"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Егіндікөл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5424 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 маусымда жарияланған) шешімі;
2) "Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5565 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қазанда жарияланған) Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қыркүйектегі № 6С7-4 шешімі.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егінідкөл аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
К.Ошакбаев |
Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Абилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Егіндікөл ауданының әкімдігі |