Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2018 жылғы 29 маусымдағы № А-7/279 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6742 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "448,8128" сандары "448,8325" сандарына ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Шортанды ауданы" бөлімінде "31,8358" сандары "31,8555" сандарына ауыстырылсын;
"БАРЛЫҒЫ" жолында "448,8128" сандары "448,8325" сандарына ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К.Әбдіхалықовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржикпаев |