Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-330/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21933 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 90-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
М. Шоранов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-330/2020 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы талаптарда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) алғашқы көмек – оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) медицина қызметкерлері келгенге дейін жүргізетін, шұғыл жағдайлар кезінде адамның өмірін құтқаруға және асқынулардың алдын алуға арналған жедел базалық іс-шаралар кешені;

      2) алғашқы көмек бойынша сертификатталған жаттықтырушы – алғашқы көмек пен базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша қосымша даярлықтан өткен адам;

      3) кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алған кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби білім беру нысаны;

      4) практикада оқыту – денсаулық сақтау ұйымдарында жаңа практикалық дағдыларды игеру және қолданыстағыларын жетілдіру;

      5) симуляциялық технологиялар – автоматты түрде қайталанатын іс-қимылдарды әзірлеуді, клиникалық және өзге де жағдайларды, оның ішінде нақты жағдайларға барынша жақындатылған кезек күттірмейтін жағдайларды модельдеуге негізделген барабар шешімдерді жедел қабылдауды қамтитын кадрларды оқытудың және дағдыларын бағалаудың қазіргі заманғы технологиялары.

2-тарау. Сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын талаптар

      3. Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды меншік нысанына қарамастан, мынадай талаптарға сәйкес келетін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – тренинг орталығы) жүзеге асырады:

      материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар:

      1) меншік құқығында не сенімгерлік басқару, жалға алу (жалдау) туралы шарттар бойынша бір білім алушыға 2,5 шаршы метр нормасы сақталған жағдайда оқу кабинеттерінің болуы;

      2) оқу кабинеттері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығмен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21464 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 23 қазанда жарияланған) сәйкес оқу бағдарламаларымен көзделген теориялық және клиникалық даярлықты өткізуді қамтамасыз ететін әр білім алушыға үстелдермен, арқалықтары бар орындықтармен, креслолармен, интернет желісіне қолжетімділігі бар баспа, аудио, бейне-материалдарды көрсетуге арналған компьютер жабдығымен және симуляциялық жабдықтармен жабдықталады;

      оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) оқу бағдарламасының болуы;

      2) бейінді электрондық дерекқорларға, кітапхана қорларына, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке қолжетімділіктің болуы;

      3) жаттықтырушыларды даярлау инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып жүргізіледі;

      4) практикалық сабақтар кемінде 80% көлемінде, оның ішінде симуляциялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

      4. Тренинг орталығында жоғары медициналық білімі бар және (немесе) алғашқы көмек көрсету бойынша білім беру бағдарламаларына сәйкес жаттықтырушыларды даярлауды іске асыратын халықаралық ұйымдарда азаматтарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін даярлықтан өткен кемінде екі штаттық қызметкер болуы қажет.

      5. Оқыту үшін бірлескен қызмет туралы шарт бойынша талаптардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тартуға жол беріледі.

      6. Оқыту симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, практикалық дағдыларды пысықтай отырып, проекциялық экранда презентациялық материалды көрсету арқылы интерактивті курс түрінде жүргізіледі, оның барысында білім алушылар қажетті теориялық даярлықпен қатар практикада имитациялайды және симуляциялық жабдықты және бір-бірін пайдалана отырып, әртүрлі жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмін пысықтайды.

      7. Оқыту үлестіру материалын бере отырып, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.

      8. Курс бағдарламасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және Кодекстің 90-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін Шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесіне сәйкес азаматтарды оқыту әдістемесін және алғашқы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын қамтиды.

      9. Сертификатталған жаттықтырушыларды даярлау Кодекстің 7-бабының 80) тармақшасына сәйкес бекітілетін қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес бағдарламалар бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      10. Оқытудың міндеті білікті медициналық көмек көрсетілгенге (жедел жәрдем көлігі келгенге) дейін немесе зардап шегуші медициналық ұйымға жеткізілгенге дейін зардап шегушінің өмірін сақтауға бағытталған дағдыларды пысықтау және білімді игеру болып табылады.

      11. Алғашқы көмек көрсету дағдыларына:

      1) экстремалдық жағдайда тәуекелдерді дұрыс бағалау және шешім қабылдау (жедел жәрдем шақыру, зардап шегушіні қауіпсіз жерге тасымалдау);

      2) организмнің өмірлік маңызды функцияларын тексеру және бас және омыртқа жарақаттарын қоса алғанда, зақымданулардың сипатын анықтау;

      3) зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды анықтау (есін жоғалту, тыныс алуының және жүрек қызметінің тоқтауы, қатты қан кету) және тиісті көмек көрсету;

      4) тұрмыста, демалыста, жұмыста, жолда, оқу және спортпен айналысу кезінде зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда алғашқы көмекті қолдану кіреді.

      12. Тренингтерде алғашқы көмек көрсетудің құқықтық аспектілері зерделенеді.

      13. Оқыту аяқталғаннан кейін материалды білуге емтихан өткізіледі және тиісті логотипі мен нөмірі бар бес жыл мерзімге осы талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі.

  Қазақстан Республикасының
азаматтарын алғашқы көмек
көрсету дағдыларына оқыту
үшін сертификатталған
жаттықтырушыларды даярлауды
жүзеге асыратын денсаулық
сақтау ұйымдарына қойылатын
талаптарына қосымша

      Нысан

      Біліктілігін арттырғаны туралы сертификат № _____

      Осы куәлік __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      ________________________________________________________ жанында

      (оқытқан ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___"____________ бастап "___" _______________ дейін

      ______________________________________________ мамандығы бойынша

      __________________________________________________ циклі бойынша

      _______ сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өткенін растайды

      _______________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә. (болған кезде), қолы)

      Мөрдің орны

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________

Об утверждении требований к организациям здравоохранения, осуществляющим подготовку сертифицированных тренеров для обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-330/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2020 года № 21933.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Требования к организациям здравоохранения, осуществляющим подготовку сертифицированных тренеров для обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи. 

      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения Республики Казахстан
М. Шоранов

  Приложение к приказу
Исполняющего обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 25 декабря 2020 года
№ ҚР ДСМ-330/2020

Требования к организациям здравоохранения, осуществляющим подготовку сертифицированных тренеров для обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи

Глава 1. Общие положения.

      1. Настоящие требования к организациям здравоохранения, осуществляющим подготовку сертифицированных тренеров для обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи (далее – требования) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс).

      2. В настоящих требованиях используются следующие определения.

      1) первая помощь – комплекс срочных базовых мероприятий для спасения жизни человека и предупреждения осложнений при экстренных состояниях, проводимых на месте происшествия самим пострадавшим (самопомощь) или другим лицом, находящимся поблизости (взаимопомощь), до прибытия медицинских работников;

      2) сертифицированный тренер по первой помощи – лицо, прошедшее дополнительную подготовку по первой помощи и базовой сердечно-легочной реанимации;

      3) повышение квалификации кадров – форма профессионального обучения, позволяющая поддерживать, расширять, углублять и совершенствовать ранее приобретенные профессиональные знания, умения и навыки;

      4) обучение на практике – приобретение новых и совершенствование имеющихся практических навыков в организациях здравоохранения;

      5) симуляционные технологии – современные технологии обучения и оценки навыков кадров, включающие выработку автоматически повторяемых действий, оперативное принятие адекватных решений, основанные на моделировании клинических и иных ситуаций, в том числе неотложных ситуаций, максимально приближенных к реальным ситуациям.

Глава 2. Требования к организациям здравоохранения, осуществляющим подготовку сертифицированных тренеров

      3. Подготовка сертифицированных тренеров для обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи осуществляется организациями здравоохранения независимо от форм собственности (далее – тренинг центр), соответствующие следующим требованиям:

      к материально-техническому обеспечению:

      1) наличие на праве собственности либо по договорам о доверительном управлении, аренды (найма) учебных кабинетов, при соблюдении нормы 2,5 квадратных метров на одного обучающегося;

