Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 7581 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 09.06.2020 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Атбасар ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс жедел отырысының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 13 хаттамасының негізінде, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданы Атбасар қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Қамбатыров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2019 жылдың 22 қарашасынан бастап туындаған құқықтык қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Калжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады