Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8274 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарасай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Пайдалы қазбаларды барлау жүргізу мақсатында Ақкөл ауданы, Қарасай ауылдық округінің елді мекендерінде орналасқан жалпы алаңы 225 гектар "CREADA CORPORATION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін алып қоймастан мерзімі алты (6) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Пайдалы қазбаларды барлау жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "CREADA CORPORATION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Ю.Зейб

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады