Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 "Егіндікөл ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С 7-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қазанда № 5565 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы № 6С49-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 26.08.2020 № 6С49-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5424 тіркелген, 2016 жылғы 18 шілдеде аудандық "Алтын астық" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында 2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1) Егіндікөл ауылы, Жамбыл көшесі бойымен орталық алаңға дейін;".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Абилов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданының әкімі Н.Төлепов

      2016 жылғы 16 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады