Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № а-8/233 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 тамызда № 7991 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Астана-Өріс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2025 жылдың 22 шілдесіне дейінгі мерзімге Ерейментау ауданы Сілеті ауылының әкімшілік шекараларында пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін жалпы алаңы 1225,8 гектар жер учаскелеріне, оның ішінде 589,9 гектар ауданның босалқы жерлерінен мұндай жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай және 635,9 гектар жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жерлерден жер учаскелерін алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Астана-Өріс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Н. Ыбыраевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі А.Альжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады