Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 7581 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі | А.Калжанов |