Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 "Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 6С-47-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 тамызда № 7995 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі:

      келесі мазмұндағы "Біржан сал ауданы" бөлімімен толықтырылсын:

      "

Біржан сал ауданы

56

"Степняк – Үлгі"

ауданішілік

  ".

      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы,
Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
А.Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады