Егіндікөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы № 6С49-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 7999 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Егіндікөл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5424 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 маусымда жарияланған) шешімі;

      2) "Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5565 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қазанда жарияланған) Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қыркүйектегі № 6С7-4 шешімі.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егінідкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
К.Ошакбаев
      Егіндікөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады