"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С12-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5892 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл аудандық мәслихат сессиясының төрағысы |
Л.Шевцова |
Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Абилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Егіндікөл ауданының әкімдігі |