Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 8041 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің 30.10.2020 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 01 - 16 - 306 ұсынуы бойынша, Колутон ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Астрахан ауданы Колутон ауылдық округінің Колутон станциясы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Колутон ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Е.Дзюбенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады