Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы | Р.Калишев |