"Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 678 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21948 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 678 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 705 бұйрығымен
бекітілген

Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар мыналарды:

      құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін (бұдан әрі – Мемлекеттік банк) қалыптастыру және жүргізу тәртібі;

      Мемлекеттік банктен техникалық-экономикалық негіздемелерді (бұдан әрі – ТЭН), үлгілік жобаларды (бұдан әрі – ҮЖ) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) ұсыну тәртібін айқындайды.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автор – жеке тұлға, сәулет туындысының авторы немесе шарт немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіз бойынша сәулет туындысын (қызметтік туындыны) пайдалануға айрықша құқық алған заңды тұлға;

      2) аккредиттелген сараптама ұйымы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) жеке инвестициялар – ТЭН және ЖСҚ әзірлеуге бағытталған жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік емес қаржы қаражаты;

      4) клиент – электрондық архивте бар ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ алуға Мемлекеттік банкке жүгінген жеке және заңды тұлға;

      5) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі – ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған жаңа объектілерді салуға ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ электрондық архиві;

      6) Мемлекеттік банктің операторы – Мемлекеттік банкті қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ Мемлекеттік банктен ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ беруді жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымы;

      7) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыратын, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну жөніндегі заңды тұлға;

      8) тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы ретінде әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ бойынша меншік иесі не олардың уәкілетті тұлғалары;

      9) электрондық архив – ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ электрондық құжаттарының жиынтығы;

      10) электрондық тізілім – ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ каталогы.

      4. Мемлекеттік банкті қалыптастыру мен жүргізудің мақсаты клиенттерге электрондық архивте бар ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ ұсыну болып табылады.

      5. Мемлекеттік банк қызметінің негізгі бағыттары:

      электрондық тізілімді қалыптастыру, жүргізу және жалпы қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ үнемі жаңартылып отыратын және толтырылатын электрондық архивін қалыптастыру және жүргізу;

      ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ ұсыну болып табылады.

      6. Мемлекеттік банктің клиенттері, тапсырыс берушілері, жоба авторы мен операторының өзара қарым-қатынасы "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыруға арналған бірыңғай портал (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік банкке енгізілетін техникалық-экономикалық негіздемелер, үлгілік жобалар және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалары

      7. Электрондық архивте мыналар сақталуы тиіс:

      ТЭН;

      үлгілік жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы;

      объектілердің жаңа құрылысы үшін ЖСҚ.

      Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы сараптамалық сүйемелдеу режимінде немесе кезең-кезеңімен әзірлеудің жеке жоспары бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және келісу кезінде Мемлекеттік банкке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттар ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысы берілгеннен кейін беріледі.

      8. Электрондық архивте мыналар сақталуға жатпайды:

      1) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысын алған жобалар;

      2) құпиялылық белгісі бар немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ;

      3) инвестициялардың негіздемелері;

      4) мыналар:

      қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру немесе күрделі жөндеу;

      құрылысы тоқтатыла тұрған басталған, бірақ аяқталмаған объектілерді консервациялау (консервациядан алу);

      құрылысы аяқталмаған бөлшектенетін объектілерді не өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату;

      тарих және мәдениет ескерткіштеріне заңнамалық түрде жатқызылған объектілерді реставрациялау;

      құрылыс компонентін қамтымайтын өзге де жобалар.

      9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген, мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен әзірленген және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ электрондық архивте сақтау үшін қосуға жатады.

      10. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген, жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобалар жобаға тапсырыс берушінің шешімі бойынша электрондық архивке тапсырылуға жатады. Бұл ретте, ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап, 3 (үш) жылдан аспайтын мерзім өтуі тиіс.

2-параграф. Мемлекеттік банкке енгізілетін техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қабылдау және тіркеу және электрондық тізілімді жүргізу тәртібі

      11. ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ тапсырыс беруші ұсынған, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған жобаларға авторлық құқықтарды реттеуге байланысты электрондық тізілімге және электрондық архивке енгізіледі.

      12. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жобалар бойынша "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді мерзімсіз және өтеусіз негізде жүзеге асыруға белгісіз және шектелмеген адамдар тобына рұқсат ететін мүліктік құқықтарды тапсырыс берушілер жобалардың авторларымен мұндай жобаларды әзірлеуге шарттар жасасу кезінде жазбаша түрде реттейді.

      Тапсырыс беруші Портал арқылы Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген құқықтарды регламенттейтін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авторлық шарт жобасына автордың қол қоюын қамтамасыз етеді.

      13. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген авторлық шарт жасалған ТЭН-ге, ҮЖ-ге және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгеннен кейін құжаттардың электрондық нұсқасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық архивке және электрондық тізілімге енгізу үшін Портал арқылы жіберіледі.