      2) учебные кабинеты оборудуются столами, стульями со спинками, креслами на каждого обучающегося, компьютерным оборудованием для демонстрации печатных, аудио, видео-материалов, с доступом к сети Интернет, и симуляционными оборудованиями, согласно Правилам обучения граждан Республики Казахстан навыкам оказания первой помощи, а также перечня экстренных и неотложных состояний, при которых оказывается первая помощь, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 октября 2020 года № ҚР ДСМ-138/2020 (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан № 21464, опубликован в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 23 октября 2020 года), обеспечивающего проведение теоретической и клинической подготовки, предусмотренной учебными программами;

      к учебно-методическому обеспечению:

      1) наличие учебной программы;

      2) наличие доступа к профильным электронным базам данных, библиотечным фондам, учебно-методической и научной литературе;

      3) подготовка тренеров проводятся с использованием инновационных технологий и интерактивных методов обучения;

      4) практические занятия проводятся в объеме не менее 80%, в том числе с использованием симуляционных технологий.

      4. В тренинг центре необходимо наличие не менее двух штатных сотрудников, с высшим медицинским образованием и (или) прошедших подготовку для обучения граждан навыкам оказания первой помощи в Международных организациях, реализующих образовательные программы по подготовке тренеров по оказанию первой помощи.

      5. Для обучения допускается привлекать сотрудников организаций образования в области здравоохранения, соответствующих требованиям, указанным в пункте 4 требований, по договору о совместной деятельности

      6. Обучение проводится в виде интерактивного курса, посредством демонстрации презентационного материала на проекционном экране с отработкой практических навыков с использованием симуляционных технологий, в ходе которого обучающиеся помимо необходимой теоретической подготовки имитируют на практике и отрабатывают алгоритм действий в различных ситуациях, с использованием симуляционного оборудования и друг друга.

      7. Обучение проводится на казахском и (или) русском языках с выдачей раздаточного материала.

      8. Программа курса соответствует международным стандартам и включает методику преподавания гражданам и практические навыки оказания первой помощи в соответствии с Перечнем экстренных и неотложных состояний, утверждаемых в соответствии с пунктом 4 статьи 90 Кодекса.

      9. Подготовка сертифицированных тренеров осуществляется в рамках повышения квалификации кадров по программам в соответствии с квалификационными требованиями к организациям, реализующим программы дополнительного медицинского и фармацевтического образования, утверждаемыми в соответствии с подпунктом 80) статьи 7 Кодекса.

      10. Задачей обучения является отработка навыков и освоение знаний, направленных на сохранение жизни пострадавшего до оказания квалифицированной медицинской помощи (прибытия кареты скорой помощи) или доставки пострадавшего в медицинскую организацию.

      11. В навыки оказания первой помощи входит:

      1) правильная оценка рисков в экстремальной ситуации и принятие решения (вызов скорой помощи, транспортировка пострадавшего в безопасное место);

      2) проверка жизненно важных функций организма и определение характера повреждений, включая травмы головы и позвоночника;

      3) определение ситуации, угрожающей жизни пострадавшего (потеря сознания, остановка дыхания и сердечной деятельности, сильное кровотечение) и оказание соответствующей помощи;

      4) применение первой помощи в случае угрозы здоровью и жизни пострадавшего в быту, на отдыхе, на работе, в пути, во время учебы и занятий спортом.

      12. На тренингах изучаются юридические аспекты оказания первой помощи.

      13. По окончанию обучения проводится экзамен на знание материала и выдается сертификат по форме согласно приложению к настоящему требованию, сроком на пять лет с соответствующим логотипом и номером.

  Приложение к Требованиям к
организациям здравоохранения,
осуществляющим подготовку
сертифицированных тренеров
для обучения граждан
Республики Казахстан навыкам
оказания первой помощи

      Форма

      Сертификат о повышении квалификации № ______

      Настоящим удостоверяется, что ____________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      в том, что он(а) с "___" ________ по "___" ____________ 20 ___ года

      прошел(а) повышение квалификации по специальности ________________

      ________________________________________________________________

      по циклу ________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      в объеме ____________ часов

      в ______________________________________________________________

      (название обучающей организации)

      ________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись руководителя)

      Место для печати

      Дата выдачи "___" _______________ 20 ___ года