Атбасар ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 15 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 маусымда № 7884 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 7581 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Калжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады