Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 28 қазандағы № 01-16-357 ұсынуы бойынша, Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан ауданы Колутон ауылдық округінің Колутон станциясы аумағында құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8041 болып тіркелген, 2020 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Колутон ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Ж.Асылбекова |