Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің 25.11.2020 № 7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 қазандағы № 01-29-484 ұсынуы бойынша, Тайбай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасан жұқпалы ауруының пайда болуына байланысты, Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округінің Елтай ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Т.Карибжанов |