      Егер ведомстводан тыс кешенді сараптама процесінде авторлық шартқа қол қойылмаған жағдайда, ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ электрондық архивке енгізілмейді, бірақ жобаның деректері (атауы, қуаты, тапсырыс беруші, бас жобалаушы, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының нөмірі мен күні) "Жоба авторымен келісу жоқ" деген белгімен электрондық тізілімге енгізіледі.

      14. 10-тармақта көрсетілген жобалар Тапсырыс берушінің шешімі бойынша электрондық тізілімге және электрондық архивке:

      1) тапсырыс берушінің өтініші;

      2) портал операторы, жобаға тапсырыс беруші және жоба авторы (бас жобалаушы) арасында Портал арқылы 2-қосымшаға сәйкес жасалған шарт негізінде енгізіледі.

      15. Ұсынылатын құжаттардың құрамы мен жинақтылығы электрондық архивке енгізу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.

      Мемлекеттік және (немесе) аккредиттелген сараптама ұйымдары құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысын бергенге дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ жиынтығының электрондық нұсқасын олардың түпкілікті редакциясында қалыптастырады.

      ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ жобаның тиісті бөлімдеріне немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған олардың түпкілікті редакциясында Мемлекеттік банкке енгізілуге жатады.

3-тарау. Мемлекеттік банктен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру тәртібі

      16. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ интернет ресурстың барлық пайдаланушылары үшін жалпыға қолжетімді болып табылатын электрондық тізілімде көрсетіледі.

      17. Электрондық архивте сақталатын ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ нобайлық жобаларына қол жеткізу немесе ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ тапсыру үшін клиент Порталда пайдаланушы ретінде тіркеліп, Мемлекеттік банк операторы бекіткен ТЭН-мен, ҮЖ-мен және ЖСҚ-мен жұмыс тәртібі туралы келісімге қол қоюы қажет.

      18. ТЭН-мен, ҮЖ-мен және ЖСҚ-мен жұмыс істеу тәртібі туралы келісім тіркегеннен және оған қол қойылғаннан кейін клиентке жеке кабинетте "Жоба авторымен келісу жоқ" деген белгісі бар ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны қоспағанда, электрондық тізілімде тұрған жобалар бойынша нобайлық жобаларға қолжетімділік ашылады.

      19. Электрондық архивте сақталатын ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ жиынтығын алу үшін клиент өтініш беруі қажет, ол ЭЦҚ-мен куәландырылады және Порталдағы жеке кабинет арқылы жіберіледі.

      Өтініште электрондық тізілімдегі жобаның сатып алу мақсаты көрсетіледі.

      Электрондық архивте сақталатын ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ жиынтығын беру клиенттен өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Егер өтініште электрондық архивтегі тізілімдегі жобаның атауы мен сатып алу мақсаты көрсетілмесе, клиентке қол жеткізуден бас тартылады.

      20. "Жоба авторымен келісу жоқ" деген белгімен ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ таңдаған жағдайда клиент:

      ЭЦҚ-мен куәландырылатын және Порталдағы жеке кабинет арқылы Мемлекеттік банк операторына жіберілетін ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ алуға өтініш;

      ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авторлық шартқа қол қоюға өтінім жібереді, ол ЭЦҚ-мен куәландырылады және тапсырыс берушіге Порталдағы жеке кабинет арқылы жіберіледі.

      ТЭН, ҮЖ немесе ЖСҚ алуға арналған өтініште электрондық тізілімдегі жобаның сатып алу мақсаты көрсетіледі.

      Егер өтініште электрондық тізілімдегі жобаның сатып алу мақсаты көрсетілмесе, клиентке оны беруден бас тартылады.

      21. Клиент тек қана бір ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ бойынша құжаттаманы ұсыну туралы өтінішті жолдайды. Қайтадан өтінішті клиент тек алдыңғы сұрақ бойынша жауап пысықталған және портал операторынан жауап алынғаннан кейін ғана жіберіледі.

      22. Егер Мемлекеттік банк операторы, тапсырыс беруші мен жобаның авторы авторлық шартқа қол қоятын болса, онда Мемлекеттік банк операторы клиентті хабардар етеді және авторлық шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруді жүзеге асырады. Электрондық тізілімде "Жоба авторымен келісу жоқ" деген белгі алынып тасталады және жоба электрондық архивке қайта жіберіледі.

      23. Егер тапсырыс беруші және жобаның авторы 10 (он) жұмыс күні ішінде авторлық шартқа қол қоймаса, Мемлекеттік банк операторы 3 (үш) жұмыс күні ішінде клиентке ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ ұсынудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.

      24. Клиент сұраған ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ материалдарын беру оның Порталдағы жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

      25. Мемлекеттік банк операторы жарты жылда кемінде бір рет осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс беруші мен жоба авторы арасындағы авторлық шартқа қол қоюға "Жоба авторымен келісу жоқ" деген белгісі бар электрондық тізілімдегі жобаларға тапсырыс берушілерге өтінім жібереді.

      26. Мемлекеттік банктен клиенттерге, мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны беру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын клиенттерге мемлекеттік банк операторының құрылыс жобалары әрбір жобаны бөлек сатып алуға арналып жасалған шартқа сәйкес "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-1-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде ақылы негізде беріледі.

      27. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жобалар бойынша жобаның авторы Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді мерзімсіз және өтеусіз негізде жүзеге асыруға рұқсат беретін құқықтарды берген жағдайда, жобаның авторы электрондық архивте орналасқан ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны Мемлекеттік банкке өтеусіз негізде берілген құрылыс жобаларының санына тең алу құқығына ие болады.

      28. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жобаларды электрондық архивке енгізу үшін жіберген клиенттер Мемлекеттік банктен жасалған шартқа сәйкес Мемлекеттік банкке берілген құрылыс жобаларының санына тең құрылыс жобаларын ала алады.

      29. Электрондық архивтегі ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны тапсыру және сатып алу шарттары Портал арқылы электрондық-цифрлық нысанда жасалады, тараптардың уәкілетті өкілдерімен олардың ЭЦҚ-сымен шартқа қол қойылады.

      Жоғарыда көрсетілген шарттар жария болып табылады және Мемлекеттік банктің операторы клиентпен немесе тапсырыс берушімен жасасады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      30. Мемлекеттік банктен сатып алынған ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ пайдаланылған жағдайда, тиісті ақпарат әзірленген жаңа ТЭН және ЖСҚ кешенді ведомстводан тыс сараптамаға берген кезде көрсетіледі.

      Клиент берілген құжаттаманы ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ алу туралы өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес пайдаланады.

      31. Мемлекеттік банктен құрылыс жобасын алғаннан кейін ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ тапсырыс берушінің шешіміне сәйкес түзетуге, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік нормалар мен талаптарға сәйкес келтіруге жатады.

      32. Үлгілік жобалау құжаттамасын қоспағанда, ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін 3 (үш) жыл өткен соң Мемлекеттік банктен алып тастауға жатады.

      33. Мемлекеттік банктің операторы Мемлекеттік банктен берілген ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ мақсатсыз пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырмайды.

  Құрылыс жобаларының
мемлекеттік банкін
қалыптастыру мен жүргізу,
сондай-ақ техникалық-
экономикалық негіздемелерді,
үлгілік жобаларды және жобалау
(жобалау-сметалық)
құжаттамасын ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

Электрондық архивке енгізу үшін ұсынылатын құжаттардың құрамы мен жинақтылығы

      Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жаңа объектілердің құрылыс жобалары бойынша электрондық архивке енгізу үшін "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына және 63-бабының 1-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет:

      1) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы.

      2) жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу үшін ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар, атап айтқанда:

      тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма (ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ әзірлеу);

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарымен келісілген нобайлық жоба.

      3) жобаның тиісті бөлімдеріне немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілген және сараптаманың оң қорытындысын алған бөлімдер бойынша құжаттама.

      Сметалық бөлігі болған жағдайда:

      тапсырыс беруші бекіткен, прайс-парақтар бойынша жобада қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі, олар қоса беріледі және олардың бір өлшем бірлігі үшін бағасы көрсетіледі;

      Порталда электрондық-цифрлық нысанда, ЖСҚ құрамында жасалған, қазақстандық қамтуды ескере отырып, негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосі.

  Құрылыс жобаларының
мемлекеттік банкін
қалыптастыру мен жүргізу,
сондай-ақ техникалық-
экономикалық негіздемелерді,
үлгілік жобаларды және жобалау
(жобалау-сметалық)
құжаттамасын ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

Кез келген түрде және кез келген тәсілмен пайдалануға мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы авторлық шарт " "

      қ. " "                                                                   [күні] ж.

      Бұдан әрі "Автор" деп аталатын [тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)], бір тараптан [керегін жазу] негізінде әрекет ететін [тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)] атынан [керегін жазу], бір тараптан [кәсіпорынның атауы] бұдан әрі "Мемлекеттік банк операторы" деп аталатын, екінші тараптан [керегін жазу] негізінде әрекет ететін [лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)] атынан және [тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) немесе кәсіпорынның атауы] бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын атынан [лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)], негізінде әрекет ететін үшінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік банкте орналастыру мақсатында Автор және Тапсырыс беруші осы шартпен Мемлекеттік банктің операторына "_____" туындысын (бұдан әрі – Туынды) ұсынады.

      1.2. Автор Мемлекеттік банк операторына Туындыны белгісіз адамдар тобының кез келген нысанда және кез келген тәсілмен мынадай шарттарда пайдалануына мүліктік (айрықша) құқықтар береді:

      Туындыны пайдалануға мүліктік (айрықша) құқықтарды беру мерзімі – мерзімсіз.

      Авторға төленетін сыйақы ақысыз.

      Туындыны пайдалану құқығы берілетін адамдар тобы шектелмейді.

      Осы шартта Туындыны пайдалану деп Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген әрекеттерді туындыға қатысты адамдардың белгісіз және шектеусіз тобына жүзеге асыруға рұқсат ету түсініледі.

      1.2. Автор осы шарт бойынша ұсынылатын туындыға авторлық құқықтарының болуына кепілдік береді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Осы шарт бойынша Автор айқындалмаған және шектелмеген адамдар тобына туындыға қатысты Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат береді.

      2.3. Мемлекеттік банк операторының Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында белгіленген кез келген іс-қимылды жүзеге асыру арқылы объектіні салу мақсаттары үшін қайта шығару (құрылыста қайта қолдану), қайта жасау/қайта өңдеу (түзету) үшін айқындалмаған және шектелмеген адамдар тобына туынды беруге құқығы бар.

      2.4. Автор Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді мерзімсіз және өтеусіз негізде жүзеге асыруға рұқсат беретін құқықтарды берген жағдайда, Автор электрондық архивтегі ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны өтеусіз негізде Мемлекеттік банкке берілген құрылыс жобаларының санына тең алуға құқылы.

      2.5. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жобаларды ұсынған Тапсырыс берушілер Мемлекеттік банкке өтеусіз негізде ұсынылған құрылыс жобаларының санына тең электрондық архивтегі жобаларды алу құқығына ие болады.

3. Дауларды шешу

      3.1. Осы шарттың мәтінінде өз шешімін таппаған мәселелер бойынша тараптар арасында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер қолданылып жүрген заңдар мен іскерлік айналымның әдет-ғұрыптары негізінде келіссөздер жолымен шешілетін болады.

      3.2. Келіссөздер процесінде даулы мәселелер реттелмеген жағдайда, даулар қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен сотта шешіледі.

4. Шарттың қорытынды ережелері

      4.1. Осы шарт жасалған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.

      4.2. Осы шартта көзделмеген барлық қалған жағдайларда тараптар қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

5. Тараптардың деректемелері

"АВТОР"

"МЕМЛЕКЕТТІК БАНК ОПЕРАТОРЫ"

"ТАПСЫРЫС БЕРУШІ"

Атауы: ______________

Атауы: ______________

Атауы: _________________

Мекенжайы: _________

Мекенжайы: _________

Мекенжайы:_____________

ЖСН/БСН __________

БСН ________________

ЖСН/БСН_______________

Байланыс деректері:____________

Байланыс деректері:_____________

Байланыс деректері:_________________


О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 705 "Об утверждении Правил формирования Единого государственного электронного банка предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство объектов, финансируемых за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № 678. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2020 года № 21948

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 705 "Об утверждении Правил формирования Единого государственного электронного банка предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство объектов, финансируемых за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12422, опубликован 29 декабря 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил формирования и ведения государственного банка проектов строительства, а также предоставления технико-экономических обоснований, типовых проектов и проектной (проектно-сметной) документации";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и ведения государственного банка проектов строительства, а также предоставления технико-экономических обоснований, типовых проектов и проектной (проектно-сметной) документации.";

      Правила формирования Единого государственного электронного банка предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство объектов, финансируемых за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Б. Атамкулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 25 декабря 2020 года № 678
  Утверждены приказом
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 19 ноября 2015 года № 705

Правила формирования и ведения государственного банка проектов строительства, а также предоставления технико-экономических обоснований, типовых проектов и проектной (проектно-сметной) документации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и ведения государственного банка проектов строительства, а также предоставления технико-экономических обоснований, типовых проектов и проектной (проектно-сметной) документации (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6-4) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан".

      2. Правила определяют:

      порядок формирования и ведения государственного банка проектов строительства (далее – Государственный банк);

      порядок предоставления технико-экономических обоснований (далее – ТЭО), типовых проектов (далее – ТП) и проектной (проектно-сметной) документации (далее – ПСД) из Государственного банка.

      3. В Правилах используются следующие понятия:

      1) автор – физическое лицо, автор архитектурного произведения или юридическое лицо, получившее исключительное право на использование архитектурного произведения (служебное произведение) по договору или иному основанию, предусмотренному законами Республики Казахстан;

      2) аккредитованная экспертная организация – юридическое лицо, аккредитованное в порядке, установленном уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства, осуществляющее комплексную вневедомственную экспертизу проектов строительства объектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), не отнесенную законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности к государственной монополии;

      3) частные инвестиции – негосударственные финансовые средства физических или юридических лиц, направленные на разработку ТЭО и ПСД;

      4) клиент – физическое или юридическое лицо, обратившееся в Государственный банк за получением имеющихся в электронном архиве ТЭО, ТП и ПСД;

      5) государственный банк проектов строительства – электронный архив ТЭО, ТП и ПСД на строительство новых объектов, получивших положительное заключение комплексной вневедомственной экспертизы;

      6) оператор Государственного банка – государственная экспертная организация, осуществляющая формирование и ведение Государственного банка, а также предоставление из Государственного банка ТЭО, ТП и ПСД;

      7) государственная экспертная организация – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан в организационно-правовой форме республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения и осуществляющее отнесенную к государственной монополии деятельность по проведению комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства объектов (технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации), формированию и ведению государственного банка проектов строительства, а также предоставлению технико-экономических обоснований, типовых проектов и проектной (проектно-сметной) документации из государственного банка проектов строительства;

      8) заказчик – физическое или юридическое лицо, выступающее как инвестор проекта (программы), собственник либо их уполномоченные лица по ТЭО, ТП и ПСД, прошедшим комплексную вневедомственную экспертизу проектов строительства;

      9) электронный архив – хранилище совокупность электронных документов ТЭО, ТП и ПСД;

      10) электронный реестр – каталог ТЭО, ТП и ПСД.

      4. Целью формирования и ведения Государственного банка является предоставление клиентам имеющихся в электронном архиве ТЭО, ТП и ПСД.

      5. Основными направлениями функционирования Государственного банка являются:

      формирование, ведение и обеспечение общей доступности электронного реестра;

      формирование и ведение регулярно обновляемого и пополняемого электронного архива ТЭО, ТП и ПСД;

      предоставление ТЭО, ТП и ПСД.

      6. Взаимоотношения клиентов, заказчиков, автора проекта и оператора Государственного банка осуществляются посредством единого портала для организации проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства по принципу "одного окна" (далее - Портал).

Глава 2. Порядок формирования и ведения государственного банка проектов строительства

Параграф 1. Технико-экономические обоснования, типовые проекты и проектные (проектно-сметные) документации, включаемые в Государственный банк

      7. Подлежат хранению в электронном архиве:

      ТЭО;

      типовая проектная (проектно-сметная) документация;

      ПСД для нового строительства объектов.

      При проведении комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства в режиме экспертного сопровождения или по индивидуальному плану поэтапной разработки и согласования проектно-сметной документации на строительство отдельных объектов, требующих особого регулирования и (или) градостроительной регламентации в Государственный банк передаются документы согласно приложению 1 к настоящим Правилам, после выдачи сводного заключения комплексной вневедомственной экспертизы.

      8. Не подлежат хранению в электронном архиве:

      1) проекты получившие отрицательное заключение комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства;

      2) ТЭО, ТП и ПСД с грифом секретности или с пометкой "Для служебного пользования";

      3) обоснования инвестиций;

      4) проекты:

      реконструкции, расширения, модернизации, технического перевооружения или капитального ремонта существующих объектов;

      консервации (расконсервации) начатых, но незавершенных объектов, строительство которых было приостановлено;

      постутилизации демонтируемых незавершенных строительством объектов, либо объектов, выработавших свой ресурс;

      реставрации объектов, законодательно отнесенных к памятникам истории и культуры;

      иных проектов, не содержащих строительную составляющую.

      9. Включению для хранения в электронном архиве подлежат ТЭО, ТП и ПСД, указанные в пункте 7 настоящих Правил, разработанные за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора и получившие положительные заключения комплексной вневедомственной экспертизы.

      10. Проекты, указанные в пункте 7 настоящих Правил, финансируемые за счет частных инвестиций подлежат сдаче в электронный архив по решению заказчика проекта. При этом с момента получения заключения комплексной вневедомственной экспертизы по ТЭО, ТП и ПСД должно пройти не более 3 (трех) лет.

Параграф 2. Порядок приема и регистрации технико-экономических обоснований, типовых проектов и проектной (проектно-сметной) документации включаемых в Государственный банк и ведения электронного реестра

      11. ТЭО, ТП и ПСД включаются в электронный реестр и электронный архив в зависимости от урегулирования авторских прав на представленные заказчиком проекты, получившие положительное заключение комплексной вневедомственной экспертизы.

      12. Имущественные права, разрешающие неопределенному и неограниченному кругу лиц осуществление на бессрочной и безвозмездной основе действий, предусмотренных пунктами 2 и 4 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 10 июня 1996 года "Об авторском праве и смежных правах" (далее – Закон) по проектам, указанным в пункте 7 настоящих Правил, регулируются заказчиками с авторами проектов в письменном виде при заключении договоров на разработку таких проектов.

      Заказчик обеспечивает посредством Портала подписание автором проекта авторского договора по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, регламентирующего права предусмотренные пунктами 2 и 4 статьи 16 Закона.

      13. После выдачи положительного заключения комплексной вневедомственной экспертизы на ТЭО, ТП и ПСД, указанных в пункте 9 настоящих Правил, по которым заключен авторский договор, электронная версия документов в течение 5 (пяти) рабочих дней направляется для включения в электронный архив и электронный реестр, посредством Портала.

      В случае если в процессе комплексной вневедомственной экспертизы авторский договор не подписан, то ТЭО, ТП и ПСД не включаются в электронный архив, но данные проекта (наименование, мощность, заказчик, генпроектировщик, номер и дата положительного заключения комплексной вневедомственной экспертизы) включаются в электронный реестр с пометкой "Отсутствует согласование с автором проекта".

      14. Проекты, указанные в пункте 10 включаются в электронный реестр и электронный архив по решению Заказчика, на основании:

      1) заявление заказчика;

      2) договора, заключенного посредством Портала, между оператором портала, заказчиком проекта и автором проекта согласно приложения 2.

      15. Состав и комплектность документов, представляемых для включения в электронный архив указаны в приложении 1 к настоящим Правилам.

      Государственная и (или) аккредитованные экспертные организации до выдачи заключения комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства формируют электронную версию комплекта ТЭО, ТП и ПСД в их окончательной редакции, в соответствии с приложением 1 к настоящим Правилам.

      ТЭО, ТП и ПСД подлежат включению в Государственный банк в их окончательной редакции, удостоверенных электронно-цифровой подписью (далее - ЭЦП) экспертов, ответственных за соответствующие разделы или части проекта.

Глава 3. Порядок предоставления технико-экономических обоснований, типовых проектов и проектной (проектно-сметной) документации из Государственного банка

      16. ТЭО, ТП и ПСД, указанные в пункте 7 настоящих Правил, отражаются в электронном реестре, являющемся общедоступным для всех пользователей интернет ресурса.

      17. Для получения доступа к эскизным проектам ТЭО, ТП и ПСД, хранящихся в электронном архиве или сдачи ТЭО, ТП и ПСД клиенту необходимо зарегистрироваться на Портале в качестве пользователя и подписать соглашение о порядке работы с Порталом и с ТЭО, ТП и ПСД, утвержденное оператором Государственного банка.

      18. После регистрации и подписания соглашения о порядке работы с ТЭО, ТП и ПСД, клиенту в личном кабинете открывается доступ к эскизным проектам по проектам состоящим в электронном реестре, за исключеним ТЭО, ТП и ПСД с пометкой "Отсутствует согласование с автором проекта".

      19. Для получения комплекта ТЭО, ТП и ПСД, хранящемся в электронном архиве клиенту необходимо подать заявление, которое удостоверяется ЭЦП и направляется посредством личного кабинета на Портале.

      В заявлении указывается цель приобретения проекта, находящегося в электронном реестре.

      Выдача комплекта ТЭО, ТП и ПСД, хранящемся в электронном архиве осуществляется в течение 3 (трех) рабочих дней со дня регистрации заявления от клиента.

      Клиенту в доступе отказывается, в случае если в заявлении не указаны наименование и цель приобретения проекта, находящегося в электронном архиве.

      20. В случае выбора ТЭО, ТП и ПСД с пометкой "Отсутствует согласование с автором проекта" клиент направляет:

      заявление на получение ТЭО, ТП и ПСД, которое удостоверяется ЭЦП и направляется оператору государственного банка посредством личного кабинета на Портале;

      заявку на подписание авторского договора по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, для получения ТЭО, ТП и ПСД, которое удостоверяется ЭЦП и направляется заказчику посредством личного кабинета на Портале.

      В заявлении на получение ТЭО, ТП или ПСД указывается цель приобретения проекта, находящегося в электронном реестре.

      Клиенту в выдачи отказывается, в случае если в заявлении не указаны цель приобретения проекта, находящегося в электронном реестре.

