Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Астана-Өріс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2025 жылдың 22 шілдесіне дейінгі мерзімге Ерейментау ауданы Сілеті ауылының әкімшілік шекараларында пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін жалпы алаңы 1225,8 гектар жер учаскелеріне, оның ішінде 589,9 гектар ауданның босалқы жерлерінен мұндай жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай және 635,9 гектар жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жерлерден жер учаскелерін алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Астана-Өріс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Н. Ыбыраевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі | А.Альжанов |