сифилис,
ОАМ,
антропометрия и анализ композиции состава тела,
ЭКГ,
ЭКГ с нагрузкой,
ЭХОКГ,
динамометрия,
УЗИ ОБП и почек,
спирография,
флюорография или рентгенография легких (с 15 лет, не чаще 1 раза в год). Тестирование физической работоспособности и толерантности к физической нагрузке:
ступенчатая велоэргометрия с проведением газоанализа для видов спорта, где могут лимитировать мышцы, доминирующие при педалировании велоэргометра;
ступенчатая ручная велоэргометрия с проведением газоанализа для видов спорта, где могут лимитировать мышцы туловища и рук, ступенчатое тестирование на беговой дорожке с проведением газоанализа для видов спорта, где присутствует бег;
тестирование максимальной алактатной мощности (МАМ) мышц, доминирующих при педалировании велоэргометра.
Исследование психоэмоционального статуса

6.

Спортсмены национальных сборных команд Республики Казахстан по видам спорта

раз в полгода

Травматолог-ортопед,
хирург, оториноларинголог,
офтальмолог, стоматолог,
гинеколог,
уролог,
невролог,
кардиолог,
психолог,
врач по спортивной медицине

ОАК,
биохимический анализ крови (общий белок, креатинин, мочевая кислота, глюкоза, холестерин общий, холестерин липопротеидов высокой плотности (ЛПВП), холестерин липопротеидов низкой плотности (ЛПНП),билирубин общий, билирубин прямой, АЛТ,
ACT,
КФК,
креатинфосфокиназа -МВ (КФК-МВ), щелочная фосфатаза, лактатдегидрогеназа (ЛДГ), 1-ый изофермент ЛДГ; фосфор, натрий, кальций, калий, магний, железо, высокочувствительный С-реактивный белок (СРБ), ферритин, кортизол, тестостерон, ТТГ, FT4).
Анализ крови на вирусные гепатиты, сифилис,
ОАМ,
антропометрия и анализ композиции состава тела,
ЭКГ,
ЭКГ с нагрузкой,
ЭХОКГ,
динамометрия,
УЗИ ОБП и почек,
спирография,
флюорография или рентгенография легких (с 15 лет, не чаще 1 раза в год). Тестирование физической работоспособности и толерантности к физической нагрузке:
ступенчатая велоэргометрия с проведением газоанализа для видов спорта, где могут лимитировать мышцы, доминирующие при педалировании велоэргометра;
ступенчатая ручная велоэргометрия с проведением газоанализа для видов спорта, где могут лимитировать мышцы туловища и рук, ступенчатое тестирование на беговой дорожке с проведением газоанализа для видов спорта, где присутствует бег;
тестирование максимальной алактатной мощности (МАМ) мышц, доминирующих при педалировании велоэргометра.
Исследование психоэмоционального статуса

      Примечание: Программа углубленного медицинского осмотра для спортсменов-инвалидов меняется в зависимости от вида нарушения здоровья в части проведения функциональной диагностики, нагрузочных проб и специфики обследований у профильных специалистов.