      21. Клиент направляет заявление о предоставлении документации только по одному ТЭО, ТП или ПСД. Повторное заявление направляется клиентом только после обработки и получения ответа от оператора портала по предыдущему запросу.

      22. В случае если оператором государственного банка, заказчиком и автором проекта авторский договор подписывается, то оператор Государственного банка уведомляет клиента и осуществляет выдачу в течение 3 (трех) рабочих дней со дня подписания авторского договора. В электронном реестре пометка "Отсутствует согласование с автором проекта" снимается и проект перенаправляется в электронный архив.

      23. В случае если заказчиком и автором проекта в течение 10 (десяти) рабочих дней авторский договор не подписывается, оператор Государственного банка в течение 3 (трех) рабочих дней, уведомляет клиента о невозможности предоставления ТЭО, ТП и ПСД.

      24. Выдача материалов, запрашиваемого клиентом ТЭО, ТП и ПСД, осуществляется посредством его личного кабинета на Портале.

      25. Оператор Государственного банка не менее одного раза в полгода направляет заявку заказчикам проектов, находящимся в электронном реестре с пометкой "Отсутствует согласование с автором проекта" к подписанию авторского договора между заказчиком и автором проекта по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      26. Предоставление ТЭО, ТП и ПСД из Государственного банка клиентам, государственным учреждениям и субъектам квазигосударственного сектора, осуществляется на безвозмездной основе.

      Клиентам, не являющимся государственными учреждениями и субъектами квазигосударственного сектора, проекты строительства оператором Государственного банка предоставляются на платной основе в размере, определяемом в соответствии с пунктом 3 статьи 63-1 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", в соответствии с договором, заключаемом на приобретение каждого проекта отдельно.

      27. По проектам, указанным в пункте 7 настоящих Правил, в случае предоставления автором проекта прав, разрешающих осуществление на бессрочной и безвозмездной основе действий, предусмотренных пунктами 2 и 4 статьи 16 Закона, автор проекта обладает правом получения ТЭО, ТП и ПСД находящимся в электронном архиве равным количеству предоставленных проектов строительства в Государственный банк на безвозмездной основе.

      28. Заказчики, которые направили проекты, указанные в пункте 10 настоящих Правил, для включения в электронный архив могут получить проекты строительства из Государственного банка равным количеству предоставленных проектов строительства в Государственный банк, в соответствии с заключенным договором.

      29. Договора сдачи и приобретения ТЭО, ТП и ПСД, находящихся в электронном архиве заключаются посредством Портала в электронно-цифровой форме, с подписанием договора с уполномоченными представителями сторон их ЭЦП.

      Вышеуказанные договора являются публичными и заключаются оператором Государственного банка с клиентом или заказчиком.

Глава 4. Заключительные положения

      30. В случае использования ТЭО, ТП и ПСД, приобретенных в Государственном банке, соответствующая информация указывается при подаче на комплексную вневедомственную экспертизу новых разработанных ТЭО и ПСД.

      Клиент использует предоставленную документацию, в соответствии с целью указанной в заявлении о получении ТЭО, ТП и ПСД.

      31. После получения проекта строительства из Государственного банка ТЭО, ТП и ПСД подлежит корректировке в соответствии с решением заказчика, а также приведению в соответствие с действующими государственными нормами и требованиями.

      32. По истечении 3 (трех) лет после получения положительного заключения комплексной вневедомственной экспертизы ТЭО, ТП и ПСД подлежат исключению из Государственного банка, за исключением типовой проектной документации.

      33. Оператор Государственного банка не осуществляет мониторинг за нецелевым использованием ТЭО, ТП и ПСД, предоставленных из Государственного банка.

  Приложение 1
к Правилам формирования
и ведения государственного
банка проектов строительства,
а также предоставления
технико-экономических
обоснований, типовых проектов
и проектной (проектно-сметной)
документации

Состав и комплектность документов, представляемых для включения в электронный архив

      По проектам строительства новых объектов, указанных в пункте 7 настоящих Правил для включения в электронный архив необходимо представлять документы, в соответствии с пунктом 4 статьи 60 и пунктом 1 статьи 63 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности":

      1) положительное заключение комплексной вневедомственной экспертизы;

      2) исходные документы, являющиеся основанием для разработки ТЭО, ТП и ПСД для строительства новых зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций, а именно:

      утвержденное заказчиком задание на проектирование (разработку ТЭО, ТП и ПСД);

      эскизный проект, согласованный с органами архитектуры, градостроительства и строительства.

      3) документация по разделам, прошедшим комплексную вневедомственную экспертизу и получившим положительное заключение экспертизы, удостоверенных ЭЦП экспертов, ответственных за соответствующие разделы или части проекта.

      В случае наличия сметной части:

      утвержденный заказчиком перечень материалов, изделий, конструкций, инженерного и технологического оборудования, иных материальных ресурсов, применяемых в проекте по прайс-листам с их приложением и указанием цены за одну единицу их измерения;

      сводная ведомость потребности основных строительных материалов, изделий, конструкций и оборудования, с учетом казахстанского содержания, составленная на Портале в электронно-цифровой форме, в составе ПСД.

  Приложение 2
к Правилам формирования
и ведения государственного
банка проектов строительства,
а также предоставления
технико-экономических
обоснований, типовых проектов
и проектной (проектно-сметной)
документации

Авторский договор
о передаче имущественных (исключительных) прав на использование " " в любой форме и любым способом

г. " "

[дата] г.

      [Фамилия, имя, отчество (при его наличии)], именуемый(ая) в дальнейшем "Автор", в лице [фамилия, имя, отчество (при его наличии)],
действующего на основании [вписать нужное], с одной стороны, [наименование предприятия] именуемый(ая) в дальнейшем
"Оператор государственного банка", в лице [должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии)], действующего на основании
[вписать нужное], с другой стороны, и [фамилия, имя, отчество (при его наличии) или наименование предприятия] именуемый(ая)
в дальнейшем "Заказчик", в лице [должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии)], действующего на основании
[вписать нужное], с третьей стороны заключили настоящий договор о нижеследующем:

1. Предмет договора

      1.1. Автор и Заказчик настоящим договором предоставляют произведение "_________" (далее – Произведение)
Оператору государственного банка с целью размещения в Государственном банке, в соответствии с настоящими Правилами.

      1.2. Автор предоставляет Оператору государственного банка имущественные (исключительные) права на использование Произведения неопределенным кругом лиц в любой форме и любым способом на следующих условиях:

      Срок предоставления имущественных (исключительных) прав на использование Произведения – бессрочно.

      Вознаграждение, уплачиваемое Автору – безвозмездно.

      Круг лиц, которому представляется право использования Произведения – не ограничено.

      Под использованием Произведения в настоящем договоре понимается разрешение на осуществление в отношении Произведения действий, предусмотренных пунктами 2 и 4 статьи 16 Закона неопределенному и неограниченному кругу лиц.

      1.3. Автор гарантирует наличие у него предоставляемых по настоящему договору авторских прав на Произведение.

2. Права и обязанности сторон

      2.1. По настоящему договору Автор предоставляет неопределенному и неограниченному кругу лиц разрешение
на осуществление в отношении произведения действий, предусмотренных пунктами 2 и 4 статьи 16 Закона.

      2.3. Оператор государственного банка путем осуществления любых действий, установленных пунктами 2 и 4
статьи 16 Закона имеет право предоставления Произведения неопределенному и неограниченному кругу лиц
для воспроизведения (повторного применения в строительстве), переделывания/переработки (корректировки)
для целей строительства объекта.

      2.4. В случае предоставления Автором прав, разрешающих осуществление на бессрочной и безвозмездной
основе действий, предусмотренных пунктами 2 и 4 статьи 16 Закона, Автор обладает правом получения ТЭО, ТП
и ПСД находящимся в электронном архиве равным количеству предоставленных проектов строительства
в Государственный банк на безвозмездной основе.

      2.5. Заказчики предоставившие проекты в соответствии с пунктом 10 настоящих Правил, обладают правом получения проектов находящихся в электронном архиве равным количеству предоставленных проектов строительства в Государственный банк на безвозмездной основе.

3. Разрешение споров

      3.1. Все споры и разногласия, которые могут возникнуть между сторонами по вопросам, не нашедшим своего
разрешения в тексте данного договора, будут разрешаться путем переговоров на основе действующего законодательства
и обычаев делового оборота.

      3.2. При неурегулировании в процессе переговоров спорных вопросов, споры разрешаются в суде в порядке,
установленном действующим законодательством.

4. Заключительные положения договора

      4.1. Настоящий договор вступает в силу с момента заключения и действует бессрочно.

      4.2. Во всем остальном, что не предусмотрено настоящим договором, стороны руководствуются действующим законодательством.

5. Реквизиты сторон:

"АВТОР"

"ОПЕРАТОР ГОСУДАРСТВЕННОГО БАНКА"

 
"ЗАКАЗЧИК"

Наименование: __________

Наименование: _________

Наименование: ______

Адрес: _________________

Адрес: ________________

Адрес: _____________

ИИН/БИН ______________

БИН _________________

ИИН/БИН __________

Контакты:_______________

Контакты:______________

Контакты:___________