Егіндікөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С12-4 "Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 6С44-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 наурызда № 7714 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С12-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5892 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрағысы
Л.Шевцова
      Егіндікөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады