"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығына, "Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-р өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 70-р өкіміне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін келесі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1% (алты бүтін оннан бір пайыз);
қарыз мерзімі – 12 (он екі) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен;
2) көлемі – 32 480 000 000 (отыз екі миллиард төрт жүз сексен миллион) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |