"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі:
келесі мазмұндағы "Біржан сал ауданы" бөлімімен толықтырылсын:
"
Біржан сал ауданы | ||
56 | "Степняк – Үлгі" | ауданішілік |
". |
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы, Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
А.Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі |