Ақмола облысы әкімдігінің "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2018 жылғы 29 маусымдағы № А-7/279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № А-2/53 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 ақпанда № 7673 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2018 жылғы 29 маусымдағы № А-7/279 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6742 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "448,8128" сандары "448,8325" сандарына ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      "Шортанды ауданы" бөлімінде "31,8358" сандары "31,8555" сандарына ауыстырылсын;

      "БАРЛЫҒЫ" жолында "448,8128" сандары "448,8325" сандарына ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К.Әбдіхалықовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржикпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады