Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарасай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Пайдалы қазбаларды барлау жүргізу мақсатында Ақкөл ауданы, Қарасай ауылдық округінің елді мекендерінде орналасқан жалпы алаңы 225 гектар "CREADA CORPORATION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін алып қоймастан мерзімі алты (6) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Пайдалы қазбаларды барлау жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "CREADA CORPORATION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ю.Зейб |