"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 30 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" стана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 362/45-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1212 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | С. Батпенов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | М. Шайдаров |