"Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 30 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 362/45-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 516/68-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 шiлдеде № 1278 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 30 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" стана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 362/45-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1212 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы С. Батпенов
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы М. Шайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады