Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С 12-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 сәуірде № 5892 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 6С44-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 6С44-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Садыбеков
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының әкімі Н.Төлепов

      2017 жылғы 30 наурыз

  Егіндікөл аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 6С12-4 шешіміне
қосымша

Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган "Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталды, ол отбасының (азаматтың) жиынтық табысын қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

      2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоннеттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      3. Жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға белгіленген көлемінің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Егіндікөл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.

      5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары, келесілерді қоспағанда есепке алынады:

      отбасылардың (азаматтардың) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үй (пәтер, үйжай) немесе жалға берген (қосымша жалға берген) тұрғын үйлері болса.

      7. Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін жылу беру шығындары жоспарлық есеппен алынып, нақты төлем жасалғаннан кейін қайта есептеледі.

      8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу "Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      9. Тұрғын үй көмегі, тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын, жалға алушылармен (тұрғын үйді жалға алу шарты болған кезде) коммуналдық қызметтерге және қатты отынды сатып алу шығыстарын өтеу бойынша жергілікті жылытумен жеке үй құрылыстарында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      10. Жергілікті жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы өтініш беру тоқсанында отбасыға (азаматқа), жылу беру маусымына бес тонна деп белгіленсін. 1 шаршы метрге шығын айына 20,83 килограмм мөлшерінде есептеледі. Статистикалық мәліметке сәйкес өткен тоқсанда қалыптасқан көмірдің орташа бағасы алынады.

      11. Электр энергиясын, суық суды тұтыну шығындары алдынғы тоқсандағы нақты шығындары бойынша төленеді.

      12. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады