Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 128 қаулысына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 401 (27475) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтар алып тасталсын.
2. "Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесін, капиталының мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесінде, капиталының мөлшерінде:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.".
3. "Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14902 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кредиттің мөлшері банктің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген "Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерін, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен олардың лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысының (бұдан әрі - № 170 қаулы) талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталының өлшемінен 0,02 (нөль бүтін жүзден екі) пайызынан асатын;".
4. "Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 226 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17629 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта:
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қатысушының Шартта көзделген міндеттемелерін орындамауы анықталған жағдайда Қатысушыға анықталған бұзушылықтарды Заңның 13-4-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге;";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылады және Заңның 13-3-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайды.".
5. "Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18291 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) қағидаларында:
8-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) қызмет мерзімі ішінде банкте көзделген барлық қосымша төлемдер мен жеңілдіктердің күшін жоюды қоса алғанда, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлердің еңбекақысын қысқартуға қатысты шығыстарды оңтайландыруды жүргізеді;".
6. "Микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларында:
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемі өтеу кестесіне сәйкес есептелген, негізгі борыш бойынша төлемдер мен сыйақы сомасының айлармен көрсетілген осы микрокредит мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.".