Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8277 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық
мәслихатының сессия
төрағасы
Б.Бегалин
      Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Ж.Абишев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының әкімдігі


  Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ С-49/6 шешіміне қосымша

Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. 1 (бір) миллион теңге әлеуметтік көмек ретінде.

      2. 1 (бір) миллион теңге бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде.

Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      1. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 07.10.2022 № С-22/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

      3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.01.2023 № С-26/7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.01.2023 № С-26/7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 24 декабря 2020 года № С-49/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 30 декабря 2020 года № 8277.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 Правил предоставления жилищных сертификатов, утвержденных приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2019 года № 417 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18883) Кокшетауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Кокшетауского городского
маслихата
Б.Бегалин
      Секретарь Кокшетауского
городского маслихата
Ж.Абишев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Акимат города Кокшетау


  Приложение к решению
Кокшетауского городского
маслихата от 24 декабря
2020 года № С-49/6

Размер жилищных сертификатов в городе Кокшетау

      1. 1 (один) миллион тенге как социальная помощь.

      2. 1 (один) миллион тенге как социальная поддержка в виде бюджетного кредита.

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау

      1. Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 07.10.2022 № С-22/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи.

      3. Лица с инвалидностью первой и второй групп.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 16.01.2023 № С-26/7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения срочной воинской службы.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 16.01.2023 № С-26/7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).